• Преподавателю
  • Социальному педагогу
  • Коррекциялық сабақ 1 сынып оқушыларының ақыл-ой деңгейін зерттеуге арналған ойын Мақсаты: 1. Оқушыларда «есте сақтау» және «байқампаздық» деген түсінікті қалыптастыру. 2. Есте сақтаудың түрлерін анықтау. 3. Есте сақтауды, байқампа

Коррекциялық сабақ 1 сынып оқушыларының ақыл-ой деңгейін зерттеуге арналған ойын Мақсаты: 1. Оқушыларда «есте сақтау» және «байқампаздық» деген түсінікті қалыптастыру. 2. Есте сақтаудың түрлерін анықтау. 3. Есте сақтауды, байқампа

Раздел Социальному педагогу
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Мәнер керек сөзге де.

Өткізген: кітапханашы - Теңсел С.

2012-2013 оқу жылы

Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Мәнер керек сөзге де» тақырыбында болатын мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!

Алдарыңызда 6 а сынып оқушылары Назым мен Розаның орындауында «Көзімнің қарасы » әнін қабыл алыңыздар.

Уа, туған жер, топырағыңнан жаралдым

Алабыңнан арманыма нәр алдым.

Тұнығыңнан жүзіп іштім сендегі

Алтын арай таңғы жұпар самалдың. - дей келе мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік. Бұл сайыс сыныптар аралығында өтеді. Олар:

1. 5 сыныптан -Маулетхан Ақжол

2. 6 сынып -Аманбаева Гүлден, Алмабек Роза,

3. 7 сынып -Сейіл Әлемхат

4. 8 сынып - Сандыбаева Мадина

5. 9 сынып - Алтайбай Ақжол

6. 10 сынып - Тілетхан Ақгүл,

7. 11 сынып - Тілеухан Құндыз, Зайнулинова Индира

Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын тағайындап алайық:

1. Мектеп директоры Утисхан Жаныбек

2. Оқу тәрбие ісінің меңгерушісі және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қадыр Мұратбек

3. орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Майпышева А.А.


Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:

І кезең. Мәнер керек сөзге де тақырыбында өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнерлеп айту. (қай оқушы нақышына жеткізіп, мәнерлеп оқып, өлең саны көп болса, сол оқушы ІІ кезеңге өтеді.)

Бишілер:

ІІ кезең. Мақал-мәтел сайысы. Жалғасын тап . Мұнда да туған жер, отан, ел тақырыбында айтылған мақал-мәтелдің басы айтылады, соңын тауып аяқтау керек. (бұл сайыста әр оқушы берілген 30 секунд ішінде 10 мақал-мәтелдің жалғасын табу керек. Қай оқушы көбірек табады, сол оқушы ІІІ кезеңге өтеді.)

Ән:

ІІІ кезең. Кез келген бір ақынның өлең жолдары беріледі. Сол өлеңнің әр шумағын талдап, суретін салып беру керек және әр жолының мағынасын ашып, сөз шеберліктерімен жеткізу керек.

І кезең. Ақыл -ой, сезім-сана, өнер-талап,

Нақ ұста осыларды, тұрма қарап.

Өзендей тұсыңнан тез ағып өткен,

Өкініп қалма бекер түйіп қабақ.

Қарама салқын көзбен дүниеге,

Жатсын тек айналаңа нұрың тарап,

Әрқашан туған елдің кәдесіне - дей келе І кезең мәнер керек сөзге де тақырыбы бойынша мәнерлеп оқу сайысын бастаймыз. (Оқушылар сынып бойынша шығып өз өлеңдерін оқиды. Бірінші 5 сыныптан басталады.)

2кезең. "Жалғасын тап" деп аталады.

1Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)

Өз елім... (өлең төсегім)

Балапан ұядан не көрсе...(ұшқанда соны іледі)

Сөзің тәтті болсын...(ашуың қатты болсын)

Жақсы байкап сөйлер...(жаман кісі шайкап сөйлер)

Ананың көңілі балада...(баланың көңілі далада)

Батыр туса ел ырысы...(жаңбыр жауса жер ырысы)

Балалы үйдің...(ұрлығы жатпас)

Оқу- білім бұлағы...(білім-өмір шырағы)

Тіл тас жарады...(Тас жармаса ,бас жарады)

Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)

Тіліңмен жүгірме,..)Біліммен жүгір)

Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)

Сөзде қаңқу жаман...(ауруда шаншу жаман)

Білімі жоқ ұл... (жұпары жоқ гүл)

Тіл жүйрік емес,( ой жүйрік.(

Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

Ми ойлағанды тіл тындырады.

Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.

3 кезең.

Әділ-қазылар алқасы ойланып, шешім қабылдағанша, Шұғыланың орындауында «Туған жер» өлең тыңдай отырайық.

Ал енді сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

Оқушылар іріктеліп алынып, екінші кезеңге дайындалады.

© 2010-2022