Қазіргі сынып жетекшісі қандай? тақырыбындағы эссе

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Қазіргі сынып жетекшісі қандай?

«Адам білім үшін емес, білім , тәрбие адам үшін ұстанымын басшылыққа алып, оқу - тәрбие барысын жетілдіріп, дамыту арқылы ғана білім мен тәрбиенің беделін артыруға болатынын уақыт өзі дәлеледеп отыр. Еліміздің ертеңі - бүгінігі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында екені айқын. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның бар өміріне апат әкеледі»- деп әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы ғалым Әл - Фарабидің айтқан пікіріне қазақтың маңғаз ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Жас бала - жас шыбық, жас күнінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйі қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең сындырып аласың» деген асыл сөздерін оқушыға тәрбие негізін қалайтын әрбір сынып жетекші өз ұстанымы ретінде қабылдауы керек. Мектеп табалдырығын аттаған пәк сезімді, адал ниетті, өмірге деген құмарлығы артып тұрған бүлдіршінді сапалы білім мен саналы тәрбие соқпағынан сүріндірмей алып өту сынып жетекшінің міндеті. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Бәсекеге лайық маман тәрбиеле, бәсекеге лайық ұлт жаса» деген бастамасының өзі стратегиялық негізгі құралға айналып отырғандығы сондықтан. Бұл президентіміздің тәрбиеге ерекше мән беруі әрбір сынып жетекшісіне ой салып, тәрбие бағытын қазіргі заман талабына сай жүргізуге ықпал етуі керек.

Қазіргі кезде заман талабына сай мектептегі тәрбие жұмысының құрылымы жас ұрпақтардың бойына ұлттық игіліктерді сіңіру арқылы оларды нарықтық - экономикалық бәсекеге қабілетті ой - өрісі жан - жақты дамыған жеке тұлға етіп тәрбиелеуге бағытталған. Тәрбие барысында баланың ақыл ойын, іс - әрекетін, танымдық қабілетін дамыту сынып жетекшінің міндеті. Әр оқушыға сенім арта біліп, жеке тұлға ретінде қалыптастырсақ, тәрбие бағытындағы тасымыздың өрге домалағанын, болашаққа барар жолымыздың айқын екенін көреміз.

Адамзат өмірінде ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялардың дамыған кезеңі. Жаңа үрдістегі техника тілін білетін, оны жақсы меңгеретін, егемен елімізідң ертеңі - жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір жаңашыл сынып жетекшінің міндеті.Ал мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, ол - сынып жетекші. Бүгінгі толғандырып отырған тақырып өзегі «Қазіргі сынып жетекшісі қандай?» мен осы орайда осы сұрақ айналасында ізденіс жұмыстар жүргіздім. Менің ізденісім бірінші мектебімдегі озық тәжірибелі сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстарымен танысудан басталды. Екіншіден, Республикалық білім мен тәрбиеге арналған баспа беттерінен еліміздің әр түкпіріндегі сынып жетекшілердің тәрбие, қазіргі уақыттағы сынып жетекшінің атқаратын жұмыстары туралы жазылған ой - тұжырымдарын қарастырдым. Үшіншіден, «Қазіргі сынып жетекші қандай?» сұрақ арақылы өзімнің жетекшілік етіп жүрген сыныбымдағы атқарып жүрген тәрбие жұмыстарымды, тәрбие бағыттарымды ой елегінен өткізіп сараладым. Мен осы үш бағыттағы ізденіс жұмысымнан түйгенім, қазіргі жаңару кезеңінде қоғамның алға даму үрдісінде қазіргі заман талабына сай сынып жетекші болу үшін сынып жетекші - жан - жақты тәрбие беруші , оқу -тәрбие процесін жүйелі ұйымдастырушы, ізденімпаз, жаңашыл, инновациялық технологиялармен қаруланған, адамгершілік қасиеті мол, еңбекқор, тәрбиесіне назар аударатын оқушымен жұмыс жүргізе алатын, қарапайым мінезімен, мейірімге толы жүрегімен, оқушы жанын баурап алатын, электрондық оқулықтармен жұмыс жасай білетін, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыратын, ата - аналармен, мектеп әкімшілігімен, қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен біріге отырып, бала тәрбиесіне ықпал жасайтын, бойына ұлттық болмысымыздың барлық қасиеті жинақталған, тәрбиенің барлық салаларынан хабары бар, жүріс - тұрысы, киімі, сөйлеу мәнері әр балаға үлгі болатын, көп мәдениетті нарықтық - экономика жағдайында бәсекеге қабілетті, табысқа жетелейтін, жоғары деңгейдегі кәсібилік пен жан - жақтылықты меңгерген, бала жанның бағбаны бола білетін болуы керек деп ойлаймын.

