Жан шуағы тақырыбына мерекелік бағдарлама

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жан шуағы» (Қайырымдылық концерті)
Мақсаты: Оқушыларды қамқорлық жасауға жастайынан тәрбиелеу
Фанфары
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, ата - аналар және оқушылар!
Бүгінгі күні - біз әлем халқы жаңа мыңжылдықта өмір сүрудеміз. Біздің болашағымыз қандай болмақ?.... Болашақта уақыттың өтуімен өсе келе, бала өзін қоршаған ортадан нені алмақ. Соған бір уақыт көз жүгіртіп көрейікші.
Бала болашақта айналада толып жатқан жақсылықты көреді. Себебі ол өзін тек қана жақсылыққа тәрбиелейтін ортадан өспек. Ол ортада бала нені үйренеді және кім үйретеді?
Әрине бұл ата - аналардың жылы жүрегімен мейірімін төккен ақыл парасатының еншісінде. Олай болса «Қайырымдылық айлығына» байланысты ұйымдастырылып отырған «Жан шуағы» атты мерекелік концертімізге қош келіпсіздер.
Сөз Ғ.Молдашев атындағы орта мектебінің директоры Абугалиева Гүлмайра Нариманқызына беріледі.
Жүргізуші:
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Үзіледі, үзіледі әуендер
Күмбірлеген домбырасы барында.
9 а класс оқушысы Максотова Даниланың орындауында «Домбыра туралы баллада»
Жүргізуші:
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын.
Білім іздеп өнер тап,
Түнді күндей ашатын.

Өмірге Ана бақыт, ана, пана
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай шешен талай көсем
Талай ер, талай ақын, талай дана
Серіков Рахаттың орындауында «Аналар» әні барлық асыл аналардың құрметіне арналады.
Жүргізуші:
Күлімдеген күн мейірімді!
Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
Таза мөлдір су мейірімді!
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
Аяулы анам мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!
Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
Тату - тәтті достарым мейірімді!

Сымбатына сән киімі жарасатын
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп тұрғанына
Бишілерге қызығып қарасасың
Алдарыңызда 5Б сынып оқушысы Бақтығалиев Мейрамбектің орындауында «Қаражорға» биін қабыл алыңыздар
Жүргізуші:
Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата - анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы ата - ана.
Жасынан сүйіп өсер балапанын.
Бір саған сенім артар балапаның,
Бір сәтке ұмытармын қиындықты.
Сипаса маңдайымнан алақаның.
9А сынып оқушысы Рашиденова Ажардың орындауында «Ана туралы баллада» әні.

Жүргізуші:
Мен, сәбимін бейбітшілік тілейтін бар ғаламға.
Мен, баламын қамқор болар ата - анаға.
Мен, доспын достық туын көкке ұстар.
Мен, баламын болашақта елін қорғар.
Мен, адаммын осының бәрін ұғар.
Мен, қазақпын жақсылыққа жаны құмар.
8а сынып оқушысы Қайратов Бекзаттың орындауында «Сәби бақыты» әні


Жүргізуші: Өмір деген тәтті екен әрқашан да,
Қуаныш пен мұңменен қарсы алсаң да.
Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен,
Күресуге үйренем шаршасам да.
Бала жүрек риза жаратқанға,
Жарқыраймын әр күні таң атқанда.
Қиындыққа мойымай қарсы тұрып,
Мен өмірді сүйемін әрқашан да.
5А сынып оқушысы Нигметуллина Сымбат

Жүргізуші: Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу - жомарттық.
8Б сынып оқушысы Шерниязова Бибігүл


Жүргізуші: Өмір дәмі, екі дәм: Ащы - Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір деген тұрмайды: Қап - қарадан.
Өмір деген тұрады: Ақ - Қарадан,
Ақ - Қара, екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
8А сынып оқушысы Шынболатова Жанель


Жүргізуші:
Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,
Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.
4Б сынып оқушысы Ерболатова Наргиза «Айгөлек» әнімен


Жүргізуші:
Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.

Әр бала бақытты болуға лайықты. Олардың бақытты болуына қызмет жасайтын ересектер осындай игі іске қолдау көрсетіп жатса, құба - құп емес пе.

Қымбатты ұстаздар мен ата - аналар және оқушылар! Осымен бүгінгі өткен «Жан шуағы» атты концертіміз өз мәресіне келіп жетті. Өмірлеріңіз күндей нұрлы да шуақты болсын. Келесі кездескенше сау - саламатта болыңыздар.

© 2010-2022