Өзіңді өзің тану өз бойыңдағы мініңді жою тренинг

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Өзіңді-өзің тану - өз бойыңдағы мініңді жою» кіріктірілген тренинг

Мақсаты: жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде дамуына, басқалармен қарым-қатынасты орнатуда, өзін-өзі және қоршаған адамдарды түсінуде, өзінің «менін» білдірудегі әртүрлі амалдарды қолдануға көмек беру болып табылады.

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, слайд

Мазмұны:

I Шаттық шеңбері «Гүлдәурен» (5 минут)

II Мәтінді оқу «Адам қалай ойлайды?» (5 минут)

III «Сәттіліктің есіктері»-тренинг (5-7 минут)

IV «Өз таңдауың бойынша»-тренинг (20-25 минут)

V Жүректен - жүрекке «Алғашқы махаббат» (3 минут)

VI «Мен қай типке жатамын?» атты шағын тест (2-3 минут)

VII Психологиялық релаксация - тыныштандыру сәті (3-5 минут)

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Студенттермен амандасу.

І. Шаттық шеңбері - «Гүлдәурен» сөзі мен әні М.Шахановтікі

1. Асау өмір арнасында

Шалқып сәби сезімменен,

Он жыл мектеп партасында

Бірге отырдым өзіңменен.

СӨзіңді өзің тану өз бойыңдағы мініңді жою тренингездіруге батпадым да

Бала махабаттымды,

Терезенің жақтауына Қайырмасы.

Ойып жаздым атыңды.

2. Елес беріп келешегің

Қимасыңа баладың ба?

Қоштасарда неге сенің

Жас толқыды жанарыңа? Қайырмасы.

3. Іңкәр еткен атар таңға

Қош бол енді, бала көктем.

Бізді алыс сапарларға

Шақырады самолеттер Қайырмасы.

Ән айтылып болғаннан кейін, өзін-өзі тану сабағының барысы бойынша мәтінді оқи отырып, дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазамыз. Мәтіндегі «дәл бүгіннен бастап» деген сөздерді, өз ойымызбен әрі қарай жалғастырып жазамыз.

II. Мәтінді оқу «Адам қалай ойлайды?»

Джеймс Лейн Аллен

Адам баласы өзінің айналасындағыларға, басқа адамдарға деген көзқарасын, ниетін өзгертсе, олардың да бұған деген көзқарасы өзгереді. Адам өзінің ой-пікірін, ниетін түбегейлі өзгертсе, оның өмірінің материалдық жағы да өзгереді. Біздің тағдырымыз өз қолымызда. Адамның қол жеткізген жетістіктері - өзінің ойы мен ниеті арқылы жоғары көтеріліп, жеңіске жетеді. Ал ойы мен ниетін жақсылыққа бағыттай алмаған адамдар бақытсыз болады. Сондықтан да өз бақытымыз үшін күресейік. Алдымен өзімізбен күресуді оптимистік ойлау негізінде жүзеге асырайық. Ол үшін мен сіздерге күнделікті орындайтын бағдарлама ұсынамын. Оның аты «Дәл бүгіннен бастап», деп аталады.

  • дәл бүгіннен бастап «Мен бақыттымын», - деген сөзді басшылыққа аламын.

  • дәл бүгіннен бастап мен өзімді қоршаған ортадан тек жақсылық іздеймін, ойым мен ниетімді жақсылыққа бағыттаймын.

  • дәл бүгіннен бастап мен өзімнің денсаулығым туралы ойлана бастаймын. Дене шынықтыру жаттығуларын жасап, өз үсті-басыма күтім жасаймын. Дұрыс тамақтанамын, өз денсаулығыма зиян келтірмеуге тырысамын.

  • дәл бүгіннен бастап мен өзімнің ой-өрісімді кеңейте бастаймын. Білімімді толықтырамын. Миымды жаттықтырамын, қозғауға күш беретін кітаптар оқимын.

  • дәл бүгіннен бастап мен өзімді-өзім жетілдіруді қолға аламын. Ол үшін мен үш нәрсе жасауым керек: мен бір адамға өзі білмейтіндей етіп пайдалы іс жасаймын; одан басқа жаттығу ретінде өзіме пайдалы екі іс

жасаймын.

  • дәл бүгіннен бастап барлық адамдарға достық ниетпен қараймын. Мүмкіндігінше, өзіме жарасатын киім киіп, адамдармен дауыс көтермей сөйлесем, ешкімді сынамауға, ешкімге жөнсіз тиіспеуге, ешкімді басынбауға тырысамын.

  • дәл бүгіннен бастап бүгінгі күнмен өмір сүремін, өз өмірімдегі барлық проблемаларды бірден шешу мүмкін еместігін есте сақтаймын.

  • дәл бүгіннен бастап мен өз істерімді жоспарлап, әрбір сағат сайын не істейтінімді жазып отырамын. Мен дәл осы жоспарым бойынша жазылғандарды жүзеге асыра алмауым мүмкін, бірақ мен оны жасап қоямын. Бұл маған екі жаман әдеттен - асығыстық пен шешімсіздіктен арылуға мүмкіндік береді.

  • дәл бүгіннен бастап мен бақытты болудан, әдемілікке сүйсінуден және сүйікті болудан қорықпаймын. Мен жақсы көретін адамдардың мені де жақсы көретініне сенетін боламын.

