Матаны пішуге дайындау жұмыстары

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтық тақырыбы: Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс - тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі:үлгілер, ескертпелер, нұсқау карталары.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, математика.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ.
Пішудің алдында барлық матаны дерлік декатирлейді.
Декатирлеу (тігер алдында мата отырмас үшін) - мақта, мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды), бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді. Синтетикалық талшықтармен араластырылған жүн матаны ылғал жаймаға салып, дөңгелектеп орайды, содан кейін 2-3 сағат ауыр затпен бастырып қояды. Жайманы сулау үшін сірке суының ерітіндісін пайдаланады (2 л жылы суға 1 ас қасық сірке суын қосады). Шала кепкен матаның (бойлық жіп бағытымен) терістеме жағынан дәке немесе жұмсақ жұқа мата жайып, үстінен бастыра үтіктейді.
Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау.

Жүн маталарды орағанда өңін ішке қаратады. Мата жиегіндегі түйрелген іздердің томпиған жағы оң жаққа қарайды.
Сәтен матаның өң жағы (көлденең жіптің ширатылуына байланысты) жылтыр болады. Егер матаның өң жағы мен терістеме жағы бірдей болса, онда салыстырмалы алғанда сапалы жағы өңі деп есептеледі.

Түкті маталарға терістеме жағынан әрбір 50-60см-ден бағдар сызық қойып, түгінің бағытын көрсетіп отырады. Түкті матадан тігілетін киім бөлшектерін пішкенде, мата түгі бір бағытта жатуы керек: барқыт және ши барқыттан киім тіккенде түгі жоғары қарайды; ұйпалақ матаның түгін төмен қарайтып пішіп қияды.
Ірі өсімдік бейнелі орнаменті бар матадан бұйым дайындағанда тамырын төмен қаратып, симметриялы орналастырады.

Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін тігінші борымен немесе ине шаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібереді.
Лекалоларды жайып пішу.
Пішу алдында матаның жиектері келтіріп, өң жағын ішке қаратып, арқау жіптің негізгі жіпке көлденең келуін қадағалай отырып, ұзынынан екі бүктейді. Егер мата шеті қиғаштанып тұрса, ондай бөліктері пішімнен түсіп қалады.



© 2010-2022