Сабақтың тақырыбы: Алтындап, күмістеп тігу

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


15.04.2015ж.

7 а,ә,б,в,г,д сынып

Технология


Кошбаева Жанна


Сабақ тақырыбы:

Алтындап,күмістеп тігу.

Сабақтың мақсаты:

Халқымыздың қолөнері, көркем тігістері туралы ұғымды қалыптастыру, тігіс түрлерін тігіп үйрену.

Сілтеме:

1. Оқулық .

2.Мұғалімге арналған нұсқаулық.

3.Мұғалімге арналған сайттар

Оқыту нәтижелері:

Көркем тігістер туралы толық мағұлматты өз беттерінше тігіс түрлерін тігу арқылы меңгереді.

Жаңа тақырып жөнінде түсінік қалыптасады.

Топпен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.

Негізгі идеялар:

Қолөнері- кестеде. Сөз өнері- өлеңде. Теориялдық білімін іс жүзінде қолдана білуге,өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтауға .дағдыландыру.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Мата, ине,түрлі-түсті жіптер, қайшы, кергіш, оймақ т .б.

Қамтылатын модульдер

Оқытудағы жаңа тәсілдер(диалогтық әңгіме), сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар беру, талантты және дарынды балаларды оқыту, көшбасшылық, бағалау.

Оқыту әдістері:

Топтастыру стратегиясы

Сарамандық жұмыс

Орындалатын тапсырмалар:

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Уақыты

Оқушының әрекеті

І.Ұйымдастыру

а) Амандасу

ә) Сынып оқушыларын түгендеу

б) Сынып оқушыларын санамақ арқылы топтастыру

3 минут


Сергіту сәтін орындай отырып, оқушылар үш топқа бірігіп топтасып отырады.

Жіпті инеге ілемін, Өрнектеп кесте тігемін. Жақсы көрем еңбекті, Қызықты болып өтемін.

ІІ.Үй тапсырмасы

Сұрақ-жауап

5 минут

1.Біз кестенің неше түрі бар?

2.Шым кестенің тігілу тәсілі?

3.Әредік кестенің тігілу тәсілі?

4.Айқас кестенің тігілу тәсілі?

ІІІ. Жаңа сабақ

Түсіндіру,көрсету

5 минут



Кесте - сәндік қол өнерінің бір түрі.

Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте т.б. түрлері белгілі. Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін көбінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы маталар пайдаланылады. Мұндай тігістерге өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек сулары (зер) пайдаланылады. Алтындап тігуде, көбінесе, бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады.

1. Кесте тігуге қажетті құрал-жабдықтарды ата.

Мата

Оймақ

Ине

Кергіш

Қайшы

Жіп



Құрал-саймандар




2. Кестелеудің технологиясын ата.

Кестелеу технологиясы

Мата таңдау

Тазалау

Сурет таңдау

Тігу

Кергішті керу

Матаға сурет түсіру










ІV .Сарамандық жұмыс

25 минут

Сарамандық жұмыс кезінде мынаған басты назар аударылады.

1.Тігістің әдемілігі.

2.Түстің үйлесімділігі.

3.Кергіштің дұрыс орналасуын қадағалау.

4.Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Тапсырма:

Әр топ өз қалауынша мата бетіне сурет түсіріп, сол суретті көркем тігістермен тігу.

І топ: Айқас тігіс

ІІ топ: Тамбурлы тігіс

ІІІ топ: Алтындап,күмістеп әшекейлеп тігу

V. Рефлексия

3 минут

Кері байланыс сабақтан алған әсерін мен білімдері туралы қысқаша ойын,пікірін жазады.

VІ. Бағалау

2 минут

Топтар арасындағы бағалау. Критериалды бағалау.

VІІ. Үй жұмысы

2 минут

Жұмысты аяқтау



© 2010-2022