Тема доклада: Болашақ мұғалімдердің кәсіби тұрғыда даярлауда іскерлік дағдыларын қалыптастыру

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің

«Педагогика және психология» пәндік циклдік комисиясының оқытушысы Мелдебекова Ұ.С.

Тақырыбы: Болашақ мұғалімдердің кәсіби тұрғыда даярлауда іскерлік дағдыларын қалыптастыру

Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жол­дауында жастарға ерекше назар аударды. Қазақстанның 2050 жыл­ға дейінгі әлемдегі орны мен бағындырар биіктерін айқындап берді.
Алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің бірі болуы бүгінгі жастардың жоғары дәрежелі білімді, мәдениетті маман етіп тәрбиелеуге тікелей байланысты . Оқу орындарына қойылатын негізгі талап - жан-жақты білімді, кәсіби мамандығын жете игерген, қабілетті , іскер маман дайындау. Жас ұрпақ тағдыры сеніп тапсырылған мұғалім мамандығын әзірлеуге қойылатын талап күн санап күшейіп келеді. Заманауи білім өмір бойғы қызмет өзегін құрайды. Қазіргі таңда мұғалімдерден ғылыми-ізденушілік дағдысы заман талабына сай талап етілуде. Осыдан келіп, мемлекеттік саясат талаптарына жауап беретін педагог мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін құру қажеттілігі туындауда[1] .

Үздіксіз білім берудің механизмі адамның рухани әлемін байыту, жаңа экономикалық және қоғамдық-саяси деңгейін көтеру, ғылыми-техникалық ақпараттарды қабылдау, зерделік және мәдени дәрежесін мейлінше арттыруға келіп саяды. Болашақ мұғалімдердің ерекшелігі - оларды тек дәстүрлі оқыту үрдісін меңгеруге ғана емес, одан да кеңірек, алуан түрлірек - ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы қалыптастыруға негізделген жаңаша даярланған жаңа тұлға ретінде бағдарлануына бағытталуында. Қазрігі білім беретін оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау мәселесінің күрделігі, білімгердің жеке тұлғасының бағыт-бағдары мен оны жетілдіру жолдары өте маңызды әлеуметтік - педагогикалық міндеттердің бірі болуға тиіс.

Бүгінгі білім берудің барлық саласында оқыту үдерісін ақпараттандыру жұмыстарын арттыруда педагогика ғылымы дамуының айқын тенденциялары белгіленді. Соңғы жылдары әлемдік қауымдастық өмірінде компьютерлік, телекоммуникациялық технологиялардың рөлі түбірінен өзгеріске ұшырады.

Бүкіл әлемді шарпып келе жатқан жаһандану үрдісі, ғылым мен білімді иегерудегі бәсекелестіктер дүние өзгерістері бізді де толғандырады . Болашақта тек білімді ел ғана қандай да болмасын бәсекелестікке төтеп бере алып, өзін - өзі сақтап қалатыны сөзсіз. Ел болашағы - білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру - ұстаздар қауымына ортақ іс. Ұстаздық - киелі әрі өте көне мамандық[3]. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан , қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе - жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиын мәселе өйткені әр адам қоғамдағы саяси - әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын, бүкіл дүние жүзінде мемлекетаралық интеграция күшейген сайын ұстаздың қызметі қиындай түсетіні анық.

Білім - адам сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сондықтан «адамды» өмір сүру барысында өзгеруге әлеуеті жететін ашық жүйе деп қарастырғанымыз жөн. Ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» - маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік - бұл білімді меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпы қоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек қарастырған жөн.

Мұғалім - бүгінгі оқушы - ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да осында деп түсінгеніміз дұрыс [2] .

Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары - олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады, себебі бүгінгі мұғалім шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Жас ұрпақты оқытуда тиімді жағдайлар жасау көбіне мұғалімге мәселесін зерттеу көкейкесті болып табылады[2] . Болашақ мұғалімнің міндеті - рухы мықты, жан дүинесі бай, жан - жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру . Жас ұрпақты дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда өмірде өз жолын өзі таңдауына түрткі болу - ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы абыройлы борышы. Педагогтік істің шебері болу кездейсоқ нәрсе емес, ол көптеген себептерге байланысты мұғалім ісінен орын алады. Демек, педагогтік шеберліктің әдепкі шарты - психология мен педагогика ғылымдарынан терең білімнің болуы . Мұғалім өз пәні бойынша оқушыларға білім беріп қана қоймайды, соған сәйкес оқушыны тәрбиелейді және жеке басын қалыптастырады. Бұл мұғалімнен баланың жас, дара ерекшеліктерін білуді, оған сәйкес оқушыны тәрбиелейді және жеке басын қалыптастырады[4]. Бұл мұғалімнен баланың жас, дара ерекшеліктерін білуді қажет етеді. Олай болса , болашақ мұғалімдерді ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде кәсіптік деңгейі және ұстаздық шеберлігі жоғары болуы үшін педагогикалық және психологиялық арнайы зерттеулер негізінде айқындалған педагог мамандығына тән іскерлік пен дағдыларды меңгеруі тиіс. Өйткені педагогтік іс-әрекет өте динамикалық жүйе, оның өзіндік арнайы құрылымы бар. ( Олар бірнеше бөліктерден тұрады.)


Мұғалімдерге қажетті іскерліктер

Танымдық

ҰйымдастырушылықТема доклада: Болашақ мұғалімдердің кәсіби тұрғыда даярлауда іскерлік дағдыларын қалыптастыруТема доклада: Болашақ мұғалімдердің кәсіби тұрғыда даярлауда іскерлік дағдыларын қалыптастыру

Тема доклада: Болашақ мұғалімдердің кәсіби тұрғыда даярлауда іскерлік дағдыларын қалыптастыруТема доклада: Болашақ мұғалімдердің кәсіби тұрғыда даярлауда іскерлік дағдыларын қалыптастыруТема доклада: Болашақ мұғалімдердің кәсіби тұрғыда даярлауда іскерлік дағдыларын қалыптастыруТема доклада: Болашақ мұғалімдердің кәсіби тұрғыда даярлауда іскерлік дағдыларын қалыптастыру

Құра білу (конструктивтік)

Хабарлау (информациялық)

Қарым-қатынас (коммуникативтік)

Зерттеушілік


Мұғалім мамандығын даярлау - қашан да педагогиканың көкейкесті мәселесінің бірі және солай қала береді де. Оның себебінің бірі ретінде ғылым мен техниканың, ел экономикасының дамуы мен әлеуметтік өмір сүру жағдайының жоғарылауына және т.б. байланысты білім мен тәрбие ісінің өзгеруін, соған сәйкес жаңа тұрпатты мұғалімді даярлау ұдайы өзгерісте болуын айтуға болады.


Әдебиеттер:

  1. Қ.Р. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналаған мемлекеттік бағдарламасы

  2. С.А. Мусаева «Білімгерлердің ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру» Тараз 2002 ж

  3. «Ұлағат» жұрналы 2009 ж

  4. Возрастная и педагогическая психология : Хрестоматия сост.

И.В. Дубровина , А.М. Прихожан : М , 2005


© 2010-2022