Кейбір ұстаздар сынып жетекшілік етуден қашады. Баланы тәрбие нәрімен сусындату, сынып жетекшілік ету, алдыңа келген бүлдіршіндермен жұмыс жасау - мен үшін үлкен бақыт. Мен өзімнің сыныбыммен қатар, қосымша орыс сыныбына жетекшілік етемін. Екі сыныпқа жетекшілік етіп жүрсем де, талай жетістіктерге жеттім. Атап айтар болсам, «Алтын күз», «Тіл білгірлері», «Кім жүйрік», «Абай - дара, Абай - дана қазақта», «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» атты көркем сөз оқу сияқты сайыстардан бас жүлдені иеленді. Мектептің қоғамдық жұмыстарына өзім жетекшілік ететін екі сынбым да белсене араласып отырады. Осы екі сыныбыммен әрдайым тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырамын. Мектепте жүргізілетін өзім ұйымдастырған «Ұлттық дәстүр» үйірмесі арқылы өз оқушыларыммен бірге, басқа сыныптардағы оқушыларды біріктіре отырып, жұмыс жүргіземін. Жұмысымыз нәтижесіз емес. Жас маман ретінде сіздерге айтарым қазіргі заманға сай сынып жетекші болуға тырысамын, осы жолда аянбай жұмыс жасаймын. Осында отырған оқушы санасына білім нұрын себетін барша ұстаз қауымына өз шығармашылығымнан арнауымды ұсынамын, қабыл алыңыздар.

Жақсылықты мақсат етіп көздеген,

Ұстаз жаны ерекше ғой өзгеден.

Ұстаздардың атқарар өр еңбегін

Жеткіземін қалайша мен сөзбенен

Шәкірт болдық бір кездері бәріміз,

Ұстаздармен бірге болды жанымыз.

Ұстаз қалап тәрбиенің іргесін

Біздің болды ұлы тұлға тауымыз.

Ұстаз деген ұлы тұлға ардақты,

Тәрбиелер шәкірттерді жан - жақты.

Ұстаз деген ұлы қасиет иесі,

Ұстаз деген қадірлі жан салмақты.

Ұстаз деген жол сілтейді ұрпағына,

Жетсін деп шәкірті білім шырқауына.

Ұстаздардың қалдырған ұлы ісі,

Шәкіртіне сарқылмас үлкен мұра.

Шәкірттерін болсын деп өнегелі,

Болсын дейді ұстаздардың негізгі мақсаттары

Тәрбиелеу шәкіртті биік өрелері

Ұстаздардың ерен ғой еңбектері

Үлгі ғой әрбір ісі мектептегі

Ұлы ұстаздар ізбасары жас маманмын

Келдім мен де білім дәнін көктеткелі.

Еңбек етем ізгі жолдан таймаймын,

Ұстаздыққа өмірімді арнаймын.

Тәжірибелі ұстаздардың іздерін

Әрі қарай болашаққа жалғаймын.

Ұстаз қауым сіздерге айтар жыр әнім көп,

Осы арнауды ұсындым жыр әнім деп

Бақытты боп өмір өзен кемеде

Еңбектеріңіз жана берсін мұғалім боп.


© 2010-2022