Разработка Топтық жұмыстың тиімділігі

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг тақырыбы: Топтық жұмыстың тиімділігі

Мақсаты: Топтық жұмыс туралы маңызды ақпарат беру. Топтық жұмысты ұйымдастыру, белсенділікке ынталандыру. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету. Шағын топтағы жұмыс моделін құру.

Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері:

-ортада жайлы әрекеттестік орнату, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасау;

-өз идеяларын зерделеп, мұғалімдердің белсене қатысуына көмектесу;

Коучинг әдістері: сұрақ-жауап, миға шабуыл, топтық жұмыс, кластер, 635 тәсілі, «Жұдырық» ойыны

Ресурстар: ватман, акт, маркерлер, гүлдер, смаиликтер, а4 парағы.

Уақыты

Коуч әрекеті

Мұғалім әрекеті

Танысу

5 минут

Сәлемдесу.

«Танысу жаттығуы» Қатысушылар есімдерінің бірінші әрпіне сәйкес келетін сын есімді қосып айту ұсынылады, мысалы «Ақылбек ақылды» келесі тыңдаушы өз атын атамастан бұрын алдыңғы тыңдаушының атын сын есіммен қоса атап, содан соң өзінікін айтуды сұраймын. Алғашқы есімді өзімнен бастаймын «Эльмира- экстраверт», «Ақылбек-ақылды», «Шарапат- шыдамды», «Айбар-айбарлы».

Мұғалімдер өз есімдерінің бірінші әрпіне сын есім қосып айтады және өз атын атамастан бұрын алдыңғы тыңдаушының атын сын есіммен қоса атап, содан соң өзінікін айтады. Алғашқы есімді есте сақтауға тырысады.

Топқа бөлу

1минут

Алдын-ала жасалынған гүлдер арқылы топқа бөлемін

Гүлдердің түстері арқылы 3 топқа бөлінеді

Ой қозғау

6 минут

«Команданың табысқа жетуі» бейнефильм көрсетемін.

1. Қалай ойлайсыздар сіздер мына көріністен қандай процесті байқадыңыздар?

2. Топтық жұмыс тәсілді қаншалықты қолдануға болады?

Бейнефильмді көрген соң өз ойларын тұжырымдап, сұрақтарға жауап береді.

Топтық жұмыс

15 минут

Әр топқа тақырып беріледі. (қосымна материалдар беріледі)

1. Топта жұмыс істеу не үшін қажет?

2. Топтарды қалай ұйымдастыруға болады?

3. Топтағы бірлескен жұмыс?

Әрбір топ берілген тақырып бойынша постер дайындап, қорғайды.

Бағалау

2 минут

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топты бағалау

Дайындаған постерді бағалайды және өздері алған бағаларымен танысады.

635 тәсілі

5минут

Әр топқа А4 парағын беремін және сұрақ қоямын.

Сіз мектебіңізде топтастырудың қандай формасын қолданасыз?

6 қатысушы

3 идея

5 минут

Әрбір қатысушы параққа өзінің 3 идеясын жазып келесі адамға береді, ол алған қағазға тағы да 3 идеяны тіркеп, ары қарай береді.

Кластер

3 минут

Өздеріңіз қолданатын топтастыру түрлерінің тиімділігі неде?

Топ мүшелері кластер дайындайды.

Түсініктеме береді.

Сергіту сәті

жұптасу

3 минут

«Өмір ағашы» тыңдаушыларға өз өмірлерінің ағашын төмендегі схема бойынша салуды ұсынамын. «Өмір ағашын» талқылаймыз, қорытынды жасаймыз. Біздің өміріміздің мақсаты қандай болса, оның жемісі де сондай болатынына көз жеткіземіз.

Тамыры

Діңгегі

Бұтақтары

Жемістері

Мұғалімдер өздерінің өмір ағашы суретін салады. Жауабын тыңдап талқыға салады.

Разработка Топтық жұмыстың тиімділігі

Рефлексия

5 минут

Сауалнаманы кесте арқылы алу

Білдім, түсіндім

Білгім келеді

Сұрақтарым коучке

Пікірім

Тілектерім

-қатысушыларға

-коучке

Өз жұмысыма деген көз қарас

-сәтті шыққан әрекетім

-өз жұмысыма көңілім тола ма?

Кестемен берілген сауалнамаға жауап береді.



Социаграмма

2 минут

Социаграмма үлгісі парақшаларын тарқатамын.

Топ бір-бірін қаншалықты тығыз жұмыс жасағанын және танығаны анықтау

1. Мына адамдармен алдағы уақытта жақсы араласқым келеді

2 Есімі ең әдемі топ мүшесі

3. Тобымыздың ойшыл жүйрігі

4. Бұл біздің топтың белсенділері

Топ мүшелері социаграмманы толтырады және бір-бірін жете таниды

Қорытынды

Коучингке баға беру басбармақ арқылы



Тексерілді:

Оқу ісі жөніндегі орынбасары: З.Ережепова


© 2010-2022