«Гүл-ғажайып дүние»

Мақсаты: сынып оқушыларына гүл түрлері, сәндік өсімдіктерін өсіру, гүл ерекшеліктері,мекен ету ортасы туралы мағлұмат беру.Сұлулық пен әсемдік туралы талғамын қалыптастыру.Жабдығы:«Гүл-ғажайып дүние» тақырыбына слайд, гүл, көбелек, күн,көктем болып киінген оқушылар.Сабақ түрі: ҚойылымІнжугүлКөктемнің алғашқы гүлініңІнжугүл атты бірімінАдамдықтың,достықтыңКуәсімін , бірімін.Жапырағым жайылған Секілді қос алақан.Қоңыраудан жоқ айырмам,Келбетіме қарасам.Інжугүл-лалагүлділер тұқымдасына жатады.Інжуг...
Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Сынып оқушыларына гүл түрлері, сәндік өсімдіктерін өсіру, гүл ерекшеліктері, мекен ету ортасы туралы мағлұмат беру. Табиғатты сүюге және қорғай білуге тәрбиелеу. Сұлулық пен әсемдік туралы талғамын қалыптастыру.

Жабдығы: «Гүл - ғажайып дүние» тақырыбына слайд, гүл , көбелек, көктем, күн боп киінген оқушылар.

Сабақ түрі: қойылым

Жоспары:

Кіріспе :Табиғаттың бөлінбес болшегінің бірі - өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. Сондықтан «Бір тал кессең, он тал ек», «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын», «Көкті жұлма көктей соларсың» деген даналық сөздері осы өсімдікті қадірлеп, қастерлеуден туған.«Гүл - дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды энергия бөледі. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі. Сондықтан бүгінгі тәрбие сағатымыз осы гүлдер әлеміне арналады.

Білгішбек пен Дымбілместің кездесуі.

Білгішбек:

Керме иық далам көсіліп келем

Аяғым асты көк шалғын

Төсіңнен текті көшіріп өлең

Батыр бабамды еске алдым

Көгімде менің қалықтап ұшқан

Кереге қанат қыран құс

Шетінен шешен алып данышпан

Бабаларыма мың алғыс.

Дымбілмес:

- О, Білгішбек, Сен тағы да өлең оқып келесің бе? Айтшы осы, сен күнде бір өлең шығарасың ба? Бүгін тағы қандай өлең шығардың, кімге арнадың?

Білгішбек:

Ай, Дымбілмес Сен қашан ақылды болар екенсің? Қарашы табиғат қандай тамаша! Менің бүгінгі өлеңім көктемге, табиғатқа арналады. Кел, гүлдер патшалығына саяхаттайық!

Дымбілмес:

Табиғат бүкіл тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Қазақ халқының бар өмірі табиғат пен тікелей байланысты өтіп келеді. Сұлу табиғатты көзбен көріп, жаныңмен сезіп, сол қалпында сүйе білу қандай ләззат!


(Сыныптағы қыз балалар гүл бейнесінде киінеді де, гүл бейнесінде киінген қыздарды ұл балалар көпшілікке таныстырады).
Бәйшешек: Көктемнің көрікті гүлдерінің бірі - бәйшешек. Кейде оны қарғалдақ деп те атайды. Биіктігі 15см, ерте көктемде наурыз айының бас кезінде көктеп, бүршік жарады.

Бәйшешек
Мен боламын қырларында текеметтің.
Көктемге алғаш көрік әперетін.
Бәйшешекпін, көктесем қар астында,
Қыс ызғарын, қаймықпай көтеретін.
Ыдырады мұз бен қар,
Мен шыққан соң сыналып.
Ала бұлттан жұлдыздар,
Қарағандай сығалап.
Аз өмірдің өзінде,
От жалын боп лауладым.
Соғылған дер кезінде,
Күміс қоңырауларым.
Елемедім ызғарды,
Күнге күліп қарадым.
Қызықтырып қыздарды,
Гүлге негіз қаладым.

