Зиянды әдеттерсіз өмір сүр

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: « Зиянды әдеттерсіз өмір сүр » атты Ойыл аудандық жасөспірім арасындағы байқауға қатынасқан Ш. Бериев атындағы орта мектептің «Шипагер» тобының бағдарламасы

Мақсаты: а) білімділігі: Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды, әр -түрлі жөтел, асқазан тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру.

ә) тәрбиілігі: Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.

б) дамытушылығы: Қоғамдық ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың сапасы мен өмірлік уландыратын ауыр кеселдің бірі - маскүнемдік, араққұмарлық екенін ұғындыру.

Көрнекілігі: Салауатты өмір салты ұстанымдары туралы плакаттар, кеңес беру кітапшалары, түрлі жарнамалар, фото суреттер.

( мерекелік киінген оқушылар, музыка ырғағымен сахнаға шығады)

1-жүрг: Армысыздар! Қадірлі көрермендер!

Сіздердің алдарыңызда « Денсаулық-адам бақытының бірінші байлығы » даналығын ұстанатын Ш. Берсиев атындағы орта мектептің « шипагер » тобы

2-жүрг: Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев « Дені сау ұрпақ-Қазақстанның болашағы » деген болатын. Олай болса, әр адамның мәнді де сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері үшан теңіз.Салауатты өмір салтын жандарыңызға серік етіңіздер дей келе өзімізді таныстыра өтейік.

Қарағанда тамашалап қызығар

Мектептің өнегелі ұл қызы бар

Спортпенен өнерде бірге жүрген

Мектептің Нұрсұлтандай жұлдызы бар

Алдымыздан шықсын бақыт ақ таңы

Талай жерде сенімді де ақтады

Өзі озат, спортты өте сүйетін

Нұршат біздің мектебімнің мақтаны

Мына тұрған Жансеріктен

Спорттың түрі қалмады

Мерекені сәнді етіп

Әсем бимен жалғады

Ал көрермен тыңдаңыздар

Сөзімнің жоқ жалғаны

Болашақта осы бала

Талай қыздың арманы

Спортпенен айналысып шыныққан

Аулақ өзі зиянды әдет қылықтан

Кіші ғылым академиясының жүлдегері

Бақытжан бар 9ә сыныптан

Нұрын шашсын алдымыздан арай күн

Сайыстарға дайындалған талай күн

Салауатты өмір салтын құптайтын

Арамызда сары қыз бар Арайлым

Көп ізденіс күтілер әлі бізден

Салауаттылықты жырлаймыз сәнімізбен

Ғылымға жастайынан жақынырақ

Ақбибі бар пысықтау бәрімізден

Зиянды әдет келмесін даламызға

Салауаттылық орнасын санамызға

Спорттың жанашыры өзі озат

Болашақ хирург Ғасырбек бар арамызда

Бірге:

Баршаңызға ыстық сәлем жолдаймыз

Әрқашанда денсаулықты қорғаймыз

Зиянды әдеттерден аулақ болып

Салауатты өмір салтын қолдаймыз

Тақырыбы: « Денсаулық - өмірдің мәні » (сахналық қойылым)

Сахынада ауырып, жөтеліп, мазасызданып баланың жанына акесі мен шешесі келеді.

( мұңды әуен адам жанын ауыртқандай )

Анасы: құлыным-ай саған не болды аяқ астынан құдайдан сұрап алған жалғызым едің.жарығымай мынау не деген жөтел.әй отағасы мына баланың киімін алып кел дәрігерге апаратын.( әкесі киіміне қарап иіскейді. )

Әкесі:Мына балаң темекі шегіп жүр екенғои.киімін қара сасып тұр.( қалтасынан темекі мен шырпы алады)

Мәссаған мына жігіт сымақ ер жетіпті ғой ( ауырып жатқан балаға темекі мен шырпыны көрсетіп, айқайлап обаған неме, күніңнен бұрын өлейіндеп жүрмісің, мынауың не?

