Доклад на тему ЕЛБАСЫ – КЕЛЕШЕКТІҢ ТІРЕГІ

Раздел Технология
Класс -
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЕЛБАСЫ - КЕЛЕШЕКТІҢ ТІРЕГІ


А.Т.СӘРСЕНБАЕВА

Астана қаласының Құрылыс техникалық колледжінің 3 курс студенті


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - Президент қана емес, қазіргі заманға лайықты мемлекет - Қазақстан Республикасының негізін қалаушы, республиканың қарқынды экономикалық өсуіне, халықтың әл-ауқатының артуына қол жеткізген және барша өркениетті әлем мойындаған тұлға.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20-жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт аралығындағы президент қол жеткізген жетістіктері:

  • Қазақстан Орталық Азиядағы ядролық қарусыз мемлекет;

  • Уран өндірісін пайдалану ісін жеделдетті;

  • Қазақстан халықаралық мәселелерді шешуге тікелей қатысатын, сөзі өтімді, беделді мемлекетке айналды;

  • ТМД көлемінде Халықтар Ассамблеясын құрған мемлекет;

  • Бүкіл әлемдік дағдарыстан қысқа мерзімде шыққан мемлекет-Қазақстан;
    Біздің Елбасымыз - білімділігімен, парасатты саясатымен, тәжірибесімен бүкіл адамзатты болашаққа, бейбіт жолмен жетуге шақырған үлкен тұлға.

Халық қамын ойлау мақсатында жыл сайын жолдау жолдайды. Барлық саны - 17-дана

  1. 1997 - Қазақстан дамуының 20-30 стратегиясы.

  • Мемлекеттің іргесін қалау және нарықтық экономика серпіліс қосу.

  • Әлеуметтік мемлекет негіздерін қалау.

  • Қоғамдық сананы қатты өзгерту

  1. 1998 - Елдегі жағдай және негізгі бағыттар.

  2. 1999 - Жаңа мыңқалдықта тұрақтыжәне қауіпсіз мемлекет үшін.

  3. 2000 - Еркін тиімді және қауіпсіз қоғам үшін.

  4. 2001 - Елдегі жағдай және 2002 жылға арнаған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы.

  5. 2002 - 2003ж - Ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары.

  6. 2003 - Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары.

  7. 2004 - Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсеке қабілетті экономика үшін, бәсеке қабілетті халық.

  8. 2005 - Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында.

  9. 2006 - Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңіңда (2006 Қазақстанның елу елдің қатарына ену стратесиясы).

  10. 2007 - Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан (2007 жылы білім туралы заң қабылданды).

  11. 2008 - Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру, мемлекеттік саясаттық басты мақсаты.

  12. 2009 - Дағдарыстан жаңару мен дамуға.

  13. 2010 - Жаңа он жылдың - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері:

  • Тілдерді дамыту - 100% көтеру

  • Кәсіптік білім базасын көтеру мәселесі

  1. 2011 - Болашақтың іргесін бірге қалаймыз. (Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған. 20 қадам белгіленді ).

  2. 2012 - әлеуметтік экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты.

  3. 2013 - Қазақстан - 2050 стратегиясы, Қазақстан мелекеттің жаңа бағыты.

  4. 2014 жыл - Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Нағыз басшының бастауымен қазіргі нәтижелерге жетіп отырмыз, бұл жағынан алғанда Нұрсұлтан Әбішұлы - өз халқының даусыз басшысы». Елбасы - туған халқын, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам. Мұны сөзі мен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді.

Елбасымыздың қанатты сөздері:

  • Тәуелсіздік - ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

  • «Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды».

  • Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.

  • Менің атам да, анам да - қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл, діл, өмір, тіршілік сыйлаған.

  • Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.

  • Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үсін толтырып кен берген, мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.

  • Сөз бостандығы шексіз емес. Менің Отаным осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды.

Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік - біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек. Бұл - ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесары атамызды айтсақ та жеткілікті болар. Сол замандарда ел ақылды әрі айлалы ісімен, іскерлігімен сүйсіндіретін азаматтардың маңайына топтасқан. Басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын ғой. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Ол кісінің бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Маған қазір Нұрсұлтан аға ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасындай көрінеді. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды.