Қызғалдақ - лалагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. «Тюльпан» негізінен түрік сөзі, бас киім деген ұғымды білдіреді. Түріктерде «Тюрбан» деп аталатын қызғалдаққа ұқсас бас киім бар екен. Осы уақытқа дейін қызғалдақтың отаны - Голландия болып саналатын. 2001 жылы Алматы қаласында «Қызғалдақ және адам» атты халықаралық фестиваль өткізілді. Осы фестивальда қызғалдақтың бірінші отаны - Қазақстан, ал екінші отаны - Голландия деп хабарланды. Нидерланд елінің ханшайымы Беатрис Елбасымызбен кездесуде: «Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азияны жалғастырса, қызғалдақ Қазақстан мен Голландияны және басқа да елдерді жалғастырды. Қызғалдақтың Сіздің елде кездеспейтін жері жоқ екеніне көзіміз жетті. Ұлы Жібек жолы кезінде, қызғалдақ әлем елдеріне таралғаны дәлелденіп отыр. Сондықтан қызғалдақтың отаны - Қазақстан екенін әлем мойындап отыр» - деген болатын.

Қызғалдақ.
Кім білмес қыр аруы қызғалдақты,
Өң беріп көркейтеміз әрбір бақты.
Сәні деп өмірінің, көңілінің,
Сый етіп, мені жігіт қызға арнапты.
Қызыл ғалдақ, ақ ғалдақ,
Қолда бар не мақталмақ.
Қазақстан ежелден,
Алуан гүлдер жапқан бақ.
Ұқсайды оған қоңырау,
Әркімге тиіс ол ұнау.
Құрта алмады сан таптап,
Қазақпенен оны жау.
Кең тесінен даланың,
Сыйлар шаттық, маған мұң.
Қорғап, тамған деп қалам,
Қаны ма ата-бабамның?
Жұмыртқа ма журек пе?
Шам ба жанған түнекте,
Ұрпақтарым, қастерле,
Гүліңді де жүдетпе.
Біздерде алуан бар ғалдақ,
Шығады ерте қарсалдақ.
Шетел алып байыпты,
Қалмайық біздер тал қармап.
Шетелге пайда пұл болып,
Кұлпырды алуан түрге еніп.
Қымбаттап ата мекенге,
Оралман гүл боп жүр келіп.

Інжугүл - бұл да лалагүлділер тұқымдасына жатады. Інжугүлдің хош иісі, көз қуантар әдемі гүлдері кез келген адамды толғандырмай қоймайды. Май айының алғашқы күндері бүкіл Париж інжугүлге малынып кететін көрінеді. Бұл күнді «Інжугүл күндері» деп мейрамға айналдырған. Уақытында атақты сазгер П.И. Чайковский «Мен інжугүлді гүлдер патшасы деп білем», - деген екен. Бір қызығы ол сүйікті гүліне арнап музыка емес, өлең шығарған. Ал, ол сөзге сазгер А.С. Аренский музыка жазған. Сонымен халық арасында «Дем беруші», «Шабыт беруші» аталған інжугүл, Қазақстанда тек Орал өңірінде өседі.

Інжугүл.
Көктемнің алғаш гүлінің,
Інжугүл атты бірімін.
Адамдықтың, достықтың,
Куәсімін, жырымын.
Жапырағым жайылған,
Секілді қос алақан.
Қоңыраудан жоқ, айырмам,
Келбетіме қарасам.

Тұңғиық - бұл су өсімдігі. Бір қасиеті бұл өсімдіктің тез өскіштігі, үш күн сайын жаңа жапырақ шығарады. Мынадай бір қызық-ты оқиға болыпты. Англияның Кью қаласының ботаника бағында тұңғиық гүлдейді деген хабар тек бақ қызметкерлерін ғана емес, суретшілер мен саққұлақ репортерлердің де құлағына жетеді. Гүл ашылады дегенде жылыхана адамға лық толады. Осы оқиғаның куәсі болған атақты ботаник Н.Ф. Золотницкий 1887 жылы былай деп жазыпты: «Гүлдің ірілігі мен әдемілігі көз алмайтындай. Гүл ашылысымен жылыхананы аралап кеткен жағымды хош иіс адамды рахатқа бөледі», - деген екен. Оның гүлі ақ, алқызыл, күлгін көк, қанқызыл болады. Қазақстанда аз мөлшерде Жайық өзені маңайында кездеседі.

