Отбасы - тәрбиенің қайнар бұлағы

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отбасы - тәрбиенің қайнар бұлағыТәрбие сағаты

Тақырыбы: Ардагер - аталарым аман болсын!

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету.

  2. Дамытушылық: Отанды қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету.

  3. Тәрбиелік: Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу; отансүйгіштікке, елжандыққа, батылдыққа, шыншылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, әңгімелесу, тақпақ, нақыл сөздер.

Көрнекі құралдар: көрініс, тақтада плакаттар,нақыл сөздер, Ұлы отан соғысы батырларының суреттері.

Жүргізуші: Қайырлы қүн! Құрметті ардагер аталарымыз, ұстаздар, оқушылар, келген қонақтар. Ең алдымен сіздерді келе жатқан 9 мамыр- Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Аспанымыз ашық, күніміз тыныш, өміріміз ұзақ болсын. Әрқашан күн сөнбесін, ағайын.

Бүгінгі біздің тәрбие сағатына Ұлы отан соғысына қатысқан өзіміздің туған жерлесіміз Жәдікұлы Қоқай атамыз қонаққа келіп отыр.

Ал, оқушылар, сабақтың саңына дейін сұрақтарыңыз болса, қойып отырыңыздар.

Ал енді сабағымызды әнұранмен бастауға рұқсат етіңіздер.

Әнұран орындалады.

Бүгінгі тәрбие сағатымды «ашық» деп жариялаймын.

1945 жылы 22 маусымда таңғы 4- те соғыс жарияламай Германия Кеңес Одағының шекарасына өздерінің қарулы күштерімен басып кірді. Отанымыздың қару ұстауға жарамды әр азаматы өз елін, халқын қорғауға ат салысты. Ұлы отан соғысына Қазақстаннан 1 млн 700 мыңңан астам жауынгерлер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар-ошарсыз кетті. Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушылардың біздің қатарларымыздан алып кетіп жатыр. Олар азайған үстіне азайып барады. Бірақ ешкімде, ештеңе де ұмытылуы тиіс. Себебі, бұл біздің таризымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз. Солай болғандықтан өскелең жас ұрпақты, сіздерді, аға буынның майдан мен тылда көрсеткен ерліктері үлгісінде тәрбиелеуге міндеттіміз.

Ал қане балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр? (9 мамыр Жеңіс күні)

Ия, дұрыс айтасындар.

Ал енді айтындаршы Ұлы Жеңіске неше жыл? (70 жыл) Өте дұрыс айтасындар, жарайсындар.

Ұлы отан соғысына қатысқан қандай батырларды білесіздер? Өзіміздің жерлестерімізді атап кетсеңдер. (Қасым Қайсенов, Талғат Бегелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, өз жерлестеріміз Нұрханов Қасыбай, Туғанбайұлы Қайдар атамыз, Тұрғын Мешітбай атамыз, Әділхан Нұршайықов т.б.)

Ал енді оқушылар бізге не дайындаған екен, соны тыңдап өтейік.

Эльмира: Мұндай жойқын апаттың көріп түрін,

Адамзат естімеген бұдан бұрын.

Талқандап фашистерді азат болған,

Атаймыз жыл сайынғы Жеңіс күнін.

Ерхан: Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар,

Кеудесін отқа төсеп лаулағандар.

Бір сәтке сол ерлерді еске алайық,

Жеңіс тойын 70 жыл тойлағандар.

Жүргізуші: - деп сонау сұрапыл жылдары Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан жандарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық....

1 минут үнсіздік.

А.Сабина: Оңайлықпен түкен жоқ Жеңіс бізге,

Соғыс келді-ау түсірді ауыр күйге.

Жұрт күйзелді төгілді қанша көз жас,

Түнерді қайғы бұлт талай үйде.

Бекежан: Біріктіріп үміті мен тілегін,

Біріктіріп барлық күшін жігерін.

