Қамқоршы күніне арналған сценарии

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КММ «Карасевка орта мектебі»




«Балаға мейірім сыйла»

қамқоршы күніне арналған кешінің

сценарииі


өткізген :

әлеуметтік ұстаз

Ибраева Б.А.




«Балаға мейірім сыйла»

қамқоршы күніне арналған кешінің сценарииі
Мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, қамқорлықтағы балаларды ортаға бейімдеу, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.

Армысыздар, құрметті қонақтар, ардақты ата -аналар, ұлағатты ұстаздар! Бүгінгі «Балаға мейірім сыйла» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кең пейілділік, бауырмалдық. Мұхаммед Пайғамбарымыз өсиетінде былай дейді

«Өзінің не өзгенің жетім балаларын балиғатқа жеткізіп, адам етіп шығарған адамның орны тек қана жаннат». Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! 29 - қазан - Қамқоршылар күні. Қамқоршы - түрлі себептермен ата - ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге алып, өздеріне үлкен жауапкершілікті артып жүрген адамдар. Бұл мереке соларға арналған мереке, оларға ризашылық білдіру, оларды қолдау мақсатында аталып өтеді. Біздің мектебімізде қамқоршы болып отырған Серік Серікбайұлы Исенов бәріміз білеміз. Осындай батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген ата-аналарға арналып Қазақстан Республикасында 2011 жылдан бастап, «Қамқоршы күнін» мерекелеу дәстүрге айналды.
Ендеше қымбатты Серик Серикбайулы, Нагима апа, панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру,жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттеріңіз үшін бас иемін.

Атаң болса, анаң мен
Алтыннан соққан қорғаның,
Ағаң болса, ақылды,
Ешкімнен кем болмадың.
Інің болса, жанашыр
Семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл,
Өкпе бауыр, жүрегің.

Бүгінгі мерекеміздің алғашқы құттықтау сөзі мектеп директоры Жусупов Асет Таласпайұлына беріледі.


Жүргізуші: Басқа төлдер жатқан кезде жамырап,
Жетім қозы анасы жоқ маңырап,
Сүт іздейді таңдайына таматын,
Оны көру ақын үшін ауыр тым
Ауыр алып демімді мен ішімнен,
Оның жайын болам, рас, түсінген,
Өзге қойға телімесе қозыны,
Асыраймын жырдың сауған сүтімен.

Мектебіміздің оқушылары аудандық, облыстық көркемөнерпаздар байқауының жүлдегерлерінің концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар

«Сарбаздар» би тобын қарсы алыңыздар .


Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,
Жамандарды іздемей өзі ақ табар,
Жақсыларды табуың қиын екен...


Құттықтау сөз Камсақты селолық округінің және селомыздағы дәрігерлік амбулатолрияның әлеуметтік қызметкерлері Жанғалиева Дәмелі апай мен Зкриянова Шуға Ахметқызына беріледі.


Осина Виолеттаның орындауында: «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар


Жүргізуші: Өтеді ғой.. Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына


« Арулар » би тобының орындауында « Аққу» биі


Жүргізуші: Өмірді мен жомарт деп айта алмаймын
Бекер айттым екен деп айта қайта алмаймын
Өйткені біреулерге бақыт қонса,
Біреулер сорлап жатыр байқалмай тым.
Өмірді жұмақ деп те таңданбаймын
Сазды әуенге елітіп алданбаймын
Бір әумесер есірсе есі кетіп,
Біреулерді күрсінтіп жүр толған қайғың


Жүргізуші:

Жетім қозы жетілер де марқаяр,
Қарын тояр, қайғы, уайым ортаяр,
Шілдехана жасап ертең ата -анам,
Нәрестенің қалжасына мал сояр.
Жас нәресте апыл- тапыл жүгірер,
Аяқтағы ала жіп те үзілер,
Тек құдайым, жетімдіктен сақтасын,
Жетімдерді жебей берсін, дүйім ел!

Бопан Санжардың орындауында « Биле-биле » әні




Осина Виолеттаның орындауында: «Земля Казахстана» әнін қабыл алыңыздар


Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып,бақыт сыйлау борышымыз. Ендеше, болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір- бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық, ағайын!

Баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балғын бөбектерге адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып, келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз.
Бала - бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын. Осымен «Балаға мейірім сыйла» атты өткізіліп жатқан қайырымдылық кешімізді аяқтай келе, әр отбасыға бақыт, амандық- саулық тілеймін!







© 2010-2022