Жүрек шағын байланыс тренингі

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ж Ү Р Е К» шағын байланыс тренингі

5-8 сыныптар

Әлеуметтік педагог Ерғалиева Ш.Қ.


  • Мақсаты:

Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды, т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Жүрегім сен - тіршілік, тұнып тұрған,

Сен - күнсің, көтерілген күліп қырдан.

Сен - көлсің,

Сен - ормансың,

Сен - бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Жан-жағына нұр шашып,

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе, көк майса.

Жүрегім жыли бастайды

Кездескенде достарым

Құшағын маған кең ашса,

Жүрегім жыли бастайды.

«Мейірбандық - жүректен, қайырымдылық біліктен» дейді халық. Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін қуаныш пен шаттыққа, махаббат пен бақытқа бөлейді.

- Балалар, бүгін мейірімділік жолы бізді жүректер жылуын сезіндіретін әлемге алып келді. Бүгін бізге күн шапағын шашу үшін күн көкжиектен көтеріліп келе жатыр.

- Күн нұры жүрегімізге ұяласын десек жылы жүректі адам қандай болады? Соған жауап табайықшы. (Балалардың пікірі)

«Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді сезім ақ жүректен шығады" ШӘКӘРІМ

Рухтың мекені - адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты - асыл нұр.

Күн адамның рухы болса, күн сәулесі - ақыл дейік. Себебі ақыл - рухтың құрамдас бөлігі.

Рухани бай адам - ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар кездеседі.

Рухани - адамгершілік қасиет, ол - сүйіспеншілік.

  • Отанға сүйіспеншілік.

  • Ата-анаға сүйіспеншілік.

  • Махаббат, достық.

Тапсырма:

Сүйіспеншілікке төрт ауыз тақпақ құрайсыңдар. (Баяу музыка ырғағы, 3-4 минут уақыт). Тақпақтарын тыңдаймыз.

Жаныңда жүрген жақын адамдарға жүрек жылуын жеткізе біл. Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне біл, оларды аялай біл. Әрбір қарым - қатынасты ізгі ниетке құрған жағдайда ауызбіршілік сақталып жүректер үйлесімділік табатыны сөзсіз.

Тыныштық сәті:

Балалар денелерінді түзу, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырайық. Көздеріңді жұмуға да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сеземіз.Тұла бойлары жақсылыққа, мейірімділіке толғанын сезінуге ұмтыламыз.

Жарық пенен жылуды,

Бақыт пенен мейірімді.

Өзім ғана беретін,

Мен жүректің жылуы.

Осы жарқыраған күндей, мейірімді, жан шуақты, көңілдерің ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін, адамгершілігі мол азамат болыңдар. Бүгінгі тренингте жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәнін алдыңдар деп ойлай отырып, ашылған күннің соңындағы әсем кемпірқосаққа көңіл аударайық.

  • 1-ші түсі. Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастаңдар.

  • 2-ші түсі. Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлап жүр.

  • 3-ші түсі.Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуантқаныңды,

жұбатқаныңды, еске түсіру үшін бірнеше минут арнап көр.

  • 4 - ші түсі. Әнді жиірек тыңдағаның дұрыс, бәрінен жақсысы

жаныңды жадыратып, рахатқа бөленесің.

  • 5 - ші түсі. Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.

  • 6- шы түсі. Тыныштық сақтай білуге үйрен. Нәзік үнмен

биязы сөйлеуге дағдылан.

  • 7 - ші түсі. Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі,

жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі деген

нақыл сөз жаныңда жүрсін.

"Мейірімді сақина"

Ханшайым бізге ойын ұсынады. Ханшайым мейірімді сиқырлы сақинаны жасырады, сол сақина кімнің қолына түседі сол адам мейірімді, сүйкімді болады.

Кім әлемде мейірімді, ортаға шыға ғой!

/кімнің қолында сакина ортаға шығады, тілек айтады/

Ата-ана жүрегінің лүпілін сезе біл, олардың жанарынан көңіл-хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш сәулесін, беймазасыздығы мен әбігерленуін, қиналысы мен кейістігін көре біл. Ата-ананың көзінен оның жан дүниесін көре білуге жастайыңнан үйрен.

В.А. Сухомлинский

Әрқашанда ақ тілекті, Мейірімді жүректі болайық!

Назарларыңызға рахмет!


© 2010-2022