Баяндама тақырыбы: Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың деңгейі

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Дүкен негізгі мектебі








Баяндама








«Мұғалім тұлғасына қоғам қоятын талаптардың деңгейі»













Өткізген: Тарих пәнінің мұғалімі Дербісова Ақберен
















2014-2015 оқу жылы


«Мұғалім тұлғасына қоғам қоятын талаптардың деңгейі»

Баяндама

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, естіген және оңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын алғырда, зерек, ақыл иесі, өте шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасапүлгі көрсететін қорқу мен жасқануды білмейтін, батыл, ержүрек болуы керек»-деген еді. Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орыны ерекше. Сондықтан да қоғам, мұғалім тұлғасына үлкен талаптар қойып отыр.

Ұстазға қойылатын талаптарды 3 топқа жіктеп көрсетуге болады. Олар мыналар:

1. Мұғалімнің жеке басының ізгіліктілік бағыттылығы, қоғамдық борыштылықпен үлкен жауапкершілік сезімі. (Мұғалімнің жауапкершілік сезімі)

2. Кәсіптік мамандық даярлығы тереңде тиянақты, жалпы ғылымдық білімі, өз пәнін игеруі, оның оқыту әдістемесін психология мен педагогиканы меңгеруі.

(Мысалы мен тарих пәнінің мұғалімімін. Мен өз пәнімді терең білуім керек)

3. Педагогтың технологияны игеруі кәсіптік мәдениет.

(Мұғалім курстарға, семинарларға қатысуы, өзін-өзі ұстай алуы)

Жаңа қоғам кеңестігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртімен ғылым негіздерін беріп қана қоймай, оның дүниежүзілік білім, ақпарат қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарып отыруға тиісті. Бұл іске нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш жаңаша ойлау жүйесін меңгерген жан-жақты білімдарлығы тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі тек биік мақсаттарға жете алмайтындығы анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу.

Бұл жағдайда қоғам мұғалімнің алдына бір талай, бір қатар талаптар қойып отыр:

1. Мұғалімнің ғылыми әдістемелік біліммен терең қарулануы.

2. Педагогика мен психологияны жетік меңгеруі.

Білім - адамның сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан біздің жағдайымызда, ол-педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Біліктілік - бұл білімді меңгерудегі тәжірибедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.

Білім сапасы - мұғалім қызметінің сапасы. Оқушыларға нені үйрету керек екенін, мемлекеттік стандарттар, бағдарламалар белгілейді. Ал «қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай өзінің нақты мақсаттарын болжап көре алуынан баланың әрекетін ұйымдастыра алатын шеберлігінен іздеу керек.

Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын адамдармен, әсіресе оуқшылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін талантымен тәжірибесі тоғысқан қоғамдағы саяси өмірде белсенді араласып елімен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын.

Қазіргі заман мұғаліммен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес тарихи танымдық педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етеді. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білімі мен білігі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.

Қорыта келе қазіргі қоғам оқушы алған білімін кез келген жағдайда қолдана алатын сыни тұрғыдан ойлана білетін кез келген ортада ынтымақтаса жұмыс жасай білетін, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасқан оқушыны талап етеді. Ал сол оқушыны тәрбиелейтін айтылған деңгейде жеткізетін - ұстаз. Олай болса ұстаз да өз деңгейін үнемі жетілдіруге міндетті. Сөзімнің соңын орыстың ұлы ойшылы Лев Толстойдың «Егер мұғалім өз бойына, өз ісіне шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол-нағыз ұстаз» деген. Мұғалім өзін үздіксіз дамыта білім жетілдіруді, заман ағымымен тереңдей қадам басуды әрбір ұстаздан қоғам талап етеді.















Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті парасатты, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің ірге тасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар:

Тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі- адамгершілік, имандылық,ізгілік,елжандылық.

Үздіксіз тәрбиенің негізі -ұлттық тәлім-тәрбие.

Жас ұрпақты іс-әрекетпен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу.

Тәрбие-жүйесінің барлық буынында ана тілін пайдалану.

Тәрбие жүйесінің барлық сатыларымен салаларында тәрбиенің сабақтастығымен үздіксіздігін, талап бірлігін қамтамасыз ету.



© 2010-2022