Ана үшін, бала үшін, жер үшін,

Жасқанбастан тосты оққа жүрегін.

Алихан: - Қымбатты бауырлар, 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия тұтқиылдан Отанымызға шабуыл жасады. Ол бізді бостандығымыздан айырып, жерімізді таптамақ болды. Бірақ олай болмақ емес! Біз жеңеміз, әділет әрқашан жеңбек. Фашистерге өлім келсін!-деп хабарлады.

Жүргізуші: Ағылған халық отан үшін жауға қарсы күреске жіберуін сұрауда. Кәрі де, жас та, қыздар да, аналар да әскерге іліккен жастардышығарып салуда.

Көрініс көрсетіледі:

Көрініс 1:

Ана: - Сен кетсең солды гүлім, өшті үнім,

Жайылар қос қолым мен қос бұрымым.

Келгенше қайта айналып, кім бар, кім жоқ,

Тапсырдым бір құдайға қош құлыным! (Аружан.)

Бала: - Қайтармын соғыстан қол босағасын,

Сенемін сен үмітпен тоса аласың.

Майданға кіргеннен соң хат салармын,

Жылама хош болып тұр, хош анамыш. (Таир)

Көркем сөз:

Жансая: Шығыстың қос шынары.

Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың,

Ерлігіне таңданамын ғажап тым
Солар төккен қызыл қанның арқасы
Қазақстан аспанында азат күн

Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр,
Мәңгілік от ескерткіші алауы.

Жүргізуші: Ұлы Отан соғыс басталғанда Әлия небәрі 17 жаста болған екен. 1942 жылдың аяқ кезінде ол өзі сұранып, атқыштар мектебіне оқуға түсіп, оңы үздік бітіріп шыққан соң майданға аттанады. Әлия 1924 жылы 15 маусымда Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалған. Әубәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алған.

Келесі көріністі тамашалаңыздар, Әлия мен Командир

Көрініс 2:

Командир: Сіз жауынгерлік тапсырманы орындауға өте нәзіксіз ғой? Майданға қалайша келдіңіз? Жасыңыз нешеде? (Таир)

Әлия: Мен Молдағұловамын, қазақстандықпын. Жасым 17- де. Майданға өз бетіммен келдім. Қандай болсын жауынгерлік тапсырманы орындауға дайынмын. (Аяулым)

Командир: сен бүгінгі түнде барлауға шықпа! Тынығып ал! (Таир)

Әлия: Менің жаным кетіп бара жатқан жолдастарымнан артық емес. Ел үшін! Отан үшін! (Аяулым)

Нұрсұлтан: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте,

Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте

Отанының бақыты үшін мерт болған

Батырларды есте ұста құрметте!

Анель: Сен құрметте оны!

Түсіндің бе қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккеннен ұстап жүрген жоқ,

Қолындағы ұзын таяғын.

Ерасыл: Денесін оқ паршаласа да,

Ел намысын қорғап қалды.

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе қарағым?

Сенің келешегің үшін береді ол,

Азаттық жолында аяғын.

Жүргізуші: Ия, Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ! Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Талғат Бегелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Жұмағазы Сайн, Мұсабек Сеңгірбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен әкелерімізді, апаларымызды тарих бетіне «Батыр» деп жазып кеткен. Тағы осымен қатар өзіміздің жерлестеріміз де бар. Олар:

Нұрханов Қасыбай атамыз 1925 жылы Сарышығанақ ауылында дүниеге келген.

Айтуаров Тұрғын Мешітбай атамыз Әулиекөл ауданы Жолқұдық колхозында 1926 жылдың 11 мамыры күні туған.

Бекзат: Аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнағанына 70 жыл.

70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

70 жыл - шуақты күн таратты әнін.

Есімде соңын бәрі 70 рет,

Ашылды жеңіс күннің парақтары.

Талай құс содан бері қайта оралды,

Соғыста өлгендер тек оралмады.