Еліміз талай «тар жол тайғақ кешуді» бастан өткергені белгілі. Бірақ барлық сыннан аман қалдық. Елдігімізді жоғалтқан жоқпыз, атамекенімізді ешкімге бермедік, әлем таныған мемлекетке айналдық. Бұл жерде тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың орнын ерекше атап өткен жөн. Тәуелсіздік алғалы бері еліміз жеткен жетістіктердің барлығы да Елбасының ерекше еңбегімен байланысты екені рас. Елбасы арқылы Қазақстанды әлем таныды, мойындады. Елбасы саясат, экономика ғана емес, спорт, мәдениет, өнер саласына да ұдайы көңіл бөлуде. Соның арқасында осы салада ілгерілеу, өркендеу бар.
Қазақстанды қазірде әлем мойындады. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді басқарған Н.Ә.Назарбаев қазақ елінің туын көкке көтеріп, адам танымастай етіп өзгертті. Әлем Қазақстанды Елбасының арқасында таныды, мойындады. «Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы» деп Н.Назарбаевтың өзі айтқандай, Егемендік, Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идеологияның рухани тірегіне айналды. Ол мемлекеттіліктің өркениет жолын ұсынды.

Көп ұзамай Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттерінің қатарынан өз орнын ойып алды. Ғасырға бергісіз жиырма жылдың ішінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты елді әлемнің алпауыт мемлекеттері мойындап, стратегиялық әріптестікке қол қойды. Қазақтың шекарасы айқындалды. Астанада даму институттарының қатысуымен үй құрылысында ұялық бетон өнiмдерiн, шыны-пластикалық құбырлар шығаратын зауыттар салу мақсаттары қойылды.

Тұрғын үй құрылысының жаңа саясаты. Соңғы кездерi тұрғын үй құрылысы проблемаларын шешудiң ықтимал жолдары белсендi талқылануда. Мемлекеттiк қайтарымсыз тұрғын үй салу идеясы бұрынғысынша күшiнде қалуда. Бар жауапкершiлiкпен мынаны мәлiмдеуге тиiспiн, тұрғындардың кейбiр жекелеген топтары болмаса, тұрғын үйдi тегiн беру деген болмайды. Тұрғын үй жекеменшiк болып табылады, демек, адамның өзiнiң жауапкершiлiгi саласына жатады. Бүгiнде елiмiздiң тұрғын үй қорындағы жеке меншiк үйдiң үлесi 97 пайызға жуық. Бұл бұдан әрi төмендемейдi. Осымен қатар тұрғын үй проблемасы ең басты проблема болып қалып отыр. Өткен жылы Қазақстанда екi миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Мұның барлығы халықтың табысын ұдайы өсiру саясатының нәтижесiнде жүзеге асырылуы тиiс. Өздерiңiзге белгiлi, өз қаражатына сатып алу немесе тұрғын үй құрылысын салу секiлдi жолдан басқа, тұрғын үйдi ақшасын бiртiндеп төлеп алудың екi жүйесi бар: ипотека арқылы және тұрғын үй құрылысы қаражатын жинау жүйесi арқылы. Бiрақ бұл екеуi де әзiрше өзiнiң қымбатшылығына байланысты көпшiлiктiң қолы жете бермейтiн жүйе болып табылады.
Соңғы кездерi тұрғын үй құрылысы проблемаларын шешудiң ықтимал жолдары белсендi талқылануда. Мемлекеттiк қайтарымсыз тұрғын үй салу идеясы бұрынғысынша күшiнде қалуда. Бар жауапкершiлiкпен мынаны мәлiмдеуге тиiспiн, тұрғындардың кейбiр жекелеген топтары болмаса, тұрғын үйдi тегiн беру деген болмайды. Тұрғын үй жекеменшiк болып табылады, демек, адамның өзiнiң жауапкершiлiгi саласына жатады. Осымен қатар тұрғын үй проблемасы ең басты проблема болып қалып отыр. Алайда, осы қарқынның өзi бiздi қанағаттандыра алмайды. Есептеулер көрсеткендей, жыл сайын кем дегенде төрт миллион шаршы метр тұрғын үй салуға қол жеткiзу керек.

