Презентация по социалному педагогу Жан шауағы

Раздел Социальному педагогу
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№6 Шұбарқұдық негізгі мектебінің

әлеуметтік педагогы Мыңбаева Арайлым Ермуханқызынан

«Жан шауағы»

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді. Акцияның басты мақсаты көп балалы отбасынан шыққан балаларға, аз қамтылған отбасы балаларына және қамқоршылықтағы оқушыларға қамқорлық көрсету, мейірімділік таныту, жан шуағын сыйлау . Маңызды міндетіміз - қамқорлық жасау.

№6 Шұбарқұдық негізгі мектебінде 2014-2015 оқу жылының тамыз айының 1 мен қыркүйек айының 30 күндері аралығында «Мектепке жол» акциясы өтті.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей кемтар, жетім, аз қамтылған отбасы оқушылары, көп балалы отбасы, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы. Қыркүйек айының 23 күні «Қайырымды жандар көп болсын» атты жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге ата-аналар, оқушылар, сынып жетекшілері жұмыла ат салысты. Жәрмеңкеден қаржылай 19000 теңге түсіп, ол қаржыны аз қамтылған отбасы оқушыларына және көп балалы отбасы оқушыларына оқу құралдары мен оқулықтар алынып берілді.

Қайырымдылық акциясы барысында мектепте «Жан шуағы» атты қайырымдылық концерті ұйымдастырылды. Концерт жоғары дәрежеде өтті. Концерттің мақсаты - жетім, қамқорлыққа алынған балалар, аз қамтылған отбасы балаларына, көп балалы отбасы балаларына жан шуағын сыйлау және қамқорлық жасау болды. Мектеп оқушыларына мектеп мұғалімдері мен ата-аналар және тұрақты демеушілер келіп, концерт соңында жетім, қамқорлыққа алынған балалар, аз қамтылған отбасы балаларына, көп балалы отбасы балаларына өз көмектерін ұсынып, сыйлықтарын таратты. Демеушілеріміз балаларға дайындаған сыйлықтарын тапсырды. Атап айтатын болсақ «Жаңа құрлыс» иесі мен тұрақты демеушілеріміздің бірі «Мирас тойханасының» иесі 50000 теңге көлемінде мектебіміздегі көп балалы отбасы балаларына және аз қамылған отбасы балаларына заттай алып беріп сол жерде үлестірді.

Мектеп басшылары мен педагог қызметкерлері оқушыларға киім-кешек алып беріп оқушыларды қуантты.

Жақсылық жасау - имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс - тәжірибелерімен жалғастырылып келеді.
Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
Бүгінгі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз шексіз.

Осындай қайырымдылық акциялары әлі де өз жалғасын таба береді деп сенеміз. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!
Презентация по социалному педагогу Жан шауағы



















© 2010-2022