Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы : Сөйлеу тілі мен кітаби тіл туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты :

а) сөйлеу, кітаби стильдер туралы жан-жақты түсінік беру, стильдің түрлерін ажырата білуге үйрету;

ә) түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыруға баулу;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға машықтыру;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, слаидтар

Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, деңгейлік тапсырмалар

Пәнаралық байланыс : әдебиет,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу, түгелдеу

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

  • Қазақ тілі қандай қоғамдық қызмет атқарады?

  • Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде қандай деңгейде дамуда?

  • Жергілікті сөйлеу тілінің әдеби тілден айырмашылығын табыңыз?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ әдеби тiлi - қоғамдық өмiрдiң әр алуан саласында қолданылатын, стильдiк тармақтары сараланған, мәдени жұртшылықтың бәрiне ортақ нормасы бар, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететiн тiл. Қазақ әдеби тiлi қоғамдық өмiрдiң бiлiм мен ғылым саласында, құқықтық қатынас саласында, бұқаралық ақпарат саласында, әдебиет пен өнер саласында, тұрмыстық қарым-қатынас саласында қызмет етiп, тiлдiк ұжымның қарым-қатынас қажетiн өтейдi. Осымен байланысты қазақ әдеби тiлiнiң бес түрлi стильдiк тармақтары қалыптасып сараланған: бiлiм мен ғылым саласында - ғылыми стиль, құқықтық салада - ресми iс қағаздары стилi, қысқаша айтқанда, ресми стиль, әдебиет пен өнерде - көркем әдебиет стилi, бұқаралық ақпарат саласында - публицистикалық стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста сөйлеу тiлi стилi.

Сөйлеу тiлiнiң лексикалық ерекшелiктерi.

Сөйлеу тiлiнде күнделiктi тұрмыста қолданылатын қарапайым бейресми сөздер жиi ұшырасады, бейтарап сөздермен қатар диалектi сөздер, кейде тұрпайылау сөздер де кездесiп отырады. Оларды көркем әдебиетте жазушылар кейiпкердiң сөйлеу ерекшелiгi мен мiнезiн таныту, ашу үшiн т.б. стильдiк мақсатта әдейi пайдаланады. өйлеу тiлiнiң фонетикалық-морфологиялық ерекшелiктерi. Дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне тән фонетикалық белгiлерге жатады: басың қағыр (басың қалғыр), кеп отыр - келiп отыр, боп па - болып па т.б. тiркестерде дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне тән құбылыс.

Сөйлеу тiлiнiң фонетикалық-морфологиялық ерекшелiктерi.

Дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне тән фонетикалық белгiлерге жатады: басың қағыр (басың қалғыр), кеп отыр - келiп отыр, боп па - болып па т.б. тiркестерде дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне тән құбылыс.

Синтаксистiк ерекшелiктерi. Сөйлеу тiлi стилiнiң басқа стильдерден өзгешелiгi, ең алдымен сөйлем құрылысынан байқалады. Сөйлеу тiлiнде сөйлем түрлерi аралас келедi. Сұраулы, лептi, риторикалық сұраулы сөйлемдер көп қолданылып, сөйлем диалогқа құрылады:

Баланың сөзiн сөз деп, о несi-ай маған! (Б.Майлин)

Кiтаби тiлдiң ауызша, жазбаша түрiнiң нормалары, жүйелерi ереже түрiнде грамматика оқулықтарында, оқу құралдарында түрлi сөздiктерде көрсетiледi. Сондықтан бұл нормалар "заңдастырылған" (кодификацияланған) нормалар деп танылады. Сөйлеу тiлiнде де норма, белгiлi бiр жүйе болады. Бiрақ сөйлеу тiлi нормалары "заңдастырылмаған", бiршама еркiн болады.
Білімді бекіту :

Жаттығулар орындау

Кеспе қағаздар ұсынамын: Берілген сөйлемдердің қай стильде жазылғанын тауып, сөйлем мүшесіне талдау

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Стильдерге мысал жинастырып келу, бір сөзіне фонетикалық талдау жасау


Қазақ тілі

Сыныбы:9

Сабақ тақырыбы:

Қазіргі кітаби стиль туралы

Жалпы мақсат:

қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеу стилі туралы түсінік беру; оқушылардың ой-өрісін,сана-сезімін,белсенді ойлау дағдыларын жандандырып,сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру,білімін дамыту,сауаттылыққа баулу,сабаққа ынталандыру;оқушының тіл байлығын дамыту арқылы тілдік құрлымдарды өз бетінше талдап меңгере білу,іс-әрекет,ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру.

АКТ-ны тиімді пайдалану

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 98-104 б.

  2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі

  3. 9-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы бет

  4. Портал материалдары

Оқу нәтижесі:

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылу аясын білу.АКТ пайдалана алуы

Негізгі идеялар:

Стильдік сипаты мен қолданылуаясын білуі

Сабақта қолданылатын материалдар:

интерактивті такта,флипчарт,оқулық,

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер: сұрақ- жауап, диалог.

АКТ,

СТО

Бағалау

Жеке, жұптық, топтық жұмыс

Түртіп алу,екі жақты күнделік,

Дерек көздері:

Қазақ тілі,түркі тілдері тақырыбына арналған материалдар:

1. Шешендік сөздер

2. Қазақ тілінен оқушы анықтамалығы 188 бет

3. Википедия ашық энциклопедиясы

Тапсырмалар:

сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«бегемотик » арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру

Бегемотик биін билету арқылы көңіл күйлерін көтеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 5 мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Шығарманы оқыту

Шығармаларын оқу

ІІІ. Жаңа тақырып (10 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Power Point таныстырылымы арқылы сабақты түсіндіру

Қазіргі кітаби стиль туралы

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау

Қызығушылықты ояту(10 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Көркем әдебиет стилінің Сөздердің әртүрлі ауыспалы мағынадағы қолданысы, көркем-

дегіш, бейнелеуіш, суреттеме (теңеу,

метафора, метонимия, антитеза, т.б.) құралдары еркін қолданылады.

Көркемдегіш құралдарын табу

Көркемдегіш құралдарын табу

IV.Қорытындылау (5 мин) 8.58-9.05

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бір біріне сұрақ қойдыру арқылы өздеріне бағалату

Өзін-өзі критериалды бағалау

V. Үйге тапсырмасын беру (2 мин) 9.05-9.07

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

-жаттығу

Тақырыпты оқып келу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VI. Бағалау (5 мин) 9.07-9.12

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Критериалды бағалау

Бірін бірі бағалау

VII. Рефлексия

(3 мин ) 9.12-9.15

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Стикерлерге алған әсерлерін жаздыру

Сабақтан алған әсерлерін стикерлер арқылы жеткізу

Ұқсас жазбалар



Септік жалғаулары



МҰҒАЛІМ - ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ТҰЛҒА



Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қазақ тілі пәнінен емтихан билеттері. ( қазақ тілде емес мектептеріне арналған)



Тіл - ұлт қазынасы



«Аяз би» ертегісі



Еріндік және езулік дауыстылар



Қазақ әдеби тілі туралы түсінік



Тіл - ұлттық қазына



Ы. Алтынсарин өмірі шығармашылығы



Абай өлеңдері



© 2010-2022