«Жүйке жүйесіне түсетін психологиялық қысымнан арылудың тәсілдері» тақырыбындағы ҰБТ дайындық тренингі

Раздел Социальному педагогу
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11 сынып оқушыларына арналған тренинг.

Тақырыбы: «Жүйке жүйесіне түсетін психологиялық қысымнан арылудың тәсілдері»

Мақсаты: Оқушылардың өзін - өзі реттеу түсінігімен таныстыру, жүйкелік психикалық қысымнан арылудың тиімді тәсілдерін ұсыну. Өзін - өзі іштей бақылауға және тежеуге үйрету.

Көрнекіліктері: Түрлі түсті сурет құралдары, ақ қағаз, қаламсап, әдістемелік бланкі, жағымды әуен.

Тренинг ережелері: Ойын ашық айту. Тыныштық сақтау. Бір-бірін сынамау. Белсенділік таныту.

Психологиялық дайындық жүргізу: Сыпайы, әдепті, жайдарлы, қайратты, инабатты,ұқыпты.

Қатты толқу мен мазасыздану мұқияттылықты төмендетіп, адамның ойын шоғырландыруға кері әсерін тигізеді. Бірақ бұл қалып саналы түрде реттеуге көнеді. Тест тапсыру әрине оңай емес. Оны қиындататын адамның қорқынышы, мазасыздануы, уайымдауы болып табылады. Қазір біз үрей, қорқыныш жағдайын бағындыруға, жеңуге арналған бірнеше психологиялық жаттығулармен танысамыз.

"Менің таңбам" жаттығуы: Менің қолымнан не келеді. Өзімді жақсы сезінетін орта. Ең үлкен жетістігім. Мен сенетін үш адам. Өзім туралы естігім келетін үш нәрсе. Өзіңнің қолыңнан қандай жақсы істер келеді. Өз жетістіктеріңді еске түсіріп, тағы қандай жетістікке жете алатының туралы ойлан. Өзіңе жайлы дем алатын жерді ойла. Жалғыздықты сезінгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсір. Өзіңді нашар сезінгенде көңіліңді көтеру үшін өзің туралы естігің келетін үш сөз.

«Стреске қарсы тұру» жаттығуы: "Аяқталмаған сөйлемдер" топтамасы.

1. Шынын айтсам, алдағы емтихан жайлы ойлағанда....

2. Шынын айтсам, емтихандарға дайындалған кезде .....

3. Шынын айтсам, алдағы емтихандар туралы менің ата-анамның қобалжуын ойлағанда ....

4. Шынын айтсам, емтихандағы ойларымды жинақтай алмаған кезде ....

5. Шынын айтсам, бұл емтихан жайлы естіген кезде ....

6. Шынын айтсам, дайындыққа келген кезде .....

7. Шынын айтсам, мен үйге келген кезде .....

Жүйкелік психикалық қысымнан арылудың тәсілдері. Дене релаксациясы, Газеттен өз көңіл күйіңді жасау, Газеттің беттерін бояу, 10 рет терең дем алу, Тісіңнің іш жағынан санау, Газет мыжу, лақтыру.

Сергіту сәті: Газет мыжу, лақтыру. Газет парағын алып өз қысымдарыңды газет мыжуға пайдаланыңдар, газетті кішкентай етіп алысқа лақтырыңдар.

Мектеп бітіруші түлектер!

Сіздер биыл 2016 жылы 11-сыныпты аяқтайсыздар. Қандай мамандық таңдап, қандай оқуға түсетінімізді шешулеріңіз қажет!Қандай мамандықты таңдасаңыз да мына 3 сұраққа жауап іздестіріңіз:

1. Кім болам?
2. Қазіргі таңда осы мамандыққа сұраныс бар ма?
3. Бітірген соң мен осы салада жұмыс істей аламын ба?
Егер сіз осы сұрақтарға жауапты қабырғаңызбен терең кеңесіп, өз қалауыңызбен жауап берсеңіз, онда сіз мамандық таңдауды жеңілдеткен болар едіңіз. Қане, талапкерлер осы сұрақтарға жауап берейікші.

"Бір күннің қорытындысы"

Нұсқау: Жайланып отырыңдар. Біз қазір бір-бірімізге сиқырлы карандаш беру арқылы бүгінгі тренингтен алған әсерімізді айта отырып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейміз.

Жақсы, жылы сөз қашанда жағымды атмосфера қалыптастырады.

Талдау: Өткен тренинг саған не өзгеріс алып келді. Бүгінгі жаттығудан қандай әсер алдың.

Назар аударғандарыңызға рахмет!

© 2010-2022