• Преподавателю
  • Технология
  • Оқушының білімі мен дүниетанымын кеңейтуге және шеберлік пен іскерлікке үйрете отырып, көкөністерді тағамның әр түрінде қолдана білу жолдарына түсінік беру. Тағам әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға аспаздық қасиеттерін дамытуға арналған

Оқушының білімі мен дүниетанымын кеңейтуге және шеберлік пен іскерлікке үйрете отырып, көкөністерді тағамның әр түрінде қолдана білу жолдарына түсінік беру. Тағам әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға аспаздық қасиеттерін дамытуға арналған

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Технология пәні


Мерзімі

Сабақтың атауы

Көкөністерден тағам әзірлеу технологиясы

Сілтеме

Технология оқулығы

Жалпы мақсаты

Оқушының білімі мен дүниетанымын кеңейтуге және шеберлік пен іскерлікке үйрете отырып, көкөністерді тағамның әр түрінде қолдана білу жолдарына түсінік беру.Тағам әзірлеуде өз шығармашылығымен орындауға аспаздық қасиеттерін және логикалық ойлау, есте сақтау дағдыларын дамыту.Қыз баланы ас мәзірін дайындауда жинақы, таза, тиянақты, жылдам істеуге тәрбиелеп, аспаздық өнерге баулу.

Оқыту нәтижесі

Жаңа мәліметтер ала отырып, көкөністен тағам әзірлеп үйренеді.

Негізгі идеялары

Көкөністерден тағам әзірлеу технологиясын үйрену

Тапсырмалар

Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар

Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже

Көрнекілік, слайд, видео

Ұйымдастыру кезеңі


Бағалау критерийлары

Оқушыларды ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

  1. Оқушыны түгендеу

  2. Кезекшілер міндеті (арнайы киімді тарату, тақта, бор дайындау)

  3. Санитарлы-гигиеналық талаптарды орындау (арнайы киімді кию, қолдарын жуу, ыдыс-аяқ тазалығын қадағалау)

  4. Топқа бөліну (журналдағы тізім бойынша 3 топқа бөлу, әр топтың жұмыс орнын бекіту)

  5. Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау(электроплитаны қолдану, құралдарды пайдалану, ас әзірлеу барысындағы)

Тақтада бағалау критерийлері:

  1. Теорияны меңгеруі

  2. Практикалық жұмыс

  3. Жұптың жұмысына ортақ баға


Бағалау критерийлерімен танысады.



Үй тапсырмасы

  1. Көкөніс тағамдарын даярлауда орындалатын талаптар

(Ұзақ уақыт салқын суда қалдырмау, азғана суда пісіру, пісіру уақытын сақтау)

  1. Каротиноид /к/, антоциан /а/ пигменттері және олардың қасиеттері

(«К» пигменті - сары, қызыл түсті көкөністерде/сәбіз, асқабақ, қызанақ/ болады және олар жоғары температураға тұрақты болғандықтан, пісірген кезде өз түстерін жоғалтпайды.

«А» пигменті /қызылшада/ -тек қышқыл ортада сақталғандықтан пісіргенде сіркесу қосады)

  1. Тұзсыз пісіретін көкөністер (бұршақ тұзды суда дұрыс піспейді, сәбіз бен қызылшаның дәмі нашарлайды)

Жаңа сабақ

Көкөністен тағам әзірлей білеміз бе? Көкөністен әзірленетін қандай тағам түрлерін білеміз?

Топпен ойланып жазу

1-тапсырма

І топ : «Фаршталған қызанақ»

ІІ топ : « Картоп езбесі»

ІІІ. Топ: Тәтті бұрыштан «Фейерверк» салаты

жаңа мәліметтермен танысады, жұппен не ұққандары жайлы айтады.

Оқулықпен жұмыс

2 тапсырма

Пратикалық жұмыс

Бекіту

«3 қадамды сұхбат», оқушылардың практикалық жұмыстарын тексеремін. Жіберілген қателіктер бойынша ескерту жасаймын.

Тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды. Қаншалықты дайын болған жұмыстарын көрсетеді.

Қорытынды

Не үйрендік? Не білдік? Не білгіміз келеді?

Жұмыс орнын жинау

Сабақ бойынша не үйренгендері туралы жұппен ақылдасып жауап береді.

Оқушыларды бағалау

Сабақ соңында бағалау критерийлері бойынша бағалау.

Күнделікке баға койғызу

Үйге тапсырма беру

  1. § 4. Көкөністерден жасалған тағамдар (123-125 бет)

Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады, технологиялық картаны, жасалу жолы көрсетілген слайдтарды алады.




«Фаршталған қызанақ»Қажетті азық-түліктер: қызанақ - 8 , піскен картоп, сәбіз - 2 , пияз, қара бұрыш, майонез- 4 ас қасық, тұз.

Дайындалу барысы :

1.Жуылған қызанақтың жоғарғы жағынан «қақпақ» тәрізді кеседі

2.Кесілген қызанақтың ішін қасықпен «кесе» тәрізді ояды

3.Картоп, сәбіз, пиязды ұсақтап, текшелеп турайды

1.Туралған көкөністерді тұздап,бұрыштап, майонезбен араластырады

2.Дайын болған массаны қызанақ «кесенің» ішіне салып, «қақпағын» жабады

3.Тағамды әсемдеу, ұсыну

Картоп езбесі.Қажетті азық- түліктер: картоп- 5-6 , қызанақ езбесі, аскөк, сары май, тұз

Дайындалу барысы :

1.Картоптың қабығын тазалау, жуу, текшелеп турау

2.Қайнаған тұзды суда пісіру

3.Сүзіп алып езу, сүт, май салып араластыру

4.Тәрелкеге әдемілеп салу /кондитерлік шприцпен/

5.Қызанақ езбесімен аскөкті араластырып езбенің жанына құю

6.Тағамды әсемдеу, ұсыну

Тәтті бұрыштан «Фейерверк» салаты Қажетті азық-түліктер : Тәтті бұрыш /қызыл, жасыл, сары/- 5, піскен картоп, қызанақ, қияр- 4, пияз- 3, қара бұрыш, тұз, өсімдік майы-100 гр

Дайындалу барысы :

1.Көкөністерді жуу, кептіру

2.Тәтті бұрыштың ортасынан бөліп, дәндерінен тазалау

3.Картопты қабығынан тазалау

4.Картоп, қызанақ, пиязды ұсақтап турау,

5.Туралған тағамдарға тұз, бұрыш сеуіп, өсімдік майымен араластыру

7.Аралсқан массаны жарты тәтті бұрыштарға бөліп салу

8.Тағамды әсемдеу, ұсыну



© 2010-2022