Өмір деген. .. 4 сынып

Раздел Социальному педагогу
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өмір деген... 4 сыныпӨмір деген... 4 сыныпӨмір деген... 4 сыныпСұлужон жалпы орта білім беру мектебі


Ашық сынып сағаты



«Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша»

4 сынып






«Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша»

Мақсаты: Өмірді сүюгеүйрету, оның әрбір сәтін қадірлеуді түсіндіру. Өмірдің мәні туралы ой-пікірлерін ортаға салдыру, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- оқушымен амандасу;

- психологиялық сәт («Өзіне хат» Қазір сен өзіңе өзің хат жазасың. Сіз бұл хатты алдыңыз. Бірақ хатты алған адам не істейді? Хатқа жауап береді. Сондықтан сен хатқа нақты жауап жазасың.)

ІІ. Сабақтың тақырыбын ашу

Ал енді, бүгінгі тақырыбымыз «Өмір деген ...» қалай аяқтар едіңіз? (оқушылар өз нұсқаларын айтады) «Өмір деген ғажайып, өмір деген тамаша» тақырыбында жұмыс жасайтын боламыз. Тақтаға назар аударайық.

«Өмір сүрудің екі тәсілі бар. Біріншісі - ғажайып жоқ деп өмір сүру; екіншісі - өмірде бәрі ғажайып деп өмір сүру». Қалай ойлайсың, бұл сөзді кім айтты. (ақын, лирик, ғашық адам т.б)

Бұл сөзді Альберт Эйнштейн айтқан болатын.

  • Өмірде ғажайып болмайды деген пікірді қолдайсын ба?

  • Ал өмірде бәрі ғажайып деп ойлайсың ба?

  • Көктем келіп айналаның құлпыруы, күннің жарқырауы - ғажайып емес пе?

Мысал келтірші, сеніңше ғажайып деген не? (жауап тыңдалады)

Ғажайып Ғажайып емес


«Мен кіммін»


ІІІ. Жинақтау.

Қазір өмір деген сөзді жазыңыз

Ө -

М -

І -

Р -

Әр әріптің жаңына өмірге қатысты сөздер жазыңыз.

ІҮ. Өмірімнен естелік...

Өмірлерінде болған, есте қалған ғажайып туралы айтып берулеріңізді сұраймын.

Ү. Серіту сәті.

«Отырып билеу»

ҮІ. Талдау.

Мүмкін сізде оның есімін естіген шығарсыз? Ник Вуйчич аяқ-қолсыз дүниеге келген жарымжан екендігіне қарамастан өн бойынан өмірге деген құштарлық таба білген адам. Ни́к (Ни́колас) Вуйчич(ағылш. Nicholas James Vujicic) - кәсіби мотивациялық оратор, сирек кездесетін синдром тетра-амелия деп аталатын ауру түрімен туылған.

Ол 1982 жылы 4 желтоқсанда Австралияның Брисбене қаласында Борис Вуйчич пен Душка Вуйчич отбасында дүниеге келген. Ол екі қолы және екі аяғы жоқ болғанына қарамастан дені сау бала болып өмір есігін ашқан.Сондықтан да ата-анасының талабы бойынша ол мүгедектерге арналған емес, қарапайым мектепте білім алған. 10 жасқа толған кезінде сыныптастары тарапынан көрген қорлыққа шыдамай суға батып өлмек те болыпты. Алайда оны жақындарының қандай азап тартатыны туралы ой тоқтатқан екен. Ол физикалық тұрғыдан кемістіктеріне қарамастан серфингпен айналысуға, скейтборд тебуге құмар болады. Гольф ойнағанды ұнатады. Ол есепші(бухгалтер) және қаржыгер мамандықтары бойынша екі жоғарғы оқу орнын 21 жасында тәмамдаған. 19 жасынан бастап студенттер, баларлар алдында өз өмірі туралы айтып, жастарды өмірді сүюге тәрбиелей бастаған.

Ал 2005 жылы ол «Ең жас автралиялық азамат» атағын иеленді. БұлАвстралиядаөтемәртебеліатақболыпсаналады. 1999 жылы «Жизнь без конечностей»(ағылш. LifewithoutLimbs) депаталатынұйымқұрған. «AttitudeIsAltitude» дегенқоғамдықмаңызы бар мәселелердікөтеретінкомпанияныңпрезиденті. Соныменқатарбүгінгітаңдаәлемнің 5 құрлығы мен 70-тен астам мемлекетінаралап, жарымжанжандарүшінқандайжағдайда да өмірсүрукерекекендігіжайындабаяндамалароқыған.

Әлемнің елдерінаралапмектептер мен университеттердеөнеркөрсетіп, көптегенадамдардыңжүрегінеүмітотынұялатабілген Ник Вуйчич жастардыңөмірмәнінтүсінулерінетүрткіболғанатақтытұлға. Аяқжағындағыкішкенесаусақтарыкөмегіменкомпьютерде 1 минутта 43 сөзтеруарқылыөзініңөміріжәнемүгедекжандардыңжағдайытуралы «Жизнь без ограничений» (LifeWithoutLimits: Inspirationfor a RidiculouslyGoodLife) дегенсияқтыбірнешекітапжазыпшығарған.Соныменқатаркөптегентелешоуларға қатысқан,2009 жылы «Цирк бабочек» («TheButterflyCircus») дегенмүгедекжанныңтағдырытуралыфильмге де түскен. Қолыжоқ бола тұра 1 сағатта 1749 адамдықұшақтапәлемдік рекорд орнатқанболатын.


ҮІ. «Бірақ» тренингі

Мен шаршадым, бірақ...

Мен кішкентай бойлымын, бірақ...

Мен ұялшақпын, бірақ...

Мен сөзге жоқпын, бірақ...

Мен бауырсақ пісіре алмаймын, бірақ...

Мен оқушымын, бірақ...

Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ...

Мен сұлу емеспін, бірақ...

Мен құрбымды ренжіттім, бірақ...

ҮІІ.Қорытынды

Өзіңізге кейде не үшін өмір сүріп жүрмін деген сұрақты қоясыз ба? Көбінесе біз ата-анамызға менде анау жоқ, мынау жоқ деп шағым айтамыз. Бет әлпетімізге қарап қасым ұнамайды, тырнағым ұнамайды деп жиі өзімізден мін тауып жатамыз.Бірақ, бір сәт ойланып қарасақ тырнағы түгілі қолы, аяғы жоқ адамдар да бар ғой. Басына бір кішкентай қиындық түссе өмірден түңіліп, адасып жүргендер қаншама? Он екі мүшесі сау бола тұра, не үшін өмір сүріп жүргендерін өздері түсінбей, қаңғыбас болып кеткендер қаншама? Өмірді таңда
Өмір - адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата - анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс. Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды.
Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,
Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ.
Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.

Ал Дилара мен сабағымызды аяқтадым, қорытынды сөзімді айттым, енді сенің қорытынды сөзінді тыңдасам.

Рахмет.

Өмірде қандай жағдай болмасын, есіңде сақта, кез-келген жағдайдың шешілетін жолы бар.



© 2010-2022