Өз құқығыңды білесің бе? тақырыбына сыныптан тыс шара

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Өз құқығыңды білесің бе?

Мақсаты: оқушыларды өз құқықтарымен таныстыра отырып, құқықтық білімдерін тереңдету, өмірде қолдана білуге баулу.

Өткізілу түрі: құқықтық-психологиялық тренингтер жүргізу, жағдаяттарды шешу.

Барысы: Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі - балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Халықаралық деңгейге сай балалардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін Қазақстан көптеген халықаралық құжаттарға, соның ішінде Бала құқықтары туралы Конвенцияға қосылды.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және департаменттерінде сенім телефондары жұмыс істейді, қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Біздің ауданымызда да сенім телефондары жұмыс істейді, біздің мектебімізде сенім жәшігі бар, оған келіп түскен арыздары, өтініштеріне мектеп психологы, әлеуметтік педагог, т.б. басқа мамандар көмегін беріп, жауап береді, тиісті жұмыстар ұйымдастырады.

Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің бірі - бұл жасөспірімдердің зорлық-зомбылық жағдайына ұшырауы, өмір қысымдарына, ауыртпашылықтарына қарсы тұра алмауы.

Әр бала өз құқығын білуі тиіс. Оны тексеру үшін оқушыларды 4 топқа бөлеміз: 1-топ: «Тақтар», 2-топ: «Жұптар»,

3-топ: «Дауыстылар», 4-топ: «Дауыссыздар»

Топқа бөлу үшін сандар, әріптер жазылған карточкаларды таңдап алады да, топтың аты жазылған орынға барып отырады.

Психологиялық тренинг: Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек)

  1. Топтық жұмыс.

1-топ: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

2-топ: Жастар арасында қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

3-топ: Оқушы неге құқылы?

4-топ: Оқушы неге міндетті?

  1. «Сиқырлы фигуралар».

Түрлі фигураларға сұрақтар және жауаптар жазылады. Дұрыс жауабын тапқан кезде екі фигурадан бір сурет шығуы керек.

  • Бала дегеніміз ... жасқа толмағандар? (кәмелеттік)

  • Баланың заңды өкілдері ... ? (ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы)

  • Қандай жағдайда адам мүлкінен айрыла алады? (тек сот шешімі бойынша)

  • Бала жетім болып табылады, егер ... (ата-анасының екеуі де қайтыс болса)

  • Нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік, мүліктік айырмашылығы бола тұрса да, балалардың құқығы тең бе? (иә, тең)

  • Кімге қарсы мәлімет беруге тиісті емеспіз? (өз-өзімізге, жұбайымызға, туған-туыстарымызға, т.б. заңды түрдегі жақын адамдарымызға)

  • Қанша жасынан баланың өз атын, әкесінің атын, тегін иеленуге құқығы бар? (туылғаннан бастап)

  • Бала азаматтықты 16 жасқа толып, жеке куәлігін алғаннан соң барып алады ма? (жоқ, туылған кезден бастап)

  • Қандай жағдайда 16 жастағы тұлғалар сотқа қатыса алады? (егер ол адам іске қатысты немесе куәгер болса)

  • Азаматтық істер жөніндегі сот қай тілде жүргізіледі? (қазақ тілінде, қажет жағдайларда ғана орыс және басқа тілдерде)

  • Қанша жастан төменгі тұлғалар сот мәжілісінің залына жіберілмейді? (16 жас)

  • 14 жастан 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығы мен қызығушылығын қорғаудың заңды құқықтық түрі? (қамқорлық)


  1. Жағдаяттарды шешу.

1-топ: Әскердің әкесі Мұрат 14 жастағы ұлы Әскерді темекіге жұмсайды. Әскер киоскіден барып темекі алып келеді. Кімнің құқығы бұзылды? Қалайша? Толық жауап беріңіз.

2-топ: 12 жастағы Самал ұрлықтың куәгері болды. Самалға куәгер ретінде сотқа қатысып, куәгер болуын сұрады. Самал сотқа 13 жастағы досы Майрамен бірге келіп қатысады. Майраны куәгер болмаса да сот мәжілісі өтетін залға жібереді. Кімнің құқығы бұзылды? Қалайша? Толық жауап беріңіз.

3-топ: Екі ағайынды 16 жастағы Асқар және 20 жастағы Қуаныш көшеде қыдырып жүргенде, Қуаныштың достары кездеседі. Олар саябаққа барып, қасындағы киоскіден ішімдік алып ішеді және Асқарға да ішкізеді. Олар үйлеріне қайтып келе жатқанда оларды құқық қорғаушы органының қызметкерлері ұстап алады. Кімнің құқығы бұзылды? Толық жауап беріңіз.

