Миға шабуыл Жалпы балалардың немесе мүмкіндігі шектеулі балалардың нені қалайтынын түсіну

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жалпы балалардың немесе мүмкіндігі шектеулі балалардың нені қалайтынын түсіну»

Мақсаты: әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің "ойларын пісіру";

Ұйымдастыру бөлімі:

- Салеметсіздер ме! Құрметті әріптестер! Бүгінгі таңда бала тәрбиесі үлкен проблемма екені белгілі. Балаларымыздың нені қалайтынын, не болғысы келетінін біріміз білсек, біріміз білмеспіз. Бүгін осы сұрақтың шешімін тауып көрейік. Әр біреуіміз ойымызды айтып, кеңесімізбен бөлісейік.

Бөлініп тұрған үш топ болып жұмыс жасаймыз. Әр топтан бір-бір адамнан шығып мына қағаздарды таңдап алайық. Алдарыңызға қойылған балауыз шамды жағайық. Балауыз шамға қарап отырып, таңдаған парақша бойынша, бір топ мұғалім, бір топ ата-ана, бір оқушы болып эссе жазамыз. Бес минут уақыт беріледі эссе жазуға, одан кейін шығармамызды сағат тілімен айналдырып, біріміздікін-біріміз оқимыз. Кейін ең үздік шығарманы таңдап, сол шығарманы оқимыз.

Енді құрметті әріптестер ортада алты шляпа берілген, әр топтан екі адамнан шығып осы шляпаларды таңдап аламыз.

Атақты ғалым Эдвард де Боно алты ойлау стратегиясын ұсынған екен.

Ақ шляпа - ақпараттар, фактілер

Қызыл шляпа - ішкі сезім

Қара шляпа - логикалық негативті ойлау

Сары шляпа - логикалық позитивті ойлау

Жасыл шляпа - шығармашылық ойлау

Көк шляпа - ойлау процесін басқару

Яғни, ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Қызыл (от) - ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Қара (тұман) - негативті ойлау, мысалы: "бұл орындалмайды, себебі...."

Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

Жасыл (дала) - жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк (аспан) - жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.

Қазір экраннан «Теледидар тәмсілі» атты шығарманы ұсынамын.

«Теледидар тәмсілі»

Бір күні бастауыш сынып мұғалімі шағын шығарма жаздырды. Шығарма олардың құдайдан не тілейтіні туралы болатын. Кешке, мұғалім балалар жазған жұмыстарды қарап отырды. Бір шығарманы оқығанда, оның көңіл-күйі қатты бұзылды. Сол кезде күйеуі кеп, жылап отырғанын байқап: -Не болды , деп сұрады. Ол күйеуіне: мә мынаны оқышы,- деп шығарманы берді. «О, құдай, мен сеннен ерек бір нәрсе сұраймын: мені теледидарға айналдыршы. Мен соның орнында болғым келеді. Мен біздің үйдегі теледидар сияқты өмір сүргім келеді. Мен сол сияқты ерекше орында болып, айналама сол сияқты бәрін жинағым келеді. Менің сөзімді бөлмей тыңдағанын, мен сөйлегенде сұрақ қоймағанын қалаймын. Менің бәрінің назарында болғым келеді. Теледидар жұмыс істемей қалған кездегідей, маған да қатты алаңдағанын қалаймын. Мен тіпті, үйге қатты шаршап келгенде де қарайтындай, әкемнің қасында болғым келеді. Анам да мені елеусіз қалдырмай, жалғыз қалып мұңайған кезде, менің қасыма келгенін қалаймын. Кейде ата-анам, барлық жұмыстарын жайына қалдырып, шамалы уақыт менімен болғанын қалаймын. О, құдай, мен көп сұрап отырғаным жоқ. Менің, бар болғаны теледидар сияқты өмір сүргім келеді»

-Масқара ғой, байғұс бала, - мұғалиманың күйеуі қатты таң қалып, -мыналар өзі қандай ата-ана?

Ол көзі жасқа тола отырып, күйеуіне былай деді: -Ол біздің баламыздың шығармасы ғой...

Сонан кейін ұзақ үнсіздік орнады. Шыныда да ойланатын нәрсе еді. Осы тәмсілді оқыған барлық ата-аналарға сұрақ:

-Сіздер балаңыздың «не» болғысы келетінін білесіздер ме?

Он минуттай ойланамыз әр ойлау шляпасы бойынша жауап береміз.

-Міне, көптеген ойлар айтылды, тұшымды-тұшымды пікірлар ортаға салынды. Осы көрген, білгенімізден түйіп, балаларымызды, шәкірттерімзді бағалай білейік. Адамға күн шұғыласы қандай қажет болса, тәрбие де сондай қажет,ендеше тәрбиелеп, өсіріп келе жатқан балаларымызға жылы-жылы сөздер айтып сырласайық. Жылы сөз тәрбиенің кілті де, құлпы да, сондықтан жылы сөз сөйлеуге әр кез дайын болайық. Ал, ендеше ортаға шығып, шеңбер құрып тұрайық.

Сергіту сәті:

Жұмыла көтерген, жүк жеңіл,-демекші әрдайым бірігіп жұмыс жасауға шақырамын.

Тірлік басқа болса да,

Тілек бір.

Бармақ басқа болса да,

Білек бір,- дегендей бәріміздің де мақсатымыз біреу, осы тәрбиелеп отырған балаларды ақылды, парасатты адам қылып шығару. Бір-бірімізге сүрінсек сүйеу болып, жығылсақ көтеріп жіберетіндей жақын болайық.

Келешектегі педагогиканың негізгі принципі біреу ақ болуы керек: мектеп балалар үшін, ұстаз балалар үшін, қоғам балалар үшін, өндіріс балалар үшін, отбасы балалар үшін, бәрі бәрі тек балалар үшін қызмет етуі керек, сонда өмір жетіле, көркейе, көлемдене, кеңи бермек, адамның адамдық қасиеті арта бермек.

© 2010-2022