Тренинг социальному педагогу на тему Біз қандаймыз

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаттығу «Біз қандаймыз?»



Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірінің мінез құлықтарымен жете танысу.

Жүргізушілерден үлкенірек ақ парақ алып, бәрі шеңбер бойымен отырады. Әркім парақтың үстінгі жағына өзінің есімін жазады және парақты вертикаль сызықпен екі бөлікке бөледі. Сол бөлігінің жоғарғы жағына «плюс», оң жағына «минус» белгісін қоямыз. «Плюс» жазылған бөлікке, қатысушылар кез-келген түстің, кез-келген жыл мезгілінің,кез-келген жемістің, аңның, кітаптардың аттарын, өзі қанағаттану үшін оған не істеуге болатынын жазады, мысалы киноға бару, суда жүзу, кітап оқу т.с.с. «Минус» белгісі бар оң жаққа, әркім ұнамайтын түстерін, жануарын, жыл мезгілін және т.б. атап шығады. Жүргізуші әр бөлікті 10-12 минуттың ішінде кезкепен оқып шығады. Жүргізуші жеке өз жауаптарын жазады және бәрімен бірге жаттығуды орындауға қатысады.

Соңында, қатысушылар парақты кеуделеріне тағып алады. Барлығы үндемей, бөлме ішінде баяу жүреді және бір - бірінің парақтарына жазылғандарын оқиды.

Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? Алған әсерің қандай?



© 2010-2022