Үшкіл орамалды өңдеу Технология 6-сынып

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 29.02.2016ж

Сыныбы: 6

Пәні: Технология

Тақырыбы: Үшкіл орамалды өңдеу

Сабақтың мақсаты: Білімділік: теориядан алған білімдерін сарамандық жұмыста ұштастыру, мән беру, қолдана алу.

Тәрбиелік: Шеберлікке, ептілікке, ұқыптылыққа баулу.

Дамытушылық: Әсемдік талғамдықпен, шеберліктерін дамытуға ықпал жасау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ

Сабақтың көрнекілігі: интернеттен дайын бұйымдар,схема,сызба,үлгі суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеу;
• Оқ у-құралдарын тексеру.
• Оқушылардың зейінін сабаққа аударту;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

Интерактивті тақтамен жұмыс

Сұрақтары:

1. Алжапқыштың қандай түрлері бар?(Кеудемен, Кеудесіз).

2. Алжапқыш не үшін қажет?(Алжапқыш киімнің алдын ластанудан сақтайды,әрі ас әзірлегенде, санитарлық гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет).

3.Үлгіні қай бөлікке салып пішеді? (Матаға).

4. Алжапқыш киімнің қай түріне жатады? (Өндірістік, санитарлық түріне жатады).

5. Тігін машинасының қажетті бөлігі не? (Ине).

6. Сантиметрлік таспа дегеніміз не? (Адам дене бітімінен өлшем алуға арналған, миллиметр мен сантиметрлерге бөлінген жұмсақ таспа).

7. Алжапқышқа қандай қалта түрлерін тігеміз? (Жапсырма, тігіске түскен қалта және жанқалта болады).

8. Алжапқыш дегеніміз не? (Алжапқыш - «фартук» сөзі ХҮІІІ ғасырда поляк тілінен алынған. Поляк тілінде «fartuck» - алжапқыш сөзі немісше «fоrtuck» -бір нәрсені жауып тұратын қиық материал деген сөзден туындаған).
Әрбір адам үйде және жұмыста барлығы қолайлы және әдемі болуына ұмтылуы керек. Себебі адамның жалпы мәдениеті тек білімі мен мамандығына ғана байланысты емес. Мамандық жұмыс уақытымен шектеледі, ал мәдениет - адамға кез-келген уақытта, кез-келген істе - әр түрлі тұрмыстық жағдаятта қажет білім.
Мәдениет адамды тамақты, дастарқанды жасауынан, үйді жинауынан, т.б. іс-әрекеттерінен көрінеді.

ІІІ.Жаңа сабақ:

Сөзжұмбақ

П

О

Д

О

Л

Ь

С

К

Ш

Ө

Р

Н

Е

К

Қ

А

Й

Ш

Ы

Ж

А

П

С

Ы

Р

М

А

А

Л

Ж

А

П

Қ

Ы

Ш

К

О

Л

Б

А

1.Ресейдің қай қаласында Зингер зауыты ашылды?

2.Тігін машинасының қажетті бөлігі.

3.Қиятын құрал.

4.Алжапқышқа жиірек қолданылатын қалта түрі.

5.Тамақ әзірлегенде киімге дақ түспес үшін қандай киім киеді?

6. Тігін машина инесінің жоғарғы бөлігі қалай аталады?

Орамалды тазалық үшін киеді.Тазалық үшін орамалдан басқа берет түрін де киуге болады.Көбінесе асханада жұмыс жасағанда үшкіл орамал тағылады.Үшкіл орамал аты айтып тұрғандай үшкіл болып келеді.

Естісең -ұмытарсың,

Көрсең -есте сақтарсың,

Жасасан -түсінерсің.

Үшкіл орамалды өңдеу үшін қажетті материалдар мен құрал жабдықтар:

1.үшкіл орамал пішімі

2.әрлеу сызбасы

3.тігін жіптері

4.қайшы

5.оймақ

6.оқулық

Үшкіл орамалды өңдеу Технология 6-сынып Үшкіл орамалды өңдеу Технология 6-сынып

Үшкіл орамалды өңдеу Технология 6-сынып




ІV.Дәптермен жұмыс:

Бұйымның жасалу реті:

1.Үшкіл орамалды түзу қиықтың шетін ішке қайырып, бүгіп тігу .

2.Қиғаш қиықты әрлеу ызбасымен өңдеу.

3.Инешаншымдарды алып тастап, ылғалды жылумен өңдеу.

4.Дайын бұйымның сапасын тексеру.

V. Сабақты бекіту:

1.Үшкіл орамал формасы қандай? (Үшбұрыш )

2.Үшкіл орамалды не үшін қолданамыз? (Шашымызды күн сәулесінен, шаң-тозаңнан қорғайды, сондай-ақ сән үшін қолданады. Тігін сабағында шашымызды жинау үшін.)

3.Үшкіл орамал сызбасына қандай өлшем керек? (Бірдей қабырғаларының ұзындығы)

4.Үшкіл орамалдың қиықтарын атаңдар. (Ұзындық, көлденең, көлбеу қиықтары)

VІ. Сабақты қорытындылау:

Оқушылар бір-бірінің тіккен бұйымдарын тексеріп,өз-өздеріне баға беру.

VІІ. Үйге тапсырма:Үшкіл орамалды ылғалды-жылулықпен өңдеп келу.





© 2010-2022