Конспект по теме Ерекше бақылауға алынған бала мәселесі-қоғам мәселесі

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Білім және ғылым министрлігі


















Баяндама

Тақырыбы: «Ерекше бақылауға алынған бала мәселесі- қоғам мәселесі»











Дайындаған: Шаукерова А.А.

әлеуметтік ұстаз

Мамлют қазақ мектеп- интернаты








2014 жыл


Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Қоғамды алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі - тәрбиесі қиын балалардың санының көбеюі. «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар». Сонымен қоса, білім деңгейі төмен, тәртібі нашар, сабақтан көп қалатын, мұғалімдердің талабын орындамайтын, адамгершілік деңгейі төмен, сыныптастарымен, топтастарымен үнемі тіл табыса аламайтын, ол кейде психикалық дамуы, ойлау қабілеті кейін қалған, ашуланшақ (әртүрлі жүйке ауруларына шалдыққан) балаларды қиын балалар және қиын жасөспірімдер қатарына жатқызуға болады. Қазіргі уақытта дәрігерлер мен психологтар және инспекторлардың есебінде осындай балалардың пайызы жоғары болып отыр. Бұл қоғамның алға басуына өз кесірін тигізетіні де белгілі. Осы жоғарыда айтылып өткен қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау бүгінгі күннің қажетті және өзекті ісі болып табылады. Тәрбие отбасынан басталады. Ал өмірге келген ұрпақты тәрбиелеу ол ең бірінші отбасының міндеті. Балаға тәрбие беріп, өмірге қосуы, ол - ата менен ананың жауапты ісі. Қазіргі кезде кейбір отбасында әке мен шеше ішімдікке салынып, болмаса неке тәртібін бұзып, немесе некесіз бала туып, ол баланы тастап «тастанды» қатарын көбейтіп жүрген қаракөз қыздарымыздың саны күн санап артып отыр. Сондықтан да, бұл қоғам дертін алдын алу қажет. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасындағы қарым-қатынастарды орнату. А.С. Макаренко: «Тәрбие -баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал. Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек. Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі. Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен, отбасындағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығы з байланыста болуы керек.

М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала -жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.

2. Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар.

Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға, олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.

Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылар толық мәнді рухани өмір сүре алады.

Қазіргі жас ұрпақтардың -болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.

Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, техникалық шығармашылық, т.б. іс-әрекетті үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез-келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін, яғни өзіндік «менін» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.

Әсіресе, ұстазбен оқушының өзара түсіністігі, оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру, көтермелеу, адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға, өзін-өзін тәрбиелеуге жағдай туғызу.

Ең бастысы,тәрбие ісінің нәтижесін бағалап, оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау, ұстазбен оқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.

Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс - талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата - ананың біреуінің болмауы, т. б. жағдайлар себепті болады.

Қиын балалардың пайда болуына бірден - бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын - отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс - тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ - шарап ішу, дау - жанжал, ұрыс - керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң - мұқтаждын қамтамасыз етуі деп санаушылық.

Жастайынан еңбектену әдет - дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады

Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:

1) Әрбір қиын баланы жан - жақты зерттеп, мінез - құлықтарының бағыт - бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.

2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.

3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және шығармашылық талап - тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.

4) Кейбір қиын оқушылардың оқу - тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым - қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу - тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.

Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде талаптар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір баланың бейім қабілетіне, мінез - құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалармен жұмыс істеудің тағы бір әдісі - олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үду. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай - ақ ата - ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет.

Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. қылықтарын оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.

Тағы бір әдіс - қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні - оқушы қателігін түсіну өзін - өзі тәрбиелеудің бағдарламасына колдау береді. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдістік - тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:

  • дайындық кезеңі;

  • қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларды аңықтау;

  • екінші кезең - қиын оқушылар мен көш жора - жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.

Үшінші кезең -өзгеріс кезеңі.

Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады.

Соңғы кезең бекіту кезеңі

Әрбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерістер болған сайын, өзін - өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.

«Қиын» оқушыларды анықтау алаңы:

- Отбасы жағдайы (рейд, әңгіме, кездесу түрлерінде);

- Еңбекпен қамтылмауын қамту;

- Сабаққа қатысуын қадағалау;

«Қиын» оқушылармен жүргізілген жұмыс түрлері:

- Ата-анасымен байланыс жасалды;

- Тәртібі «қиын» оқушылар мен жағдайы «қиын» отбасылар бақылауға алынды;

- Қамқоршы мұғалімдер бекітілді;

- «Қиын» оқушыларға жеке портфолио арналды;

- Жеке картотека жүргізілді (әңгімелерді тіркеу);

- Психологиялық зерттеулер жасалды;

- Еңбекпен қамтылуға ықпал жасалды;

- Іс-шараларға тартылды.

Осы орайда, «отбасы- мектеп- оқушы» тізбегінде өзара қарым- қатынастың болуы қажет. «Бала- өмірдің қызығы». Сол себепті балаларымызды қараусыз және қадағалаусыз қалдырмай, оларға дұрыс тәлім- тәрбие беруді қолға алған жөн. Қазіргі қоғамның басты талабы- мемлекеттік және халықаралық деңгейге сай, бәсекеге икемді, жан-жақты, дүниетанымы кең, әлеуметтік- адамгершілік талаптар мен этикалық нормаларды меңгерген, отансүйгіш сезімде тәрбиеленген ұрпақты қалыптастыру болып отыр. Осы талаптарды орындауда отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін ескере отырып, педагогикалық тәрбиелеу ісіне араласуға шақырамыз.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Әлеуметтік педагог №4,№5 2010 жыл. Әдістемелік журнал.

2. Ғаламтор







© 2010-2022