Жүргізуші:

-Қасиетті Жер - Ананың төсінде бейбіт өмір, бейбіт еңбек орнасын. Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы елміз. Елімізде және жер бетінде мәңгілік тыныштық сақталсын.

Құндыз: Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.

Ділназ: Қорғаймыз біз жерді ортақ қонысты

Міндеттіміз болдырмайға соғысты.

Осынау үнге бейбітшілік шеруі,

Адамзаттың арман тойы тоғысты.

Гүлдана: Биік үш бейбітшілік көгершіні,

Асып өт, нелер мұхит, не бір шынды.

Қаққанда қанатынды бірге естілсін,

Әлемге жасұрпақтың өршіл үні.

«Ақ көгершін» әні орындалады.

А.Сабина: 1945 жылы 30 сәуірдің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев. Төрт жылға созылған қан төгіс аяқталды.

Көрініс: Соғыс бітті. Тыңды айқас.

Басталды майдан дабылы.

Қайтты жігіт еліне

Қарсы алды туған ауылы. (Ділназ)

(Атқа мінген бала, сүйінші сұрап, шауып жүреді. )

Бала: Сүйінші, халқым, сүйінші!

Ерлікке ғажап - сүйінші!

Шаттан ата-анамыз,

Шаттан аға- баламыз,

Кек қайтарып фашистен

Соғыс бітті, Жеңіспен! Ура-а-а-а! (Ерхан)

Балдақты жігітке салем берген жұрт:

  • Айтшы,жігітім,

Жаумен қалай алыстың?

Ақтадың ба ел үмітін?

(Жігіт жауап қатпады, күлімдеп түймесін ағытты. Төстегі ерлік белгісі айтпай-ақ оны танытты.)

Б: - Ғафу жолдас! Көрінбейді бір аяғын, кешегі өткен сұрапылда бердің бе?

Ж: - Көріп тұрсыз, бір аяғым осында, екіншісі басып тұр - Берлинді...

Мейірлан: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Диас: Адамдар енді соғыс болмасыншы,

Жер үстінде гүл бағы солмасыншы.

Әр таң арайлы атып аспанында

Мәңгілік бейбіт өмір орнасыншы.

Я.Сабина: Отқа оранды далалар,

Күлге бөккен қалалар.

Жеңіс келіп көп күткен

Қуанады аналар.

Таир: Аспанда қара түнек баспасыншы,

Зіркілдепт зеңбіріктер атпасыншы.

Ана жесір, бала жетім болып,

Егіліп ешкім жылап жатпасыншы.

«Ақ кептерлер» әеі орындалады.

Атаға сөз беріледі. Рахмет сізге келгеніңізге. Әрқашан ортамызда өмір сүріп жүре беріңіз.

Жүргізуші: Халқымыздың зердесіне бұл күн 1945 жылдың 9 мамыры мәңгі есте сақталады. Өйткені, бұл әлем фашистік құлдықтан құтылған жыл.

Біз неміс басқыншыларының баса көтеп кіріп, жасаған қылықтарын ешқашан ұмытпаймыз. Ұмытпайтын себебіміз- біздің халқымыз көрген қайғы- қасіретті адам баласы, ұрпақтарымыз енді, ешқашан көрмесе екен деп тілейміз.

Бүгінгі тәрбие сағатын төрт шумақ өлеңмен аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Ешқашан көк аспанды бұлт шалмасын,

Ата-ананың жүрегі сыздамасын.

Еліміздің көк байрағы желбіресін,

Жер бетінде енді соғыс болмасыншы.

Осымен бүгінгі тәрбие сағаты соңына жетті. Келгендеріңіз үшін көп рахмет.







Жамбыл бастауыш мектебі

Тәрбие сағаты



3 «А» сынып



Орындаған: Хамзина Р.М.



2014-2015 оқу жылы





© 2010-2022