Жаныңда жүр жақсы адам концерті

Фанфары ойналады Қазақ биі 1-Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, жүрегі мейірімге толы ардақты ата – аналар мен кәсіпкерлер, жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар және оқушылар! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай жас ұрпақтың бойына адамгершілік, , ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту, қамқорлы...
Раздел Социальному педагогу
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Фанфары ойналады

Қазақ биі

1-Жүргізуші: Армысыздар қымбатты қонақтар, жүрегі мейірімге толы ардақты ата - аналар мен кәсіпкерлер, жаны жайсаң ұлағатты ұстаздар және оқушылар!

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы - жомарттық, кеңпейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу - өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай жас ұрпақтың бойына адамгершілік, , ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту, қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған жандарға қолдау көрсету мақсатында өткелі отырған «Жаныңда жүр жақсы адам» атты қайырымдылық концертіне қош келдіңіздер!

2- жүргізуші:

Армысыз, еліміздің асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен би,

Сіздер үшін мереке шашулары.

1- жүргізуші: Ән шырқалар бақытымен, бағымен

Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен.

Ән айтпақшы қыздарыңыз сіздерге

Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен.

Ән: Ысқақ Дильназ бен Темірханова Ақботаның орындауында ән «Ана- әке»

Қабыл алыңыздар

2-жүргізуші:

Мейірімді ізде таза - аңғал жүректен,

Селт еткізіп,сезімді бойда дір еткен.

Мейірімділікті сіңірген адам бойына,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

Сөз №2 мектеп-гимназия директоры Гүлнар Отарбайқызы Қалдыбаеваға беріледі.

Жанұзақова Ақбаянның орындауында «Жайнай бер жастар жаңаша » әні

Қабыл алыңыздар

1- жүргізуші: Бар байлығымыз һәм бақытымыз-бала. Өмірдің гүлі де солар. Ұрпақ өсір, мәпеле, аяла. Өйткені бақытымыздың баяндылығы да балалармен өлшенбек.

2-жүргізуші:

Ата-анаға көз қуаныш

Алдында өскен еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш

Гүлденіп ой өлкесі,- деп Абай атамыз айтқандай ерке қыздарымыз Жүсіпбаева Орынгүл мен Рахымбаева Аиданың орындауында ән «Бала тілегі». Қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші

Мейірімділік- ғажайып өмір есігі,

Мейіріммен тербетілер бесігің.

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейірімсіз болсаң алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер мұқтаж жанға жылаған,

Қайтарма қолын ананың көмек сұраған.

Би үнді биі

Монолог : «Жетім қыздың монологы» оқитын 8 а сынып оқушысы Аққасен Назгүл

2-жүргізуші:

Жақсылықты ақ жүректен қабылдап,

Самға биік, жалын атып жүр алда.

Жігерің мен сеніміңді оттық қып,

Жас қырандай қанат қағып киянға.

Асқақ арман-үлкен өмір бастауы,

Болашаққа бақыт үнін жолдаңдар!

ӘН «Мектебім» Мырзакенова Шынар

1-жүргізуші:

Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.

Би Корей биі

2- жүргізуші:

Балаларды қорғау керек бәрінен,
Қардан, қыстың қаһарынан, кәрінен.
Қорғау керек нәзік гүлдей аялап,
Жан шуағы, мейірім, бақыт, қуаныш
Балаларға бөлінбесін алалап.

Көрініс «Басқа түскеннің бәрі тағдырым»

1-жүргізуші: Ақыл адамның көрігі, ақылдың сабыр серігі.Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу - жомарттық. .

ӘН: Мұхтаров Даниял «Қазақ жігіттері» әні

Ән: Жанұзақова Ақбаянның орындауында «Көңілді күн» әні

1-жүргізуші:

Мектебімізде демеушілік жасайтын

Кәсіпкерлер өздерің ғой осы айқын

Әлеуметтік жағдайы жоқ жандарды

Материалдық көмегімен қолдайтын.

2-жүргізуші: «Бала - өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамымыздың жанашыр адамдары көптеген игілікті істер атқарып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуымен әр балаға сенім мен адалдықтың нұрын ұялата білген , бүгінгі кешімізге жылы лебізін білдіргісі келетін құрметті қонақтар мен ата-аналарға сөз кезегі беріледі.

Терме: Бахрадинов Рамазанның орындауында Базар жыраудың термесі «Сөйле десең сөйлейін» Қабыл алыңыздар.

ӘН. 7 а сынып оқушысы Абзалұлы Жиенбектің орындауында ән «Болашақ»

2-жүргізуші:

Абайдың он төртінші қарасөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әр түрлі істе адам баласының бәрінөзіне тартып, бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей бүгінгі қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған әр адамға алғысыз шексіз.

1- жүргізуші: «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» - дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жылулық сәулесін шашқан, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін танытып, балаларға қол ұшын береміз деген ыстық ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы сезім, мұқтаж жандарға қамқорлығын аямаған сіздердей азаматтарға алланың нұры жаусын демекпіз. Осымен кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағанлдарыңызға рахмет. Қош аман сау болыңыздар!





Жаныңда жүр жақсы адам концерті

Жаныңда жүр жақсы адам концерті

© 2010-2022