Білім - қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогресті қамтамасыз етеді. Бұл жоғары құндылық та болып саналады. Оның негізгі қызметіне келер болсақ, адамның ой-санасын өсіріп, менталитетін қалыптастырады. Адамгершілік рухын көтеріп, шығармашылық қабілетін шыңдайды. Жоғары оқу орындарының бүгінгі алға қойып отырған негізгі мақсаты, Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей, егемен еліміздің өркендеуіне қажет білікті мамандар дайындау болып табылады.

«Құрылысшы еңбегiнiң ел экономикасының дамуы үшiн зор маңызы бар. Тынымсыз еңбектерiнiң нәтижесiнде аймағымызда жыл сайын жаңа ауруханалар, мектептер мен бала бақшалар бой көтеруде. Тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы табысты жүзеге асуда. Тәуелсiздiк жылдары қол жеткiзген табыстар мен жетiстiктерде ел құрылысшыларының қосқан үлесi орасан. Бүгінгі таңда басты мәселе де бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Қоғамның әрбір даму кезеңі ең алдымен сол қоғамға сәйкес жаңа адамды қалыптастыруды көздейтіні - ешқашан маңызын жоймайтын тарихи құбылыс. Міне, қазіргі білім беруді дамыту, оқыту үрдісін жетілдіріп, оны аса жауапкершілікпен ұйымдастырып отыру керектігі туралы ойларды А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды алаш арыстары сол кездің өзінде - ақ айтып кеткен. Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны тәрбиелеу тиімді. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы шын мәніндегі басты жаңалық пен жақсылықтың нышаны болды. XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау тақырыбы - Жолдаудың басты бөлімдерінің бірі "Қазір бой жарыстаратын емес, ой жарыстыратын заман", -деп Елбасымыз айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз Елбасының Жолдауы көзі қарақты, көкірегі ояу, ел болашағын ойлайтын әр азаматқа үлкен жауапкершілік жүктейді.

Колледжде білім алушылар арасында бірнеше сауалнама алған болатынбыз. Соның нәтижесінде жастардың ойлары белгілі болды.

Елбасымыздың кәсіптік білім беру саласына көңіл бөлінуінің себебі:

  • Елбасымыздың кәсіптік білім беру саласына көңіл бөлуінің себебі еліміздің өркендеуі, дамуы жаһандануын көздейді. Соның арқасында Қазақстан елін әлем таниды.

  • Болашақ жарқын болсын.

  • Қазақстанның білім деңгейін көтеруге деп ойлаймын.

  • Қазақ халқының білім деңгейін көтеру, әсіресе жастар қауымына тиімді.

  • ҚР болашағын жалғастырушы жастар үшін.

Елбасымыздың жастар саясаты туралы не айтасыз?

  • Елбасымыздың жастар саясатын айтатын болсақ,мысалы Жас Отан мүшелік еткен жастар.бұл саясатты ұстанудың негізгі мақсаты менімше жастарды қоғамға баулу. Қоршаған ортаны дамыту оған үлес қосу,білімін одан әрі жетілдіру.

  • Елбасымыз әрдайым жастарды қолдайды,көмек береді сол үшін алғысымызды айтамыз.

  • Елбасымыз жастар туралы жақсы ойда және әр сөзінде жастар тыралы көп айтады.

  • Жастар саясаты өте тиімді деп ойлаймын.

  • Біз жастар болашақты жалғастырушымыз. Бізге сенім артқан қазақ халқы үшін барымызды саламыз.

Н.Назарбаев - өзінің ерен еңбегімен халқымен алға қойылған мақсат пен міндетті іске асыратын және елде әлемде көлемді нәтижелерді көре алатын планетарлық деңгейдегі сирек және бақытты саясатшы. Жылдар өтер, жүздеген мыңдаған жылдар өтер, бірақ Қазақстан Республикасының Президенті ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев Қазақстан және жаһандық әлемнің тарихында біздің еліміздің ұлы есімдері қатарынан өзінің лайықты және ерекше даңқты орнын алады.


© 2010-2022