Разработка урок на тему «Бейненің пішіміне байланысты. » «Балықтар. »

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Елек орта мектебі















Ашык сабақ тақырыбы:

«Бейненің пішіміне байланысты.»

«Балықтар.»

2 «а» класс









Өткізген: Шакеева А.К.

2015-2016 оқу жылы

Класс: 2 «а»

Сабақтың тақырыбы: «Бейненің пішіміне байланысты.» «Балықтар.»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Оқушылардың балық түрлерін білу, балықты қорғау туралы түсінік беру, білімдерін арттыру.

ә) дамытушылығы: Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін, зейінін, шығармашылығын дамыту.

б) тәрбиелігі: Оқушылардың экологиялық тәрбие беру, ізденімпаздыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты таныстыру

Сабақтың түрі: Іскерлік ойын сабағы

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, бүктеме, карта, глобус, слайдтар.

Пән аралық байланыс: жаратылыс тану.

Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу

ә) оқу - құралын тексеру

б) үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың барысы:

Класты үш топқа бөлу. Топтарға ат беру.

Жаңа сабақ :Табиғат пен адам өміріне ең қажетті зат не балалар? Кім айтады? Дұрыс ол ауа мен су екен. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз суға байланысты болады.Сусыз адамның да табиғаттың да тіршілігі болмайды.

Суда нелер тіршілік етеді? Балықтар дұрыс.Теңіз әлемінде түрлі балықтар мекен етеді. Олар түрлі түсті болып келеді.Сол түрлі балықты өзімізде көрмесек теледидардан көріп жүрміз.

(әр топқа боялмай бөлшектеп тастаған балық суреттері беріледі)

Балалар сендерге бөлшектеп тастаған сурет беріледі. Осы суретті тез арада құрастырып бояп шығуларың керек.Нәтижесін тақтаға ілеміз.

Разработка урок на тему«Бейненің пішіміне байланысты.» «Балықтар.»Разработка урок на тему«Бейненің пішіміне байланысты.» «Балықтар.»Разработка урок на тему«Бейненің пішіміне байланысты.» «Балықтар.»

(слайттар көрсету)

Сарамандық жұмыс: Балалар су асты қандай түс гаммасынан құралады?

(көк,ақшыл көк,жасыл, қоңыр. т.б.) Бұл түстер суық түстерге жатады.

Альбомға балық суретін салыңдар.

Оқушылар қазір «Қай балықтың тәжі» атты ойынын ойнап жібереік.

(тақтаға тәж киілген бес балықтың суреті ілінеді .Бес сикунттан кеиін ол суретті жауып тастаймын.Оқушылар қай балықтың тәжі қандай түс екендігін айтып беру керек.

Сабақты қортындылау:

(Балықтың әр бөлігіндегі сұрақтарға жауап беру.)

1. Балық немен тыныс алады?

2. Балықтың жұмыртқасын қалай атаймыз?

3. Балықтар қайда тіршілік етеді?

4. Уылдырықтан пайда болған жас балық не деп аталады?

5. Балық түрлерін атап бер.

6. Балық ненің көмегімен жүзеді?

(Не ұнады. Не ұнамады.)

Оқушылардың салған суреттерін талдап шығу.

Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы: Класта салынған суретін үйде аяқтап келу.





© 2010-2022