Тұңғиық.
Ақ көйлекті бойжеткен,
Қалқып жасыл қайықпен,
Көлде жүзіп жүргендей,
Қарайсың таң қалып сен.
Суда малти білмейсің,
Жетпейсің ол гүлге сен.
Тақсаң оны кеудеңе,
Көрінесің мүлде сен.
Орның ерте кештегі,
Өзгертер бұл көшпелі.
Оған себеп толқынды,
Су үстінде өскені.

Қалампыр гүлі - Еуропа елінен тараған. Олардың бір, екі, үш жылдық түрлері болады. Гүлдері ақ, қызғылт, күлгін. Қалампыр гүлі - ерлік пен өрлікті уағыздайтын гүл. Сондықтан оны көбіне ер азаматтарға сыйлап жатады.

Қалампыр
Жайлауда жел тербесе,
Иісіңе дала аңқыр.
Бақшадан да мен неше,
Көрдім сені Қалампыр.
Ежелден халық бұл гүлді,
Жалқауларға қимайды.
Қорғайтын елді, үлгілі,
Батырларға сыйлайды.
Қызыл, сары гүл көрдім,
Ағы да бар не түрлі,
Қалампыр гүл гүлдердің
Ардагері секілді.
Раушан немесе Райхан гүлі - хош иісті, ең әдемі, көрікті гүлдердің бірі. Ол гүлдердің патшасы, раушангүлділер түқымдасына жатады. Римде бір күнді «Раушан күні» деп ерекше қадірлеп тойлаған. Сондықтан раушан нәзіктіктің символы, рухани күш беретін шабыт көзі деп ерекше бағаланған. Ақ раушан гүлін негізінен қалыңдыққа сыйлаған, ал, алқызыл, қызыл раушан гүлдерін аруларға, аналарға сыйға тартатын болған.

Раушан.
Қызыл, күлгін, ақ, сары,
Шешек атқан шақтағы.
Хош иісі сүйсінткен,
Ең әсем гүл бақтағы.
Ою-өрнек қатпары,
Өте үйлесім тапқаны.
Кіндігін кей қыздарша,
Көрсетпей әдеп сақтады.
Әр ел егіп күтеді,
Сатады әр гүл дүкені.
Өзін-өзі қорғайтын,
Абайла бар, тікені.

Нарғыз гүлі - гүлдері қатпарланып, шеңберленіп орналасқан әдемі, көрікті гүлдердің бірі. Отаны - Мексика. Ыстық және салқын ортаға да төзімді гүлдердің бірі.
Нарғыз
Гүлінің ұсақ қатпары,
Шеңберленген біркелкі.
Бұл да әсем гүл бақтағы,
Көз тартарлық түр, келбеті.
Мексикадан тараған,
Әлемге болып танымал.
Бұл күнде көк пе қарадан,
Басқа түстің бәрі бар.
Келсе қалма гүл ашпай
Тамыз бен қыркүйегі,
Ыстыққа да көңілі жай,
Салқынды да сүйеді.
Бөртегүл - әдемі өсімдіктердің бірі. Қазіргі таңда бөртегүлдің жүзге жуық түрлері белгілі. Оның гүлдері сия көктен алқызыл, сары, қызыл болып келеді.
Бөртегүл.
Жұпар иіс сиренді,
Қазақша бөртегүл дейді.
Қоршап бақша үйлерді,
Көктемде ерте гүлдейді.
Айтсақ сөздің анығын,
Мәлім бізге ерте бұл,
Шыңғысханның жарының
Аты осы Бөртегүл.
Гүлдердің әсем сұлуы,
Қыздарға келген болып aт.
Бөртегүлдің руы,
Өзіміздің қоңырат.

