Тұрмыстағы электротехникалық жұмыстар тақырыбына сабақ жоспары (6 сынып)

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар ауданы

Бескөл ауылы

«Парасат» мектеп-лицейі

Технология пәнінің мұғалімі

Темиргалиев Бейбит Жоламанович

6 «А» сыныбында өткен ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Тұрмыстағы электротехникалық жұмыстар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға электр энергиясын өндіру және оның тұрмыста қолданылуы жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру, теориялдық білімін іс жүзінде қолдана білуге, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушыларды ептілікке, ұқыптылыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтын түрі: жана білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ -жауап, сарамандық жұмыс.

Көрнекіліктер: шартты белгілер, электр тізбегінің сызбасы, аккумлятор, гальваникалық элемент, электр шамы, электр тізбегі(планшеттер) электр сымдары.

Сабақтың құрылымы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг.

ІІ. Қызығушылығын ояту. «Серпілген сауал» әдісімен теориялық материалды қайталау.

ІІІ. Мағынаны ашу.

1) Жаңа сабақты меңгеруге дайындық.

2) «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен оқушылар жаңа тақырыпты өздігінен меңгереді.

3) Оқушылардың өзіндік жұмысы.

4) Электротехникалық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

5) Сарамандық жұмыс.

IV. Ой толғаныс.

1)Оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергенін тексеру.

2)Қортындылау.

3)Бағалау.

4)Үйге тапсырма беру.

5)Рефлексия «Табыс баспалдағы».

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а)Тренинг «Тілек тізбегі».

ә) Оқушылардың және бөлменің сабаққа даярлығын тексеру.

II. Қызығушылығын ояту.

«Серпілген сауал» әдісімен теориялық материалды қайталау.

(Мұғалім кішкентай допты оқушыға лақтырып сұрақ қояды, оқушы жауап беріп допты қайтарады. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда допты басқа оқушыға лақтырады, солай қайталау жұмысы жалғаса береді)

а) Металдардың негізгі топтарын ата?

ә) Республикамыздың қай өңірлерінде темір рудалары өндіріледі?

б) Металдардың қандай қасиеттерін білесіңдер? т.с.с.

III. Мағынаны ашу.

  1. Жаңа сабақты меңгеруге дайындық.

(Мұғалім презентация арқылы жаңа тақырыпқа қысқаша шолу жасайды)

Адамның өмірінде қолданылып жүрген энергияның ең ыңғайлысы және арзаны электр энергиясы болып табылады. Өндіріске қолданылатын көптеген машиналар, аппаратар, қондырғылар, механизмдер электр энергиясының күшімен жұмыс істейді. Оны алу үшін электр энергиясының көзі (ток көзі) болу керек. Ток көзі ретінде гальваникалық элемент, аккумулятор немесе генератор пайдаланылады.

Электр энергиясын арнайы қабылдағыштар қабылдайды. Мысалы, станокта энергияның қозғалтқыш қабылдап алады, ал тұрмысқа қажет энергияны элетр шамы, электр үтік т.б. қондырғылар қабылдап алады. Мұның бәрін элекр тұтынушылар деп атайды. Ал элекр тұтынушы құралдар элекр энергиясысы жылуға, дыбысқа, жарыққа немесе механикалық қозғалысқа айналдырады.

Элекр энергиясын ток көзінен тұтынушыға жеткізу үшін арнайы өткізгіш қажет. Жақсы өткізгіштер тобына металдар жатады. Табиғатта ток көзін өткізбейтін материалдарда да көп кездеседі. Ондай материалдар оқшаулағыш деп аталады. Мысaлы, пластмасса, әйнек, резеңке, құрғақ ағаш, фарфор материалдары оқшаулағыш ретінде өндірісте көп қолданылады.

Ток көзі элекр тұтынушыны өткізгішпен қосу арқылы электр тізбегі алынады. Тізбек қосылған кезде онымен ток жүреді, ал егер оны кез келген жерден үзіп тастаса, ток тізбек арқылы жүрмейді. Демек токты жүргізу үшін тізбекті қосу керек, ал оны тоқтату үшін тізбекті үзу керек. Тізбекті қосып, үзу үшін арнайы элекр ажыратқыш қолданылады. Ең қарапайым элекр тізбегі 4 элементтен тұрады: ток козі, ажыратқыш, электр өткізгіш және қабылдағыш.

Электр тізбегіндегі элементтерді шартты белгілермен белгілейді.


  1. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен оқушылар жаңа тақырыпты өздігінен меңгереді.

(Оқушылар тақырыпты оқиды, содан соң жұпта талқылайды, сосын жалпы сыныппен талдаймыз. Түсінбеген ақпаратты анықтап мағынасын ашамыз)

  1. Оқушылардың өзіндік жұмысы. Дәптерде тірек-сызбаларды орындау.

Шартты белгілермен көрсетілген жүйелерді, яғни электр схемасының тірек-сызбалары:

Тұрмыстағы электротехникалық жұмыстар тақырыбына сабақ жоспары (6 сынып).а) гальваникалық элемент немесе аккуммулятор

Тұрмыстағы электротехникалық жұмыстар тақырыбына сабақ жоспары (6 сынып).ә) электрсұқпа шанышқы

Тұрмыстағы электротехникалық жұмыстар тақырыбына сабақ жоспары (6 сынып).б) ажыратқыш

Тұрмыстағы электротехникалық жұмыстар тақырыбына сабақ жоспары (6 сынып).г) электр шамы

Тұрмыстағы электротехникалық жұмыстар тақырыбына сабақ жоспары (6 сынып).д) сымдардың қилысуы


  1. Электротехникалық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.


  1. Сарамандық жұмыс.

- Оқушылар үш топқа бөлінеді

-Әр топқа электр тізбегінің дайын планшеттері таратылады, жұмыс істеу тәртібі түсіндірледі.

- 2-суреттегі а, ә, б сызбалары бойынша әр топ кезектесе отырып теориалық білімдерін іс жүзінде атқарады.Тұрмыстағы электротехникалық жұмыстар тақырыбына сабақ жоспары (6 сынып).

Тұрмыстағы электротехникалық жұмыстар тақырыбына сабақ жоспары (6 сынып).

Тұрмыстағы электротехникалық жұмыстар тақырыбына сабақ жоспары (6 сынып).

А) Ә) Б)

2- сурет

IV. Ой толғаныс.

  1. Оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергенін тексеру.

а) 2-суреттегі ә және б сызбасы бойынша электр тізбектерін салыстыр және ерекшеліктерін айтып бер.

б) 2-суреттегі ә және б электр тізбегінен бір шамды бұрап алып тастаса, екінші шам жана ма, сөне ме? Тексеріп көр, себебін түсіндір.

  1. Қортындылау.

Сабақты қортындылай келе кеткен кемшіліктердің орнын толтыру.

Топ жетекшілерінің пікірін тыңдау.

  1. Бағалау.

Топ басшылары топ мүшелерінің топтық жұмысқа қосқан үлесін бағалайды. Оқушылар сабақта алған өз білім деңгейлерін бағалайды.

  1. Үйге тапсырма беру.

П.5., Тақырыпты оқу, сұрақтарға жауап беру.

Тірек-сызбаларды сыза алу.

  1. Рефлексия «Табыс баспалдағы».

Оқушылар сабақта алған білімдеріне және іс-әрекеттеріне рефлексия жасайды. «Мен білемін...», «мен түсінемін ...», «мен істей аламын ...».



© 2010-2022