4-топ: 14 жастағы Гүлжан мен 15 жастағы Серік жазғы демалыс кездерінде жарты күннен жұмыс істейді. Жұмыс істеп жүрген балаларды көріп, құқық қорғау қызметкерлері оларды тергеуге алады. Балалар жұмыс істей ала ма? Қай жастан бастап? Толық жауап беріңіз.

Оқушылар сабақтан өздерінің бойына не нәрсе алғандығын, олар үшін қай сәт немесе қандай ақпарат маңызды болғандығын саналы түрде талдап, кері байланыс орнатады. Сондай-ақ, жағымды және жағымсыз әсерлерімен бөліседі, бір-бірлеріне жылы тілектерін білдіреді.


1-топ: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

2-топ: Жастар арасында қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

3-топ: Оқушы неге құқылы?

4-топ: Оқушы неге міндетті?


  • Бала дегеніміз ... жасқа толмағандар?



(кәмелеттік)



  • Баланың заңды өкілдері ... ?



(ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы)



  • Қандай жағдайда адам мүлкінен айрыла алады?



(тек сот шешімі бойынша)


  • Бала жетім болып табылады, егер ...



(ата-анасының екеуі де қайтыс болса)



  • Нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік, мүліктік айырмашылығы бола тұрса да, балалардың құқығы тең бе?



(иә, тең)



  • Кімге қарсы мәлімет беруге тиісті емеспіз?



(өз-өзімізге, жұбайымызға, туған-туыстарымызға, т.б. заңды түрдегі жақын адамдарымызға)



  • Қанша жасынан баланың өз атын, әкесінің атын, тегін иеленуге құқығы бар?



(туылғаннан бастап)



  • Бала азаматтықты 16 жасқа толып, жеке куәлігін алғаннан соң барып алады ма?


(жоқ, туылған кезден бастап)



  • Қандай жағдайда 16 жастағы тұлғалар сотқа қатыса алады?



(егер ол адам іске қатысты немесе куәгер болса)



  • Азаматтық істер жөніндегі сот қай тілде жүргізіледі?



(қазақ тілінде, қажет жағдайларда ғана орыс және басқа тілдерде)



  • Қанша жастан төменгі тұлғалар сот мәжілісінің залына жіберілмейді?



(16 жас)



  • 14 жастан 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығы мен қызығушылығын қорғаудың заңды құқықтық түрі?



(қамқорлық)

  • Қандай сотта іске қатысы бар тұлғалардың «шешімнің» қайта қаралуына құқығы бар?

(жоғарғы сотта)


  • Иск деген не?

(арыз)


  • Жауапшы дегеніміз кім?

(бұл иск талабына тартылған азамат немесе заңды тұлға)


  • Кәмелетке толмағандарға айыппұл салына ма?

(иә, егер жауапкер өздігінше жұмыс істейтін болса)




Әскердің әкесі Мұрат 14 жастағы ұлы Әскерді темекіге жұмсайды. Әскер киоскіден барып темекі алып келеді. Кімнің құқығы бұзылды? Қалайша? Толық жауап беріңіз.

12 жастағы Самал ұрлықтың куәгері болды. Самалға куәгер ретінде сотқа қатысып, куәгер болуын сұрады. Самал сотқа 13 жастағы досы Майрамен бірге келіп қатысады. Майраны куәгер болмаса да сот мәжілісі өтетін залға жібереді. Кімнің құқығы бұзылды? Қалайша? Толық жауап беріңіз.

Екі ағайынды 16 жастағы Асқар және 20 жастағы Қуаныш көшеде қыдырып жүргенде, Қуаныштың достары кездеседі. Олар саябаққа барып, қасындағы киоскіден ішімдік алып ішеді және Асқарға да ішкізеді. Олар үйлеріне қайтып келе жатқанда оларды құқық қорғаушы органының қызметкерлері ұстап алады. Кімнің құқығы бұзылды? Толық жауап беріңіз.

14 жастағы Гүлжан мен 15 жастағы Серік жазғы демалыс кездерінде жарты күннен жұмыс істейді. Жұмыс істеп жүрген балаларды көріп, құқық қорғау қызметкерлері оларды тергеуге алады. Балалар жұмыс істей ала ма? Қай жастан бастап? Толық жауап беріңіз.

© 2010-2022