Ашық сабақ. Ыбырай-қазақтың жарық жұлдызы (7класс)

Раздел Социальному педагогу
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай - қазақтың жарық жұлдызы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушылардың ақын өмірі мен шығармашылығы,ағартушылық қызметі жөнінде білімдерін тереңдету,өлеңдерінің,әңгімелерінің мазмұнын,тақырыбын,идеясын меңгерту.

2.Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту,тіл мәдениетін,сөз байлығын,сөздік қорын молайту,өздігінен жұмыс жасауға баулу.

3.Тәрбиелік: оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята отырып,еңбек сүйгіштікке,табиғатты қорғауға,елжандылыққа,ұқыпттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: танымдық сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Ы.Алтынсарин суреттері және нақыл сөздері

Сабақтың барысы:

Кіріспе

Ашық сабақ.Ыбырай-қазақтың жарық жұлдызы (7класс)Ақын ағартушы педагог

Ыбырай АлтынсаринАшық сабақ.Ыбырай-қазақтың жарық жұлдызы (7класс)Ашық сабақ.Ыбырай-қазақтың жарық жұлдызы (7класс)

ЖАшық сабақ.Ыбырай-қазақтың жарық жұлдызы (7класс)Ашық сабақ.Ыбырай-қазақтың жарық жұлдызы (7класс)азушы оқулық авторы

Ашық сабақ.Ыбырай-қазақтың жарық жұлдызы (7класс)Ашық сабақ.Ыбырай-қазақтың жарық жұлдызы (7класс)

Ғұлыма шағын әңгіме шебері

Ыбырай Алтынсарин - ХIХ ғасырдың екінші жартысында қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған,халық ағартушы,ақын,дарынды жазушы және этнограф.Қазақтың жаңаша ой-пікірлерінің қалыптасуына үлес қосқан көрнекті қоғам қайраткері.

Ыбырай барлық күш-жігерін туған халқы қажет етіп отырған көкейтесті мәселелердің бастысы -оқу ағарту ісіне жұмсады.Өз халқын қалтқысыз сүйген адам.Оқу білімнің шамшырағын жақты.Қазақтың жарық жұлдызы болды.Ол қоғамдық әділетсіздікке,надандық пен білімсіздікке қарсы күресті.Ұлы педагог қазақтың әліпби жазуын қолға алып,бастауыш мектепкке қажетті оқу құралдарын дайындады.

Ы.Алтынсариннің өлеңдері,жаңашыл ойлары қазақ жастарын рухтандырып,халыққа жалынды үндеу тастады.Бұл ққазақ даласындағы барша халыққа соғылған алғашқы қоңырау еді.Табиғатынан дарынды Ыбырай орыс тілінде де,қазақ тілінде де шешен,тапқыр сойлеген.Сонымен қатар ол қазақтың ән өнері мен сөз өнерін айрықша қадірлеген.

Оқушылар шығармашылығы

1.«Ұлы ұстазға тағзым»

2.«Ыбырай бабамызға арнау»

Өмірі мен ағартушылық қызметі жайлы оқушылар айтады.

1. Ыбырай Алтынсариннің өмір жолына шолу жасау.

Жылдар Маңызды оқиғалар

1841 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Затабол ауданында туған.

1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арнап ашылған жеті жылдық орыс-қазақ мектебіне барған.

1857 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітірген.

1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болған.

1859 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияның төрағасы, Шығысты зерттеуші белгілі ғалым,профессорВ.В.Григорьевпен жақын танысады.

1860 жылы Торғай мектебіне мұғалім болып тағайындалады.

1864 жылы Торғайдағы мектепті ашады.

1876 жылы Петербург, Қазан қалаларына барады.

1876 жылы «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі.

1879 жылы «Қазақ хрестоматиясы» Орынборда басылып шығады.

1879 жылы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.

1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.

1879-1883 жылдары Торғай қаласының төрт уезінде (Торғай,Ырғыз,Троиц,Ақтөбе) мектептер ашылады.

1983 жылы Торғайда қолөнер мектебі ашылады.

1983 жылы «Мұсылмандық тұтқасы» оқу құрал жазып шықты.

