Сын есім. ашық саб. (7класс)

Раздел Социальному педагогу
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері

Сабақтың мақсаты: 1. Сын есімнің түрлері туралы түсіндіру,білімдерін

тереңдету,жаңа сабақты меңгерту.

2.Шығармашылық қабілеттерін, ойларын

дамыту,ізденімпаздық қасиеттерін дамыту.

3.Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге,өзін-өзі бағалай

білуге,сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,кестелер,суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу.Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.Оқушыларды сабаққа жұмылдыру.

Оқушыларға бүгінгі күн ерекше күн екенін хабарлау,олардың білімдері өте жақсы екендіктерін айтып көңілдерін көтеру.

Кіріспе сөз: Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Үй тапсырмасын сұрау. 1.Қазақ тіл білімі саласы нешеге бөлінеді?

2. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

3. Зат есім дегеніміз не?

4. Сын есім дегеніміз не?

5. Сын есімнің жасалуы.

6. 144-жаттығу.

Жауабы сын есімге байланысты сұрақтар:

-Бүгін көңіл-күйің қалай?

-Ауа-райы қандай?

-Бүгін қандай көңіл - күймен ояндың?

Жаңа сабақ:

«Бәйтерек», «Мұз айдыны» суреттерін көрсету.Сурет арқылы оқушыларға мысалдар жаздыру. Мысалдар арқылы жаңа сабақтың ережесін шығару.

Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын болса, оны сапалық сын дейміз.

Сын есім басқа сөз табынан да жасала береді. Зат есім, есімдік, етістік, үстеу сөз таптарына сын есім тудыратын жұрнақтар жалғанып, туынды сын есім жасайды. Оны қатыстық сын есім дейміз.

146-жаттығу.Сапалық сын есімдердің бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бір бөлек жазыңдар.

129-жаттығу.Сын есімдерді тауып, сапалық және қатыстық сын есімдерді теріп жазу, ажырату.

Ақылсызға сөз айтсаң,

Алды бір тұйық жармен тең,

...Уайымшыл жігіттің

Кең дүниесі тармен тең.

Уайымсыз жігіттер

Қара бұлан нармен тең.

Жетесі жаман жігіттер

Тоқсандағы шалмен тең.

Жаманнан көрген қорлығың

Көкірекке біткен шермен тең.

Тапсырма:

1.Ойы жоғары, тілі алғыр шығарма естен кетпейді.

(Сөйлемге морфологиялық талдау жасау)

2.Баяғыда Қаратау алқабындағы жазықта сабан төбелі ескі үй тұрды. (Сөйлемге синтаксистік талдау жасау)

Сұрақ:

  • Жақсы оқитын оқушы кім? (үлгілі)

  • Сөзге шебер адам кім? (шешен)

  • Сабақ оқымайтын оқушы кім? (жалқау)

«Үлгілі», «шешен», «жалқау» деген сөздер қай сөз табына жатады?

Осы сын есімдерге фонетикалық талдау жаса.

Менің бағытым (сәйкестендіру)

1.тәтті жар

2.тік адам

3.тегіс қант

4.суық қоян

5.сұр су

6.ақылды жер


«Венн диаграммасы»

Зат есім Сын есім


Семантикалық карта



Мысалдар

Негізгі сын есім

Туынды сын есім

Дара сын есім

Күрделі сын есім

Сапалық сын есім

Қатыстық сын есім

1

Биік







2

Таулы







3

Ірілі-ұсақты







4

Кішірек







5

Қара торы







6

Қара







7

Ұялшақ







8

Жылы







9

Биік-биік







10

Әсемпаз







Бағалау.

Үй тапсырмасын беру.

130-жаттығу. «Білім жолы - нұрлы жол» тақырыбында сын есімдерді қатыстыра отырып, шағын мәтін жазу.




Ы.Алтынсарин атындағы № 10 мектеп-лицей




Сын есім.ашық саб. (7класс)


Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 6 «а»

Пән мұғалімі: Дәукеева Ажар







Қызылорда қаласы








© 2010-2022