Анасы: өзі ауырып жатқан баланы шошытарсың. Жалғызыңа сонша айқайлап бас салғаның не?

Оданда баланы әуелі дәрігерге қаратайық. Дәрігерді алып кел. ( дәрігер келіп, баланы қарап, егіп, дәрі береді)

Дәрігер: Балам папаң темекі тартып жүр дейдіғой, рас па?

Бала: Ия дәрігер рас .мен қателескеніме енді өкініп отырм.

Дәрігер: темекі өте зиян. - Темекі түтіні адам ағзасына зиян. Оны мынандай мысалдармен дәлелдеуге болады. Дүниежүзінде шылым шегуден жыл сайын 2,5 млн адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20-25 мың рет артық соғады. Шылым шекпейтін оқушыларда 100м жүгінгеннен кейін тамырдың соғуы 120-130 болса, шегетіндерде 180 болады. Шылым шегетіндер жүрек ауруынан 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80%-ы өкпе ауруына шалдығады.

Осыны есіңде сақта .

Анасы: Балам, неліктен мен байқамадым. Мұның қалай болғаны.Құлыным - ау мен сенің темекі тартып , өз денсаулығыңды өзің құртып, жүргеніңді білмедім.

Бала: Қайран анашым, сенің тамақ іш, қағаз, қалам ал деген ақшаңа ылғи балаларға еріп, темекі алып шектім. Енді міне жарық күнімді қараңғы етіп, зар еңіреп отырмын. Әттең сабағымды жақсы оқып, ата-анамды тыңдап, достарыммен бірге спортпен айналысып жүргенімде керемет болатын еді.Енді жөтелден құтыла алмай, өкпем шаншып отырғаным мынау.

Қайран ана еркеледім өзіңе

Құлақ асмай ақыл менен сөзіңе

Темекіні ерте жастан бастадым

Біле алмадым не көрінді өзіме

Денсаулықтың керегін ойламадым,

Асыр салып әттең-ай оинамадым

Мектептегі қызықты мерекені

Достарыммен шаттанып тоиламадым

Енді міне арпалыстым жөтелмен

Анам менің бар қайғымды көтерген

Амал қанша мына қысқа ғұмырда

Өз ісіме өкінумен өтем мен

Білмеймін қандай пайда қосқаным бар,

Аяулы ұстаздарыммен достарым бар

Құтылсам мына зиян темекіден

Меніңде өзгелердей жоспарым бар

Анашым !

Жақсы сөзді өшірме есіңдегі

Көп ойлар мазалайды шешілмеді

Мен жалғыз ұлың едім бар қызығың

Жалынамын анашым кешір мені

( осы кезде достары Нұрбол біз сені ауырып қалды деп естідік.уайымдама бәрін сыртқа таста.Спортпен айналыс достарыңмен бірге жүр.сабағыңды жақсарт.дәрігерге көрініп емдел.Біз саған көмектесеміз.)

Ұран: Біздер барлық қиындықты жеңеміз

Жарқын мынау болашаққа сенеміз

Біз бәріміз біргеміз!

( оқушылар түрлі ұрандар, плакаттар, зиянды заттар туралы кітапшалар ұстап шығады )

Нұрсұлтан: Көрінейік шыңнан биік тұғырдан

Құрбымыз жоқ спорт десе тығылған

Денсаулығың зор байлығың емес пе?

Ең әуелі спортпен шұғылдан

Табиғат тұр бар байлығын ұсынып

Алмайықшы қолда барды ұшырып

Денсаулығың зор байлығың емес пе?

Еңбек етсең жалқаулықты ысырып

Арайлым: Жүректерге жылу боп әркез қонсаң

Қуанышты сәттерге әр кез толсаң

Денсаулығың зор байлығың емес пе?

Зиянды әдеттерден аулақ болсаң

Пайдалы кеңестерді сан ақтарсаң

Денсаулықты нығайтуға талаптансаң

Денсаулығың зор байлығың емес пе?

