География Бағалау (10 (класс)

Раздел Социальному педагогу
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

География Бағалау (10 (класс)География Бағалау (10 (класс)География Бағалау (10 (класс)Оқыту кезендегі бағалау


Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер адамзаттың барлық салаларына елеулі өзертулер енгізді. Әсіресе бұл білім саласына айтарлықтай ықпал етті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында білім мәселесіне нақты тоқталып, алдымызға міндеттер қойды. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары мамандар дайындаумыз керектігін айтты.

Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму іс-әрекеті - білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға байланысты. Мен жоғары мұғалімі болғандықтан «Бағалау» сөзі мен үшін және менің алдымнан білім алып отырған әрбір қаракөз қазақ балалары үшін маңызды деп білемін. Кез-келгеноқушы алған бағасының әділ болғанын қалайды. Өзімізге белгілі оқушылардың оқу жетістіктерін дұрыс бағаламаудың салдарынан, бала психикасына жазылмас жара салған ұстаздар қаншама. Біздің ата-аналарымыз білім алған Кеңестік білім беру кезіндегі бағалау жүйесі әлі күнге жалғасуда. Бұрынғы 5 жүйелік бағалау оқушының сынып нақты қай деңгейде екенін анықтап бергенімен,баланың жақсаруына, нәтижеге жетуіне мүмкіндік бермейтінін түсіндім. Теориялық білімімді тәжірибемен ұштастыру барысында түйген ойым, оқушының өзін және өзгені бағалауы үлкен оқушыға артылған жауапкершілік, сенім. Сондықтан да, оқушы өз міндетін жақсы атқарудың жолдарын қарастыруға талпынады және қызығады.

Еліміз егемендік алып дамыған, руханиятты елдердің қатарынан көріну үшін білім сапасына да зор көңіл бөліп, жастарды болашақ жоғары квалификациялық маман ретінде қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Қазіргі кезде тұлғаны жан-жақты білімді, ізденімпаз, ойы ұшқыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор, қоғам талаптарын қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Оны шешу үшін білім берудің мазмұнын жаңартып, озық әдіс-тәсілдерді пайдалану керек. Соған байланысты мектеп бағдарламасындағы сабақтарды өтуде Кембридж университеті ұсынып отырған жеті модульдің кіріктірілуі сөзсіз керек екенін түсіндім.

Модульдер кіріктірілген, шебер құрастырылған сабақтардың нәтижесінде білім алған оқушы өзін еркін ұстап ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасатынына күмәніміз болмайды. Оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығының артқанын, қала берді, ең болмағанда жаман жолға түспейтініне, сыни тұрғыдан ойлауға бет алатынын байқауға болады. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауапкершілікке үйренеді.

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін

Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын. Оқушылардың сабаққа даярлығының, қабілеттінің көрінісі бағамен есептеді. Кейде оқушылар және мұғалімдер арасында "баға үшін оқисың ба" деген сияқты сөздерді естеп қаламын. Бұл дұрыс түсінік емес, баға ол білімнің, жұмыстың нәтижесінің көрінісі, алған білімінің дәрежесін көрсетеді.

Сонымен бағалау дегеніміз -одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (мұғалімге арналған нұсқаулық 56-бет).«Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет).

Кембридждік оқыту тәсілі бойынша бағалаудың екі түрі бар: формативті (оқыту үшін бағалау) және суммативті (оқуды бағалау). Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді ідеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, мұғалімнің байқамай төмен немесе жоғары бағалаған бағалау шешіміне де өз әсерлерін тигізе алады.
Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру, фишкалар, жұлдызшалар, тілек, смайликтер [6, bilim.idhost.kz].Мұғалімнің бағалауы, яғни мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады.

Бүгінгі таңда бағалау барысында критерийлік және өзін-өзі бағалау жүйесін қолдануды өзекті деп санаймыз. Формативті бағалау ата-аналар, мұғалім және оқушыларға ашық, түсінікті және нақты болады. Өзін-өзі бағалаумен қатар оқушылардың бірін-бірін бағалауды жүргізуге болады.Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады. Енді мен бастауыш сыныпта сабақ беру барысында өзім қолданаған бағалау түрлерімен таныстырығым келеді.

Оқушылардың өздерін-өздері көшбасшы ретінде көрсете алулары үшін әдебиеттік оқыту пәнінде Бердібек Соқпақпаевтың«Менің атым Қожа» тақырыбында сабақ өткенде әр оқушының алдына оюлы қоржындар қойдым. Сабақ барысында ат салысқан әр оқушы тақтаның жанындағы үлкен қоржыннан бір асықтан алып отырды. Сабақтың бағалау кезеңінде оқушылар өз асықтарын санағанда оннан астам асық алған Саяна,Жансулу,Ержасын сынды оқушыларды көшбасшылар ретінде анықтауға болады. Албірде-бір асық алмаған Ермухан,Исламия сияқты оқушыларды келесі сабақта топтық жұмысқа міндетті түрде тарту керек.

Ғаламтор жаулап алған қазіргі заманда әрбір мектеп оқушылары өз көңіл күйлерін смайликтер арқылы жақсы көрсете алады. Мен де сол смайликтерді сабақты бағалауда тиімді қолдана алатын болдым. Мысалы «Өте көңілді», «жақсы», «көңілсіз» смайликтерді алып сабақтың соңында «Өзіме өте жақсы баға беремін», «Сабаққа жақсы қатыстым», «Орташа қатыстым» деген смайликтермен өздерін-өздері бағалайды.

Оқушыларға бірін-бірі бағалату үшін әр топтан сабақ барысында бағалаушы сайлап алуға болады. Қазақ тілі пәнінен «Зат есім» тақырыбын өткенде үш топқа бағалау парақшасы таратылды. Бағалау парақшасы төмендегідей үлгіде жасалды.