Қоңыраугүл - гүлінің аты сыртқы тұрпатына қарап қойылған. Ол қышқыл топырақты жерлерде өседі. Қоңыраугүл маусым, қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері ақ, сия көк, сары, күлгін болады.

Қоңыраугүл
Әр түсті алуан түрі бар.
Бір ашылса қаулайды,
Ортасында тілі бар,
Қоңыраудан аумайды.
Қарап тұрсаң қызық-ақ,
Түрілген сәл кемері.
Үлкендеу бірін үзіп aп,
Сыңғырлатқым келеді.
Бір талы гүлдестедей,
Суңғақ бойлы Гүлбаршын.
Ерте демей кеш демей,
Бақта буршік жарсын бұл.
Тарту етсең тойларға,
Төрден орын алады,
Жарыса көкке бойлауда,
Саусақтары салалы.
Алпамыстың жарының,
Аты да осы Гулбаршын.
Бұл гүлмен аттас, анығын,
Айтшы қанша қыз барсың?
Атыңның өзін білмейсің,
«Гладиолус» екенін.
Әйтеуір бір гүл дейсің
Ұмытылған кешегің.


Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,
Қызыл гүлдер, көк гүлдер.
Тұра берші ырғалып,
Тұра берші нұрланып.
Сол тұрғаның ұнайды,
Құлпырғаның ұнайды.
Ұқсап сәби балаға.
«Гүл» дегенің жүрегі ғой даланың.
Сұлулығы туған жердің қаланың,
Жан тербейтін нәзік сұлу гүлдерді,
Күтіп-баптап аялайтын баламыз.
Гүл тілі
Қызыл раушан - махаббат белгісі.
Ақ раушан - құпиялық белгісі.
Лала гулі - тазалық белгісі.
Нәркез - шығыс елдерінде жаңа жыл белгісі.
Сүмбілшаш - кездесу белгісі.
Інжугүл - шабыт беруші гүл,
Қалампыр - ерлік пен өрлікгің белгісі.
Бақытгүл - бақыттылық белгісі.

Француздар, испандықтар қалампыр гүлі мен бақытгүлін бақытсыздық белгісі деп санаса, ал бұл гүлдерді күншығыс елінің халықтары және италияндықтар, гректер, ағылшындар бақытгүлі деп қадірлеп, қастерлеген. Германияда қызыл раушан махаббат белгісі болып саналса, Латын Америкасында гүл қан түстес болғандықтан өлім гүлі деп санап, ақ раушанды қадірлеп, қастерлейді екен. Жақсылыққа гүл сыйлағанда гүл так санды болу керек, ал қабір басына апарған гүл жұп санды болуы қажет деп санайды халық.
Сауалнама. (Тәрбие сағатына қатысып отырған сынып ата-аналарымен, ұстаздармен сауалнама жүргізілді). Гүлдің қандай түсті болғанын қалайсыз?
Қызыл - белсеңділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызуқанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.

Қызғылт - жалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды келеді. Олар жарқын, айырықша адамдар. Көптің ішіңде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.

Сары - жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыкқа берік, еркіңдікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіңдігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күйі тез өзгергіш, оптимист адам.
Алқызыл - нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін, кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттармен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық, нық сенімділік қасиеттері де тән.

Ақ - шаттықтың түсі. Ақ түсті ұнататындар өте әсершіл, қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп, бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.

Көк - адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқындықты, араздықты ұнатпайтын ақ тілекті жандар.
Сонымен балалар, біздер бүгін гүлдер әлеміне саяхат жасадық. Табиғатта гүлдердің түрі ете кеп, олар сан алуан. Олар туралы бір ғана тәрбие сағатында айтып жеткізу мүмкін емес. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көғалдандыру, жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.

Табиғат кім - мен.

Табиғат кім - сен.

Табиғат кім - біз.

Табиғатты қорғаймыз.



© 2010-2022