Уақытында құнарлы тамақтансаң

Соңы: Қырандай көкте еркін самғайтұғын

Қанатты қиындықтан талмайтұғын

Жеке тұлға боп қалыптассақ екен дейміз

Салауаттылықты ұрпаққа жалғайтұғын



Ш. Берсиев атындағы орта мектебі

Тақырыбы:

« Зиянды әдеттерсіз өмір сүр »







Дайындаған: Тәлімгер Н. Халидуллина

Медбике Р. Жабасова

Жұмыстың авторы: Әлеуметтік педагог

Ә. Базарбаева

2015-2016 оқу жылы

Бақытжан:Әкесі:Мына балаң темекі шегіп жүр екенғои.киімін қара сасып тұр.( қалтасынан темекі мен шырпы алады)

Мәссаған мына жігіт сымақ ер жетіптіғо( ауырып жатқан балаға темекі мен шырпыны көрсетіп, айқайлап обаған неме, күніңнен бұрын өлейіндеп жүрмісің, мынауың не?

Жалынамын анашым кешір мені

( осы кезде достары Нұрсұлтан біз сені ауырып қалды деп естідік.уайымдама бәрін сыртқа тыста.Спортпен айналыс достарыңмен бірге жүр.сабағыңды жақсарт.дәрігерге көрініп емдел.Біз саған көмектесеміз.

Ұран: Біздер барлық қиындықты жеңеміз

Жарқын мынау болашаққа сенеміз

Нұрсұлтан:Бала: Ия дәрігер рас .мен қателескенімді енді өкініп отырм.

Бала: қайран анашым, сенің тамақ іш, қағаз қалам ал деген ақшаңа ылғи балаларға еріп, темекі алып шектім. Енді міне жарық күнімді қараңғы етіп, зар еңіреп отырмын. Аттең сабағымды жақсы оқып, ата-анамды тыңдап, достарыммен бірге спортпен айналысып жүргенімде керемет болатын еді.Енді жөтелден құтыла алмаи өкпем шаншып отырғаным мынау.

Қайран ана еркеледім өзіңе

Құлақ алмай ақыл менен сөзіңе

Темекіні ерте жастан бастадым

Біле алмадым не көрінді өзіме

Денсаулықтың керегін ойламадым

Асыр салып аттең-ай оинамадым

Мектептегі қызықты мерекені

Достарыммен шаттанып тоиламадым

Енді міне жөтелмен арпалыстым

Анам менің бар қайғымды көтерші

Амал қанша мына қысқа ғұмырда

Өз ісіме өкінумен өтем ме

Білмеймін қандай пайда қосқаным бар

Аяулы ұстаздарыммен достарым бар

Құтылсам мына зиян темекіден

Меніңде өзгелердей жоспарым бар

Анашым !

Жақсы сөзді өміріме есіңдегі

Сені ойлап мазалайды шешілмеді

Мен жалғыз ұлың едім бар қызығың

Жалынамын анашым кешір мені

Нұрсұлтан: Көрінейік шыңнан биік тұғырдан

Құрбымыз жоқ спорт десе тығылған

Денсаулығың зор байлығың емес пе?

Ең әуелі спортпен шұғылдан

Табиғат тұр бар байлығын ұсынып

Алмайықшы қолда барды ұшырып

Денсаулығың зор байлығың емес пе?

Еңбек етсең жалқаулықты ысырып

Арайлым: Жүректерге жылу боп әркез қонсаң

Қуанышты сәттерге әр кез толсаң

Денсаулығың зор байлығың емес пе?

Зиянды әдеттерден аулақ болсаң

Пайдалы кеңестерді сан ақтарсаң

Денсаулықты нығайтуға талаптансаң

Денсаулығың зор байлығың емес пе?

Уақытында құнарлы тамақтансаң



Нұрсұлтан: Қырандай көкте еркін самғайтұғын

Қанатты қиындықтан талмайтұғын

Жеке тұлға боп қалыптассақ екен дейміз

Салауаттылықты ұрпаққа жалғайтұғын



© 2010-2022