Тәрбие сағаты Қадірле ата-анаңды

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қадірле ата-анаңды

Мақсаты;

а) білімділігі; Бала бойына сүйіспеншілікті , жылылықты

ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да

парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;

ә)дамытушылығы; Халқамыздың тәлім- тәрбиесінің ананың

ақ сүтімен, әже өнегесімен,ата ақылымен

берілетіндігін,өзіндік ұлттық қасиетімізді

балалар бойына дарыту.

б) тәрбиелілігі; отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,

қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайдтар, жадынама, анкета.

Әдісі; Интерактивті технология.

Барысы; І.Ұйымдастыру .

ІІ.Тәрбие сағаты.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың жүру барысы

І. Жұмбақ шешу

ІІ.Дана сөздер

ІІІ Ән шашу

ІV. Сұрақ менен жауап сізден

V.Мақал-мәтелді жалғастыру ойыны

VІ.Тест

VІ.Қорытынды

Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар, қонақтар. Бүгінгі біздің оқушыларымыздың дайындаған « Мен және менің отбасым» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Мұғалім: Ұлы ғалым философ Әбу насыр Әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек». Тәрбиесіз берген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі деген екен, олай болса тәрбие туралы сөз қозғағанда біз алдымен отбасын ауызға аламыз. Отбасы - тәрбиесінің алғашқы баспалдағы.

Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар. Қазіргі тауба ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақты саналы етіп тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселе.

Қазіргі таңда ата - аналар баласынан не күтеді?

Міне, осы тұрғыда сөз болатын «Қадірле ата -анаңды» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Қымбатты ата-ана !

Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу.

Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда

Мейірімінен ананың жасалады.

Жырақ жүрген ата-анасын сағынған

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.

Екеуінің қуанышы,тілегі

Әрқашан да бір арнадан табылған.

Балаларға ендігі кезекте жұмбақтар шештірейік

Әлпештеп өзіңдей өсірген

Нағашы әжеңнің баласы

Төріндежалпиып көсілген

Бұл күнде жиеннің анасы Ол кім?

Айтары мол ғұлама

Көп жасаған бұл адам

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған Ол кім?

Аймалайды күнім деп

Мейірімді жүзі күлімдеп

Тәтті-ақ дейді немере

Бал шырындай үнің деп Ол кім?

Атаңның баласы

Кей кезде таласып

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге Ол кім?

Адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік, қайырымдылық ең әдемі әркімнің өз отбасынан басталады. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол үшін отбасын құрады.

Келесі кезекті балаларымыздың ата-ана туралы дана сөздері мен тақпақтарына кезек берейік .

Азат:

Ұл-қыз ата-анасын,үлкендерді қуанышқа бөлеп,бақытқа кенелтсем десе,алдымен әдепті болулары керек.Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса,ата-ананың ұл-қызы болып өседі

Әли:

Адал жеміске ,ата-ана жеміс ағашына ұқсайды,Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей,ата-анаңды аялап бақсаң,армандарың орындалады.

Назира:

Сәби шағындаолар өзіңді қалай бағып- қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.

Айымгүл:

Түн ұйқысын төрт бөлген ,түнде бесік таянып, түнде шошып оянған ананың ақ мейірімін ерекше бағаламасаңдар , ол- қорлық.

Мұғалім:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсен менше сүй- деп Абай атамыз жырлағандай Альфияның орындауында « Анашым » әні қошеметтеп қояйық

Ендігі кезекті балаларға арналған сауалнамаларға кезек берейік

1.Жанұяларыңда кім басшы?

2.Ата-анаңды қандай қылықтарыңмен ренжітесің?

3.Қандай істеріңмен, неңмен қуантасың?

4.Ата-анаң сені қалай атайды?

5.Ата-анаңды қатал және адал, шыншыл деп ойлайсың ба?

6.Ренжіткенде ата-анаңнан кешірім сұрайсың ба?

7.Ата-анаң сенің дұрыс пікіріңе жиі қарсылық білдіреді ме?

8.Сенің мінезіңде қандай кемшіліктер бар?

9.Өзіңнің құпияңды кімге сеніп айтасың?

10.Жанұяңда қандай жағдайды өзгерткің келеді?

Енді кезекте ата-аналармен пікір алмасу барысында ата-аналарға сұрақтар қойылады

1.Бақытты отбасы болудың негізгі шартына

нені жатқызар едіңіздер?

2.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі

басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

3.Баларды өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден ?

4.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,

қатал тәрбиелеген дұрыс па?

5.Отбасында бос уақытты қалай пайдаланасың?

6.Тәрбие адамның тағдырын шешеді дейді,

сіз қалай ойлайсыз?

Ата- аналар мақал-мәтелдің жалғасын табады

1.Атаға қарап-...

Анаға қарап-...

2.Ананың көңілі балада,...

3.Ата-ананың қадірін ...

4.Атаның баласы болма ...

5.Ұядан не көрсе,...

6.Әке көрген оқ жанар,....

Ата-аналарға арналған тест

1.Жақсы баға әкелгенде сый- құрмет көрсете аласыз ба?

2.Сіз балаңыздың кішкентайынан ұқыпты болғанына мақтанасыз ба?

3. Балаңыздың өз тазалығына өзі жауап беруін талап етесіз бе?

4. Балаңыздың көзінше қателігіңізді мойындайсыз ба?

5. Баланың жеке құпиясы жөнінде құқығын сыйлайсыз ба?

6. "Біздің бала кезімізде" немесе "Бала деген кез келген нәрсеге араласпайды" дегенді балаңызға жиі айтасыз ба?

7. Балаңызды жазалау мақсатында теледидар көруді тиятын кездер бола ма?

8. Балаңыз бос уақытын қалай өткізетіндігін сұрайсыз ба?

9. Баланы ойдағыдай етіп тәрбиелейтін машина жасап шығаруға бола ма?

10. Балаңызды басқалардың көзінше жазалап немесе сынай аласыз ба?

1-3 сізге шыдамдылық керек. ұпай- Сіздің ата- аналық рөліңіз: өте қатал және тақуа адамсыз,

3-5 ұпай- Сіздің бала тәрбиесіндегі нәтижеңіз мәз емес, бала тәрбиесіне өте қатал болмаңыз, баланың өз бетінше шешім өабылдауына қарсы шықпаңыз.

6-8 ұпай- Орташа нәтиже, бұл сіздің ұстанымыңыз тұрақты емес екенін көрсетеді, кейде көп нәрсеге ерік беріп аласыз да, кейде балаға талапты көп қоясыз.

9-11 ұпай- Педагогиканың барлық қырынан хабарыңыз болмаса да, ақылмен жауапкершілікпен бала тәрбиесіне қарайтын жан деп ойлауға болады.

11-15 ұпай- Сіз сирек кездесетін жақсы ата- ана қатарына жатасыз, балаыздың өміріне тірек бола аласыз.

Қорытынды

- Не тәтті ? Ананың сүті

- Не жұмсақ ? Ананың қолы

- Кім жақын ? Тату болса ағайын жақын,

Бауырмал болса, інің жақын

- Не қымбат ? Алтын ұяң Отаның қымбат,

Құт - береке атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

Сөз кезегін ата-аналарына деген жүрек жарды тілектерін білдірем деген балаларға берейік.

Балалар сендерге айтарым: асқар таудай әкелерің,мейірімді әжелерің, әр үйдәң құт-ырысы аталарың , еркелететін аналарың бар сендер бақытты баласыңдар.Барлықтарыңызды осындай бақыттан айырмасын демекпін.


© 2010-2022