Тренинг Біз бәріміз біргеміз, ажырамас іргеміз

Раздел Социальному педагогу
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ү.К.Томанов атындағы № 183 орта мектебі



















«Біз бәріміз біргеміз, ажырамас іргеміз»

/тренинг/



Әлеуметтік педагог Ерекешова Г.С.















«Біз бәріміз біргеміз, ажырамас іргеміз»

/тренинг/

Міндеті:

1. Ата-аналар мен әңгімелесу барысында отбасы құндылықтарын сақтауға, баланы өз ерекшеліктерімен қабылдай білуіне ықпал жасау.;

2. Ата-анадардың өз отбасындағы берілетін тәрбиенің ерекшелігі туралы ойландыру.

3. Ата-аналардың өздерін сыртынан байқай алуларын дамыту.

«Өз балаларыңызды сүйе отырып, оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз - қартайған шағыңызда көз жасыңызды төгесіз» В.А.Сухомлинский:

Мақсаты: Отбасы құндылықтарын сақтай отырып, отбасының шаңырағын биік, іргесін ажыратпай бала тәрбиесімен айналысу.

Тренингтің барысы:

І Сәлемдесу

ІІ Тренинг ережесімен таныстыру

  1. Бірін бірі тыңдау

  2. Уақыт үнемдеу

  3. Жағымды эмоция туғызу

  4. Достық қарым-қатынас

  5. Белсенділік таныту

ІІІ «Баламды жақсы білемін бе?» «Жылдам және тез» жаттығуы арқылы ата-аналардың өз баласы жайлы мәліметтердеі нақты білуі.

  • Балаңаздың ең жақын досы?

  • Балаңыздың оқитын кітап-журналдарын атаңыз?

  • Балаңыздың туған күнін атаңыз?

  • Бос уақытын қалай өткізеді?

  • Балаңыздың үйдегі сүйікті ісі?

  • Балаңыз қай пәнді жақсы көреді?

  • Балаңыздың арманы не?

  • Балаға үлгі болатын адам кім?

ІУ Отбасының шаңырағын биік, іргесін ажыратпай бала тәрбиесімен айналысу барысында қандай ойлар айтар едіңіз?

Ата-аналардың ойын тыңдай келе, отбасындағы береке - бірлікті сақтау үшін бізге түсіністік, мейірімділік қажет екендігі анықталды.

У «Мақтаншақ» ойыны. Балаңызды барынша мақтаңыз

«Менің балам ........» мақтану барысында бір-біріміздің сөзімізді қаталамаймыз, болашақта кім болады, сіздің атыңызды қай салада шығарады. Өз қиялдарыңызбен қосып айтсаңыз болады.

Сіздерге көп рахмет, Қазақстанға осындай ұрпақ сыйлағандарыңызға. Балаларыңыз өздеріңіздің ойларыңыздан шықсын, армандарыңыз орындалсын деген тілек білдіре отырып, сіздерді менімен бірге ән салуға шақырамын.

«Көңілді күн» әнін хормен орындау

УІ Құрметті ата-аналар, сіздерге бір пайдасы тиер деген ниетте кеңестер

таратамын.

© 2010-2022