Конспекты по технологий на тему: «Безендірілген бутербродтар» (5 сынып)

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

Қызыл-төбе елді мекені

№2 орта мектебі

Көшенова Айжан Құдайбергенқызы

Технология пәнінің мұғалімі

Сабақтық тақырыбы: «Безендірілген бутербродтар» (5 сынып)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бутерброд туралы түсінік беріп, олардың түрлерімен атап және дайын бутербродқа қойылатын талаптар мен дайындау технологиясымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты: Бутерброд түрлерімен таныстыру.


Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен тағам түрлері дайындап үйрету арқылы аспаздық қаблеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға ас мәзірін ережеге сай құрып, жеңіл тағам түрлерінің дайындау үлгерін үйрете отырып, ұқыпты әзірлеуге, әсемдікке, өз бетінше еңбектенуге және топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас

1. «Технология 5» - 2010 ж.
2. «Люблю готовить» журналы, слайд.
3. «Мектептегі технология».
Ү. Сабақтың барысы мен мазмұны:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқушы білімін анықтау.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Өзіндік жұмыс.
5. Сабақты бекіту бөлімі, сергіту сәті.
6. Қорытынды бөлім, үйге тапсырма.
ҮІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
1. Барлық көкөністер қандай өңдеулерден өтеді?
2. Көкөністерді өңдегенде қандай бірізділікті сақтаған жөн?
3. Аспаздық өнерінде көкөністерді қандай әдістермен турайды?
4. Салаттар дайындағанда көркемдігі маңызды ма?
5. Дәруменді салатқа қандай көкөністер қолданылған?

ҮІІ. Жаңа тақырып.
Дастархандағы нан - ас атасы, ауқаттылықтың белгісі, байлықтың және бейбіт өмірдің белгісі. Нанды қадірлеу, жерге тастамау қасиеті барлық саналы адамның міндеті. Ол ең басты, маңызды тағам болғандықтан құнарлылығы өте жоғары. Нан ақуыздан, көмірсутегінен, дәрмендерден және минералды заттардан тұрады. Нанды сақтаудың өзіндік ережелері бар. Мысалға, ыстық күйінде қалтаға салмау, жарық жерде, арнайы ыдыста сақтау, нан салғыш қорапқа алма, тұз салып қойса көгермейді. Ең дұрысы нанды бір күнде тауысып қоятындай етіп, мөлшермен пісіру немесе сатып алу керек. Кепкен наннан сорпа, қытырлақ нан немесе үгітіп айран, қант, май қосып торт жасауға болады. Бутербродтар салқын, жеңіл тағамдарға жатады. Олар тез дайындалады және бір жерге алып кетуге ыңғайлы. Бутербродтар жай, күрделі, ашық, жабық болып келеді. Түріне қарай олар «канапе», «хот - дог», «гамбургер», «сэндвич», «тартинка», «шаурма», «донер», т. б. деп аталады. Қолданылған қоспаға қарай бутербродтар былай бөлінеді:
- еттен жасалған;
- балықтан жасалған;
- сүттен жасалған;
- көкөністен жасалған;
- жемістен жасалған;

Бутерброд дайындауға көптеген азық - түліктер қолдануға болады. Бутербродты шикі көкөністер - қызанақ, жас және тұздалған қияр, шалға, салат жапырақтары, аскөк, петрушка, балдыркөк қосып әзірлейді. Бутербродттағы нан тілімдерінің қалыңдығы - 10 - 15 мм болу керек. Нан тілімдері бірдей қалыңдықта болуы тиіс. Қара наннан майлы қазы, жая бутерброд дайындалады. Бутербродтарды ортақ тәрелкеден күрекше қасықпен алады. Сэндвичтерді шанышқының және пышақтың көмегімен, канепені кішкене семсер - таяқшалармен алып жейді.

Топпен жұмыс.«Кластер» стратегиясы бойынша ой қозғау.(5 мин)Шарты: Таратпаға жазылған «Бутерброд түрлері» сөзінің айналасына оқушы түрлері сөзін естігенде не түсінетіндігін жазады. (Оқушылар таратпаға өз ойларынан бутербродтың не екендігін, оның жасалу жолдарын жазады.

(Тапсырманыжұлдызшалар арқылы// бағалау )

VІІ. Жеке жұмыс. Сарамандық тапсырмалар. Сынып оқушылары өздері ұйлен алын келген көкөністер, бутербродқа керек заттарды шығарып,қолдарын мұқият жуып,қауіпсіздікті сақтай отырып өздері бутерброд жасайды. ( тапсырманы орындау уақыты 20-мин.) Жұмыс соңында оқушылар шығу парағын толтырады.

Сергіту сәті. Танымдық ойын «Нанды қадірлейік» Жалғасын тап!
Ас атасы....... (нан)
Асты тастама, нанды.......(аттама)
Астан үлкен.......(ешкім жоқ)
Ас адамның........(арқауы)
Х. Сабақты бекіту.

Қорытынды. Азықтар үйлесімді болса, бутерброд дайындау оңай әрі тиімді. Оның тағамдық құнары өте жоғары болады.

© 2010-2022