«Бағалау парағы»

1-топ Бағалаушы:_________

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Қызығушылықты ояту кезеңі

Мағынаны ажырату

Сөз таптары патшалығы

Адасқан сөйлемдер

Семантикалық карта

Қорытынды баға

1



2



3



4



Кері байланыс

Топ_________

Оқушының аты-жөні____________________________________________

1. Топта жұмыс істеген оңай ма? ___________________________________

2. Кім өзін еркін сезінбеді, неге? ___________________________________

3. Бірлескен жұмыстан не алдың? __________________________________

Сонымен қатар дүние тану пәнінен «Ауа райын бақылау» тақырыбында өткен сабақта қолданған бағалау парақшасына назар адарайық.

Өзіме қоятын бағам

Тақырыпты меңгеруім

«Аспан» аялдамасының тапсырмалары

«Бұлттар» аялдамасының тапсырмалары

«Найзағай» аялдамасының тапсырмалары

«Жаңбыр» аялдамасының тапсырмалары

«кемпірқосақ» аялдамасының тапсырмалары

Жиынтық бағасы







Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек.

Оқушы оқыту үшін бағалау арқылы бала өз жұмысын ғана емес, басқаның жұмысын саралап, талдап, бағалай алады. Ең бастысы, алдағы жұмысын бағытын анықтай алады. Оқушының жұмысын өлшемдер арқылы бағалау нәтижесін жақсартуға, не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік берсе, жетістігі үшін мадақтап, қолдау көрсету бойына сенім ұялатады. Өз сабақтарымда бағалауды пайдаланғанымды талдай келе оқыту үшін және оқу үшін бағалай тиімді екен деп айта аламын. Сонымен қатар ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы бар. Мұғалімнің бағалау (мадақтау, ынталандыру, тілек айту және смайликтерді беру) оқушының көңіл-күйіне әсер етіп қана қоймай,оны алдыға жетелейді деп толық айта аламын.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012ж, 12-б.
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012ж, 56-б.
3. nisa.edu.kz

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН - ӨЗІ БАҒАЛАУЫНЫҢТИІМДІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ.

Оқушы жетістігін нақты бағалау мәселесі - білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Бұл жағдайда білім алуға деген қызығушылықты жоғарылатуға мүмкіндік жасайтын бағалаудың нақты критерийлері, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс болмады. Көптеген мектептерде төрт баллдық жүйеге негізделген бағалаудың дәстүрлі жүйесі сақталып келеді: 2 («қанағаттанарлықсыз»), 3 («қанағаттанарлық»), 4 («жақсы») 5 («өте жақсы»). Теория жүзінде 1 (бірлік) баллы бар болғанымен, тәжірибе жүзінде тіпті қолданылмайды. Баға әр уақытта субъективті. Осыған орай, мұғалім талассыз бедел мен ақиқат иесі болып табылмақ. Алайда бұл іс жүзінде шындыққа сай келе бермейді. Бес баллдық бағалау шкаласы басқа да таза нормативтік бағалау құралы сияқты дәлдігі жетіспейтін құрал ретінде ұсынылатындығы күмән туғызбайды. Халықаралық бакалавриат мектептеріндегі бағалаудың басты функциясы білім алу ағымының ерекшеліктерін айқындауға және сәйкес келетін түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін талдау үрдісі болып табылады. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. «Бағалау» термині «жақын отыру» латын тіліндегі мағынада-бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып,не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Жалпы бағалау екіге бөлінеді: Оқыту үшін бағалау (формативтік)-ОүБ бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын қандай даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі Оқуды бағалау (суммативті) -тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған,бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық (суммативті) мақсат арасындағы айырмашылық 1960 ж жылдардан бастап белгіленген,бірақ,берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған.Іс жүзінде бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткіізілетін «ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» оқуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау фомативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүО) болып табылады. «Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымда ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құрылған Бағалау Реформасының Тобы автор болған осы аттас (ОүО) кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды.Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса,онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне болашағына ықпал етуі, мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады. Оқыту үшін үшін бағалаудың маңыздылығы-бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады. Жиынтық (жиынтықтайтын бағалау)-оқушылардың білім берудегі белгілі бір кезеңде (оқу бірлігінің,жартыжылдықтың және жылдың соңында) алған жетістіктерін бағалау. Жиынтық бағалау-мазмұн стандарттарын меңгеру көрсеткіші, оның үш түрі болады: ауызша таныстырылым, тест және жетістіктерін көрсету Формативтік (қалыптастырушы) бағалау-оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында оқушылардың алға ілгерілеуін бағалау. Формативтік бағалау оқушыларға өздерінің прогрестерін ұғынуға және бақылап отыруға,мұғалімнің көмегімен алдағы қадамдарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Формативтік бағалау белгілі бір сызбалар бойынша жүргізіледі және оқу үдерісінің тиімділігі мен дұрыс бағытын қамтамасыз етіп, оқушылардың оқудағы мұқтаждықтарын білуге мүмкіндік тудырады. Формативтік бағалаудың мынадай тәсілдері бар: -бақылау; -оқушылардың ауызша жауаптары; -оқушылардың жазбаша жұмыстыры; -тестілік тапсырмалар. Формативтік бағалау екі жолмен жүзеге асырылады: холистік бағалау сызбасы-оқу үдерісінің мақсаттары бойынша анықталған қабілеттерді жеке жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқы мерзімде және жалпы түрде бағалау.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012ж, 12-б.
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012ж, 56-б.
3. nisa.edu.kz



© 2010-2022