1887 жылы Ырғызда тұңғыш қыздар мектебі ашылады.

1987 жылы Қостанай уезінің Обаған және Жетіқара болыстарынан бір сыныптық мектептер ашылды. Жанынан қазақ балалары жататын 25 орындық интернат салдырды.

1889 жылы Ауыр науқастан 48 жасында қайтыс болады.

Ыбырай Алтынсарин өз өлеңдерінде Қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білімді игеруге шақырды. Оқу-білімнің тек ізденіс , еңбекпен табылатынын айтып өткен.

Сондай-ақ Ыбырай Алтынсарин Толстойдың, Крыловтың, Паульсонның шығармаларын қазақ тілінде тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды.

Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды.

Ыбырай Алтынсарин өлеңдері:

«Кел, балалар, оқылық» өлеңі

«Балғожаның баласына жазған хаты»

«Өнер білім бар жұрттар» өлеңі

«Өзен» өлеңі

«Ананың сүюі» өлеңі

Ыбырай Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.

Ашық сабақ.Ыбырай-қазақтың жарық жұлдызы (7класс)

Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінен көрініс

«Таза бұлақ» әңгімесі

«Шеше мен бала» әңгімесі

Ыбырай Алтынсарин аудармаларынан көрініс

И.Крыловтовтан «Қарға мен түлкі» және «Егіннің бастары» аудармасы

Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығынан тапсырмалар беру.

1.Ақынның өлеңдерінен үзінді беріліп, жасырынып тұрған етістіктерді табу

1.Таулардан өзен ағар ........ (сарқыраған)

Айнадай сәуле беріп ........... .(жарқыраған)

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты ......... .(арқыраған)

2. Өнер - білім бар жұрттар,

Тастан сарай ........... . (салғызды)

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып ........... (жұмғанша)

Жылдам хабар ......... . (алғызды)

3. Көңілің суын ішсең, .......... . (басылады)

Денеңде бар дертіңді ............ . (қашырады)

Өксіген оттай жанып жануарлар

Өзеннен рақат тауып, ............ . (басылады)

Қынарда тілсіз тұрған тоғайлар да

Шуылдап желмен бірге ........... . (бас ұрады)

2. Сәйкестендіру тестісі.

1841ж. 20 қазан Торғайда арман еткен мектебі ашылды

1881 ж. «Қазақ хрестоматиясы» басылып шықты

1889 ж. 30 шілде Ырғызда қыздар мектебін ашты.

1887 ж. Дүниеге келді.

1879 ж. Инспекторлыққа тағайындалды.

1850 - 1857 ж.ж Тұңғыш мұғалімдер мектебін ашты.

1864 ж.8 қаңтар Орынборда жеті жылдық мектепте оқып білім алды.

Ауыр науқастан қайтыс болды.

3.Сөйлемдерді дұрыс құрастырып,ауызша айтып беріңіз

1.Ұнайды өте әңгімелері қатты Ыбырай Алтынсариннің бізге мен өлеңдері

2."Дала қоңырауы" жазған Ғафу Қайырбеков туралы Ыбырай деген поэма

3. Ыбырайдың әсіресе біз аудармаларын оқыдық қызығып

Қорытынды:

Қазақ халқының ұлы мақтанышы, ұлы ұстаз, тұңғыш ағартушы - ғалым, шебер жазушы Ыбырай Алтынсарин қаламынан көптеген маңызды көркем шығармалар туды. Қазақ даласына тұңғыш рет мектеп ашқан Ыбырай Алтынсариннің келешек ұрпақ үшін атқарған еңбегі күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ол халқына білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бар өнерін сол жолға арнаған адам.

Ыбырай Алтынсарин есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер мен жер атаулары Қазақстанның түпкір түпкірінде кездеседі.

«Мектебім Ыбырай атында» өлеңімен аяқтау

Ы.Алтынсарин атындағы № 10 мектеп-лицей



«Ыбырай- қазақтың жарық жұлдызы»



(танымдық сабақ)


Пән мұғалімі: А. Даукеева

Сыныбы: 7 «а»



Қызылорда қаласы



© 2010-2022