Қамқоршы күні Жылы жүрек-жомарт қол 1-11 сынып

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Жылы жүрек - жомарт қол»

қайырымдылық шарасы

Тақырыбы: «Жылы жүрек - жомарт қол»қайырымдылық шарасы

Мақсаты: Балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыра отырып, оқушыларды кішіпейілдікке , бауырмалдыққа баулу.

Әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсеткен жандарға ризашылықтарын білдіру ;

Жүру барысы:

І-жүргізуші: Қайырымды бола білу үлкен іс,

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп.

Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,

Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.

Армысыздар, жүрегі мейірімге толы ардақты ата-аналар, қонақтар жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы-жомарттық, кеңпейілдік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу -өзіңде барды әру адаммен шын жүректен бөлісу. Ендеше Ризашылық күн ұйымдастырылған «Жылы жүрек- жомарт қол» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымызды білдіреміз!!!
Сонымен, ізгі ниетті, ақ тілеулі ағайын, сөз кезегі жақсы іске жанашыр болып, демеушілерімізді бас болып келіп отырған аудандық білім бөлімінің бала құқығын қорғау жөніндегі маманы Зинура Қалқаманқызына, осы ауқымды шараны өткізіп отырған Үшбұлақ орта мектебінің директоры Ерлан Бекмұханбетұлына беріледі.

ІІ- жүргізуші: Балаларды қорғау керек бәрінен.

Қардан, қыстың қаһарынан ,кәрінен.

Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,

Жан шуағы, мейірім, бақыт, қуаныш

Балаларға бөлінбесін алалап.

Сіздерге шын көңілден өз ризашылықтарын Ақ көгершін» әні арқылы білдіруші ағайынды Аружан, Назира және Али Каюмовтар

І-жүргізуші: Егеменді еліміздің жарқын болашағы -бүгінгі жас бүлдіршіндер.Сондықтан , барлық игі жақсылық пен жүрек жылылығы балғын балаларға арналады. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.Бүгін міне ауданымыздың түкпір-түкпірінен осындай жандар жиналып отыр. Сіздер қамқорлық жасап отырған балалар да шетінен өнерлі.

Мектеп оқушылары өткен оқу жылында халықаралық балаларды қорғау күніне ұйымдастырылған аудан бойынша «Dance-life» тақырыбындағы аула билері байқауында заманауи би бойынша 1-орынды жеңіп алған еді. Бүгін де сол топ ортаңызда. (Флешмоб )

ІІ-жүргізуші: Неткен құдірет! Күн ғой сәби күлгені

Жарқыратып жібереді-ау дүниені

Жетеді ме күлгеніне сәбидің ,

Жарты әлемнің барлық жалын гүлдері

5-сынып оқушысы Слямбеков Азаттың орындауында « Алға,алға қазақ жігіттері» әні, мектебіміздің кішкентай бишісі Каюмова Назираның орындауындағы үнді биі балаларға қамқорлығымызды аямай, оларды аялай білейік деген ниетпен келіп отырған қонақтар мен демеушілерімізге арналады. Қабыл алыңыздар!

І-жүргізуші:

Сіздер жасаған қайырымдылықтарыңыз әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны сөзсіз

(Қазақ биі орындайтын қыздар тобы)

ІІ-жүргізуші: Алаңдатпай сәби сүйген ананы

Қатыгездік, безбүйрек, өктемдік

Жауыздықтан қорғау керек баланы

Ауру, апат, жоқшылықтан, аштықтан

Жалқаулықтан, жат қылықтан, мастықтан

Балаларды қорғау керек , ажыратпай

Ойын-күлкі, ұйқысынан шаттықтан.

Адамдарға адамдардың оғы ұшқан

Қорғау керек балаларды соғыстан

Болашақтың , барша ұлттық тағдырын

Балалардың тағдырымен тоғысқан.

«Бала сұлтаны-2015» байқауының бас жүлде иегері Тұрсын Нұрланның орындауында ән «Қазақ жастары»

(Би «Жаяу» орындайтын қыздар тобы)

І-жүргізуші: Көрмей өскен өмірдің дала мұңын

Бақыт деген балдәурен балалығын

Бақыт деген ата-анам қуандырған

Жеңістерім, табысты әр адымым

7-сынып оқушысы Тұрсын Елжанның орындауындағы «Әкелер» әні барша әкелерге арналады.

Оған сіздер қыздардың орындауындағы «Достық»биі арқылы куә бола аласыздар

ІІ-жүргізуші: Сүйкімділер, періштелер сендерсің,

Қандай бейне өздеріңе тең келсін.

Данышпан да, ғарышкер де,ғалым да,

Ең алдымен балалықты меңгерген

Сендер дағы өздеріңше күрессең,

Өздеріңше сендер де өмір сүресің.

Болашақты жалғау үшін болашақ

Бола жатар сендердің де үлесің

5- сынып қыздарының орындауындағы қазақ биін қабыл алыңыздар

ән «Шайхана» орындайтын 11-сынып оқушысы Тұрсын Еламан

(Заманауи би орындайтын қыздар)

І-жүргізуші: Мейірімділік- ғажайып өмір есігі,

Мейірімді болсаң, сазды әуенмен тербетер бесігің

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейірімсіз болсаң, Алладан болмас кешірім

Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Қайтарма қолын адамның көмек сұраған

Оу, Адамзат , сіңірген бойға мейірімді.

Би «Цыганка» орындайтын 7-сынып қыздары Тұмарбекова Айымгүл және Тұрсынова Ақнұр

(Ән «Жан жылуы» )

Бүгінгі «Ризашылық» күніне арналған мерекелік бағдарламамыз өз мәресіне жетті. Демеушілерімізді балаларға дайындаған сыйлықтарын тапсыруға шақырамыз. . Осындай қайырымдылық акциялары әлі де өз жалғасын таба береді деп сенеміз.

ІІ-жүргізуші: Баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балаларға адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып, келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.

Бала -бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын. Қош,сау болыңыздар!


Қамқоршы күні Жылы жүрек-жомарт қол 1-11 сынып

Қамқоршы күні Жылы жүрек-жомарт қол 1-11 сыныпҚамқоршы күні Жылы жүрек-жомарт қол 1-11 сынып

Қамқоршы күні Жылы жүрек-жомарт қол 1-11 сыныпҚамқоршы күні Жылы жүрек-жомарт қол 1-11 сынып

Қамқоршы күні Жылы жүрек-жомарт қол 1-11 сынып

«Үшбұлақ орта мектебі»КММ




Қамқоршы күні Жылы жүрек-жомарт қол 1-11 сынып

(ризашылық)





2015-2016 оқу жылы

© 2010-2022