Сайыс, Күз-береке шуағы

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Сайыстың тақырыбы : Күз - береке шуағы

Сайыстың мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялауға баулу , өз бетінше еңбектенуге, күз туралы шығармаларды ізденіп оқуға , әсемдік ке тәрбиелеу.

Сайыстың көрнекілігі : Әр топтың газеттері, даналық сөздер, жеміс -жидектер, түрлі безендірулер.

1 - Жүргізуші :

Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын .

Бақпенен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

2 - Жүргізуші:

Табиғатты бабамыз ала берген секілді,

Дархандықты қазаққа дала берген секілді,

Еркелікті , ерлікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді - деп Қ. Мырзалиев ағамыз жырлағандай бүгінгі сайысымызды табиғатты аялау , табиғат сұлулығын сақтау , күзгі ас мәзірін дайындау, күз шығармаларын жырлаумен ұштастырсақ қандай ғажап!

Бишілер тобы Өзбек биін орындайды

Жүргізуші : Енді бүгінгі сайысымыздың бағдарламасымен

таныстырып өтейін.

  1. Әр топтың таныстыруы.

  2. Таң қалмаңыз.

  3. Би өнері.

  4. Ақын , жазушыларымыздың күз туралы шығармаларын бейнелеу.

  5. Күзгі киім үлгілері.

  6. Күзгі ас мәзірі.

  7. Өз өнерлерін көрсету.

2 - жүргізуші: Бәрімізге қашанда таныс ғұрып,

Сәнімен өнерімен жарып шығып.

Шығады сайыскерлер алдарыңа.

Өздерін жұртшылықпен таныстырып.

1- Жүргізуші: Сайысымыздың 1- туры бойынша ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.


Салқындады суытты күнде міне,

Азайды әсем құстар үндері де.

Кімдер тапқыр епті екен көрейікші,

Кезек келді таңқалдыру тұрлеріне.

2 - Жүргізуші : 2- тур бойынша сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

Табиғаттың ең бір әсем кезі еді,

Алтын күз де сұлулықты сезеді.

Сайыскерлер тербеледі әуенмен,

Қалықтаған бидің келді кезегі.

дей келе, сайыскерлерімізді 2- тур бойынша сахна төріне шақырамыз.

Өздеріңді ақындарға теңермедім,

Көрейік сайыскерлер өнерлерін.

Көрсетеді бейнелеп сайыскерлер ,

Ақындардың шығарма , өлеңдерін.

Енді ақын -жазушыларымыздың күз жайындағы шығармаларын бейнелеп көрсетеді

1 - Жүргізуші:

Сеземіз табиғаттың күзгі лебін,

Көрсетіп әсемдіктің шексіз легін.

Сайыскерлер шығады алдарыңа,

Көрсетіп күзгі киім үлгілерін

Әдемі де, әсем талғаммен тігілген киім үлгілерін көрсету үшін сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

/Қазақ биі -орындайтын: жас бишілер тобы./

2 - Жүргізуші: Шын талант сахнаны көркі етеді,

Халқына қадірлісін ерке етеді.

Сайыскерлер енді міне алдымызда,

Өздерінің өнерлерін көрсетеді.

Өз өнерлерін көрсетуге сайыскерлерімізді қарсы алайық!

/Ойылым ойдағы елім әні орындалады./

Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін сахна төріне қазылар алқасын шақырамыз.

1 - Жүргізуші

Қашанда қуанышқа толыңыздар,

Өнерде әлі талай жолымыз бар,

Осымен сайысымыз аяқталды,

Кездескенше есен сау болыңыздар!


© 2010-2022