Ашық сабақ Адам және отбасы

Раздел Социальному педагогу
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Адам және отбасы.

Сабақтың тақырыбы: Адам және отбасы.

Мақсаты: отбасы жайлы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - отбасының адам үшін маңыздылығын жан - жақты ашу; -отбасындағы жарасымды, сыйластық қарым - қатынастың дамуына ықпал ету; - отбасындағы сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, ойын, пікірін айту, жағдаятты талдау,анкетамен жұмыс.

Көрнекілігі: түрлі - түсті қағаз, суреттер, фламастер,видео ролик, слайд, стикер.

Сабақ барысы: Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау үшін сендерге жұмбақ жасырамын; Көшеде бір кісі келе жатыр қолында алты тапа нан. Осынша нанды қайтесің ? деп сұрағанда: « Екеуін қарызыма беремін, екеуін өзіме, екеуін қарызға беремін » дейді. Сонда жолаушы кімдер жайлы айтып тұр?

Жұмбақтың шешуі: екеуі - ата- анасына, екеуі -өзіне және әйеліне, екеуі --балаларына.

Ия, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы отбасы жайлы болмақ.

Шаттық шеңбері

Ойланайық,пікірлесейік:

  • «Отбасы жарастығы», «отбасы бақыты», «отбасы қуанышы» деген ойларды қалай түсінесің?

  • «Маған мейірім шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істедім?» - деген сұрақ мазалайма сізді.

  • Отбасы тәрбиесіне ата-анаңның қайсысы көп көңіл бөледі?

  • «Аялау», «қадірлеу», «қадірін білу» -деген сөздерді қалай түсінесің?

  • Өзіңнен қателік кеткен жағдайда өзіңді қалай сезінесің?

  • Ата-анаңа сүйіспеншілік сезімдеріңді қалай білдіресің?

  • «Ана», «әке» деген сөздер қандай сезім тудырады?

Сергіту сәті

1-ші топ өлең жолдарын халық әнінің нақышына келтіріп айтады.

2-ші топ өлең жолдарын рэп стиліне салып айтады.

Жағдаятты талдау

«Қарттар үйі» кинофильмін көреміз.

  • Бұл фильм сіздерде қандай сезім тудырды?

  • «Қарттар үйі», «Жетімдер» фильмдерінде ұқсастық пен айырмашылық бар ма?

Шығармашылық жұмыс

  • Болашақта отбасындағы ер адам қандай болу керек?

  • Болашақта отбасындағы әйел адам қандай болу керек?



Қорытынды.
« Бір- бірімізді қаншалықты жақсы білеміз » -- анкетамен жұмыс:

Ата- анаңның назарын қандай жылы сөздермен өзіңе аударасың

Ата- анаң сенің назарыңды қандай жылы сөздермен өзіне аударады.

Ата- анаңның сүйікті түсі, әншісі, тағамы, спорт түрі

Сенің сүйікті түсің, әншің, тағамың, спорт түрі

Ата- анаң адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді ұнатады

Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді ұнатасың

Жүректен жүрекке



© 2010-2022