Егер сіз бен біз осы бағдарламаны бетке ұстансақ, өміріміз тынышталып, өзімізбен өзіміз және айналадағы адамдармен қарым-қатынасымыз ізгілікке, сүйіспеншілікке құрылатыны сөзсіз.

Келесі бөлімімізде әрқайсысымыз өмірге ұмтылыстарымызды, өмірде неге қол жеткізетінімізді айтамыз.

III. «Сәттіліктің есіктері»-тренинг

Екі қатысушы есік жасап тұрады. Әрбір қатысушы «есіктен» өту керек. Өтпес бұрын ол өмірде неге қол жеткізгісі келетіндігі туралы айтады, қалғандары шапалақ соғады.

Келесі тренингке көшпес бұрын әрқайсысымыз болашақ өмірімізге таңдау жасаймыз.

IV. «Өз таңдауың бойынша»-тренинг

Мақсаты: өмірлік мақсатын анықтай алу қабілетін дамытып, болашаққа өз-өзін баулуға үйрету.

Жаттығу «Карта»

Картаның барлық бөліктері жиналады. Картада «Мен» деген сөзді құрайтын әріптер пайда болады. Ұйымдастырушылардың өмірде дұрыс таңдау жасау туралы кіріспе сөздері. Жерде лента жатады. Жүргізушінің сөзінен кейін:

«Егер сіздер өмірлеріңіздің жақсы болғандығын қаласаңыз, егер сіз болашағыңыз үшін жауапкершілікті сезінсеңіз, онда мына лентадан аттаңыз, артта барлық қасірет пен қайғыларды, жаман қылықтарыңызды қалдырыңыздар. Өміріңді жаңа беттен баста!» Лентадан аттағысы келгендердің барлығы стикерге осы өмірде неден құтылғылары келетіндігі жайлы жазып, әріптерге жапсырады. Барлығы жапсырып болғаннан кейін әріп жыртылады.

Әрқайсысымыз өз орындарымызға жайғасып, күнделікті үйреншікті кезеңімізге көшеміз.

V. Жүректен - жүрекке: «Алғашқы махаббат» сөзі мен әні М.Омаровтікі

І.Өртенген сезімді,

Қалайша өшірем.

Балауса кезімді,

Қайтіп мен кешірем.

Қайырмасы:

Алғашқы махаббат

Жүректі тербейді.

Мәңгілік бақ құсы,

Қоштасқым келмейді.

ІІ.Өмірдің пәктігін,

Жаныма сыйлаған.

Кештерді қайтейін,

Кетуге қимаған.

Қайырмасы.

ІІІ.Айтпаған әнімді,

Кімге мен арнаймын.

Үмітім үзілсе,

Қайтіп мен жалғаймын. Қайырмасы.

VI. Енді сабағымыздың соңында «Мен қай типке жатамын?» атты шағын тест.

Бірде сен театрға кешігіп бардың тексерушілер ішке жібермей қойды. Сонда сен қандай әдіс қолданасың?

  1. «Бұл не тәртіп, билетіміз бар басталғаны жаңа ғана» - деп, қарсы сөйлеп, ішке кіруге ұмтыласың (холерик)

  2. Ішке кіретін басқа жол табасыз, басқа есік арқылы немесе сондағы бір танысың арқылы (сангвиник)

  3. «Ештеңе етпес, әдетте бас жағы онша қызық болмайды, арасында бір үзілісте кіріп кетермін» - деп ойлайсың (флегматик)

  4. «Үнемі жолым болмайды, бір келген едім, оның өзі сәтсіз аяқталды», деп ренжіп, үйіңе қайтасың (меланхолик)

Келесі бөлімге, яғни тыныштандыру сәтіне көшеміз.

VII. Психологиялық релаксация - тыныштандыру сәті «Ризашылық»

Барлығымыз денемізді бос ұстап, өзімізді еркін сезінейік. Тынышталамыз.

Көзімізді жұмайық, ішімізден 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-ға санаймыз. Бүкіл болмысымызбен өзімізді тыңдаймыз. Айналамызды қоршаған орта - орман, көл, тау, бұлт, жарқыраған күннің нұры бізді шуағына бөлеп тербейді. Қоршаған әсем табиғатқа зер салып, үңілейік. Мөп-мөлдір көлдің суына үңілсек, өзімізді көреміз, таудың аппақ ұшар басы біздің көңіліміздей аппақ, аспандағы ақ мамық бұлт бізді қол бұлғап алдағы армандарыма шақырады. Бір сәтте бұлттың үстіндемін.

Мен өзімнің арманыма қол жеткіздім!

Мен ризамын, мені дүниеге әкелген ата-анама!

Мен ризамын, маған алғаш қолыма қалам ұстатқан ұстазыма!

Мен ризамын, мені қоршаған достарыма, ұстаздарыма!

Мен ризамын, орман, көл, тауларға, ақ мамық бұлттарға!

Мен ризамын, кешегі күніме!

Мен ризамын, бүгінгі күніме!

Ризамын, мен бәріне, бәріне, бәріне!

Мен сенімдімін ертеңгі күніме!

Ризамын, мен бәріне, бәріне, бәріне!!!

Енді ішімізден 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1-ге дейін ішімізден кері санаймыз!

Көздерімізді ашамыз, жинақталамыз!!!

Өткізген: «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖМ

өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы - М.А.Мукишева

© 2010-2022