Тақырыбы: Құрақ құрау (8 класс)

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Тақырыбы: Құрақ құрау (8 класс)

№ 9 жалпы білім беру орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Куянбаева Кумуш Айдарбаевна

8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау.

Білімділк мақсаты: Құрақ үлгілерін сызып, бояудың әдіс- тәсілдерін меңгерту, алған білімдерін, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың теориалық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен көрсетуге ықпал ету, өздіктерінен жұмыс істеу, ой-өрісін дамыту, жеке және топтық жұмыста шапшаңдықпен ұқыптылыққа машықтандыру.

Тәрбиелік мақсаты: Өз халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге, ұлттың ерекшеліктерін түсінуге, елін, жерін, Отакнын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтын әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Сурет, тарих, сызу, математика, геометрия.

Сабақтың құрал- жабдықтары: қайшы, желім, сызғыш, бояулар, қарындаш, өшіргіш, турлі-түст, қарындаш, өшіргіш, түрлі-түсті қағаз, картон,бор, қағаз, мата,ине,жіп.

Сабақтың көрнектілігі: матадан тігілген Құрақ үлгілері, суреттер, мақал-мәтелдер.

«Шеберлікке- шек жоқ» «Өнерлі қол бақытқа жол»

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды сабаққа даярлау, түгендеу.

2. Техника қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

II. Үй тапсырмасын сұрау. Қызығушылығын ояту.

1. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?

2. Щюдың снеше түрі бар?

3. Ою-өрнек дегеніміз не?

4. Өнер туралы қандай мақал- мәтел білесіңдер?

Қол өнері кілемде.
Сөз өнері өлеңде.

Өнер көзі халықта.

Өнер қуып ой түзе
Жұмыс қылып бой түзе.

Өнер адамның көркі,
Қалай жұмсаса да өз еркі.
Өнер сыры -өрнекте.

Ою ойғанның ойы ұшқыр.

Ою ойган сызу да сызады.

Үлгісі көптің өрнегі көп, Өрнегі көптің ермегі көп.

Өнерсізден құт қашады.

III. Жаңа сабақ.

-Блалар бүгінгі сабақтың тақырыбы: Құрақ қүрау, құрақ үлгілерін сызып үйрену.

Халықтың ұлт екенін айыратын үш негізгі арнасы бар: тіл өнері, қолөнері және саз өнері. Хаоқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу,мүсіндеу, құрастыру,бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз. Солардың ішінде ертеден келе жатқан өнер апаларымыз тігетін құрақ да өзіндік тарихы бар№ Екі түрлі матаны бір- бірімен қиылыстыра тігетін болсақ, қарапайым ғана құрақ шығады.

Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі- ысырап болса, өнердің бұл саласы сол ысырапшылыққа жол бермейді.

Құрақ көрнешелердің әрбір бөлшегі геометриалық фигуралардан тұрады. Шаршы, алтыбұрыш, трапеция, тең бүйірлі үшбұрыш, пирамида, ромб, тіктөртбұрыш, параллелограмм.

Құрақ құрау екі мақсаты көздейді.

1. Матаның қиындыларынан іске ұқсату(Кәдеге жарату).

2. Үлкен сәнділікке баулу, матадан әр турлі фигуралар жасай отырып, қиылыстырып бір бұйым жасап шығару.

Құрақ атаулары әр түрлі:

1. қазақ тілінде құрақ құрау өнері- құрақ.

2. орыс тілінде құрақ құрау өнері- лоскутное шитье немесе мозаика.

3. жапон тілінде құрақ құрау өнері- сашико.

4. ағылшын тілінде құрақ құоау өнері печворг және квилт-деп атайды.

Құраққа қойылатын талап бреу- ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы.

Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы және суық. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді. Олар қызыл-жасыл, сары- күлгін, көк-қоңыр т.б.Түстерде біздің өмірімізді қуанышқа бөлейтін, көңілімізді көтеріп жадыратып жіберетін күш бар. Құрақтармен жұмыс істеу үшін шыдамдылық пен шабыт керек.

Құрақтың түрлері 4 топқа бөлінеді:

1. Табиғат.

2. Жануарларға.

3. Геометриалық.

4. Аспан әлемі.

Құрақ көрпенің түрлері:
Аққу
Сегізжапырақ
Шахмат
Қызғалдақ
Баспалдақ
Ботакөз
Оюлы
Күнбағыс
Гүл

Жүрекше

Тақырыбы: Құрақ құрау (8 класс)Тақырыбы: Құрақ құрау (8 класс)Тақырыбы: Құрақ құрау (8 класс)

IV Сегіз жапырақ құрағын құрау әдісі:
- Жалпы құрақ құрауда аса шеберлік қажет екендігін ескертемін.
- Құрақ құрағанда мата таңдау және мата түстері туралы ұлттық ұғымдарды айтамын. Қызыл түс - гүлдің, қызғалдақтың, көктемнің белгісін білдіреді; Сары түс - күннің белгісін білдіреді; Көк түс - аспанның, судың белгісін білдіреді; Жасыл түс - даланың көгал шөбінің, жердің белгісі.
- Сегіз жапырақ құрағын геометриялық фигуралар арқылы құрылады. Осы фигуралар арқылы ең алдымен үлгілер дайындап аламыз. Үлгілерді, суреттерді көрсетемін.
- Дайындап алған үлгілерді мата бетіне түсіріп, қырқып алынады.

- Екі жапырақша бөліктерін бір - бірімен беттестіріп, тігін машинасында тігіледі. Жапырақшаларды екі - екіден тігіп алу қажет.
- Сегіз жапырақшаларды беттестіріп тіккен соң, жан - жағындағы бөлшектерін біріктіріп тігеміз.
Сегіз жапырақ құрағын құрау әдісінің нұсқау картасын оқушылармен бірігіп құраймыз.
Оқушыларға түсінікті болу үшін алдын ала түрлі - түсті қағаздан дайындалып қойылған құрақ үлгілерін таратып беріп, сегіз жапырақ құрағын құрастыртамын. (әр оқушы түс үйлесімділігін таңдай отырып, құрастырады).

Тақырыбы: Құрақ құрау (8 класс)Тақырыбы: Құрақ құрау (8 класс)

V Қорытындылау.
1. Құрақ дегеніміз не?
2. Қандай құрақ түрлерімен таныстыңыздар?
3. Құрақ қандай фигуралардан тұрады?
4. Құрақ қандай өнерге жатады?

Үйге тапсырма: Әр оқушы өзінің алған үлгілеріне қарап үйден матаға салып қиып келу.


Оқушыларды бағалау.

Тақырыбы: Құрақ құрау (8 класс)

Тақырыбы: Құрақ құрау (8 класс)Тақырыбы: Құрақ құрау (8 класс)





© 2010-2022