Открытый урок на тему Дене мүшелері

Біз көзімізбен көреміз,құлағымызбен естиміз,аяғымызбен жүреміз.Адамның дене мүшелеріне -бас,мойын,қол,саусақ,аяқ,кеуде,қарын,иық жатады.Адамның басында шаш,бет, көз,ауыз,құлақ,мұрын мүшелері орналасқан.Біз қолмен жазамыз,қиямыз,су ішеміз,бет жуамыз (қимылмен көрсет).-Міне,көрдің бе,қолымыз сансыз қызмет атқарады екен.Аяқтың да қызметі сол сияқты.Жүру,жүгіру,секіру,билеу,түрлі спорттық жаттығулар жасау-бұлардың бәрі аяқ болмаса орындалмас еді.Барлық дене мүшелерінің көмегімен біздің қолымыздан ке...
Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың ұзақтығы 1 сағ. 30 мин

Жұмағазы Аманали Нұрланұлы

Диагнозы: ГУО при болезни Дауна,сложный тип олигофренического деффекта.



Сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Адамның дене мүшелерімен таныстыру. Дене мүшелерін таза ұстауды ойын арқылы түсіндіру.

Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру,дене мүшелерін дұрыс көрсетуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Дене мүшелерін таза ұстауға,қолдарын жуа білуге,өзіне-өзі қызмет етуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: адамның дене мүшелері салынған сурет,

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Анасымен,баламен амандасу.Баланың көңіл-күйін,денсаулығын сұрау.

2.Қолын жуу,сабынды пайдалануын жәрдемдесу.Қол орамалды пайдалану.

3.Баланы психологиялық дайындау.

-Аманали бүгін бізге қонақтар келді.Қонақ апайларға жылы лебізімізді білдірейік.

Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз».

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз!

Далада күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, келген қонақтарымызбен амандасайық.

Қонақтармен амандасу.

4. Жұмыс үстеліне тақырыпқа байланысты керек құрал-жабдықтарды

дайындау.

5.Сергіту сәті:

Түн болды, Жаңбыр жауды,

Күн шықты, Жел соқты.

6.Артикуляциялық тыныс алу жаттығуларын жасату.

Қағаздан жасалған ұшақты үрлеп ұшырту,мақтаны үстел үстіне қойып үрлету.

Кіріспе

1.Тақырып бойынша сұхбат:

Біз көзімізбен көреміз,құлағымызбен естиміз,аяғымызбен жүреміз.

Адамның дене мүшелеріне -бас,мойын,қол,саусақ,аяқ,кеуде,қарын,иық жатады.Адамның басында шаш,бет, көз,ауыз,құлақ,мұрын мүшелері орналасқан.Біз қолмен жазамыз,қиямыз,су ішеміз,бет жуамыз (қимылмен көрсет).

-Міне,көрдің бе,қолымыз сансыз қызмет атқарады екен.Аяқтың да қызметі сол сияқты.Жүру,жүгіру,секіру,билеу,түрлі спорттық жаттығулар жасау-бұлардың бәрі аяқ болмаса орындалмас еді.Барлық дене мүшелерінің көмегімен біздің қолымыздан келмейтін іс жоқ,біз бәрін істей аламыз.



2.Суретпен жұмыс: "Дене мүшелері"

3.Ойын: «Біздің дене мүшеміз»

Мақсаты:Дене мүшелерін қайталап көрсетуге үйрету.

Жүргізілу барысы: Орнында тұрып ойын жүргізуші «құлақ» деп құлағын ұстайды,бала қайталап көрсетеді. «Бас» деп басын көрсетеді,бала қайталап көрсетеді.Әрбір дене мүшелерін атаған сайын бала қайталап көрсету керек.

4.Сергіту сәті

Тату - тәтті ойнаймыз (қолын ұстап сермеу)

Әлемдегі бар адамға (қолын жоғары көтеріп жаю)

Тек жақсылық ойлаймыз (қолды шапалақтау)

5.Ойын «Адамның денесін құрастыру»

Мақсаты:Адамның дене мүшелерінің орнын білу және дұрыс құрастыру.

Жүргізілу барысы: Бөліктерге бөлінген дене мүшелерін орнына дұрыс қойып шығу.

6.Жаттығу жасату:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды түсіріп,

Үлкен болып шығамыз.

Мойнымызды бұрамыз.

Алақанды соғамыз.

Қолымызды көтеріп,

Басты төмен саламыз,

Саусақты ашып-жұмамыз.

Жаттығу жасап осылай,

Орнымызға отырамыз

7.Саусақпен бірлесіп сурет салу.

Музыканы тыңдай отырып еріннің суретін саусақпен салып ,бояу.

-Суретті немен салдық?

-Ненің суретін салдық?

-Еріннің түсі қандай?

-Қане ернің қайсы?

-Салған суретімізді кептіру үшін оны жерге қойып желдетуіміз керек.Ол үшін суретті айналып билейік.

8.Ойын «Кім не киеді?»

Мақсаты:Қыз бала мен ұл баланың киімдерін ажырата білуге бейімдеу.

Жүргізілу барысы:Қыз бала мен ұл бала бейнеленген.Бала киімдерді дұрыс таңдап кигізу керек.





Қорытынды

1. - Аманали осымен сабағымыз аяқталды.Мен саған ризамын.Осы сабағымды қорытындылай келе «Бала мен ана қолы» деген психологиялық ойын ойнатқым келіп отыр.Бұл ойынға келген қонақтарымызда жұп болып ойнауға болады.

Ойын: «Бала мен ана»

Жүргізілу барысы:

Жұптар бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады.

а)Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»

ә)Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.

б)Жұптардың біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру

в)Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.



2.Балаға үстелін жинату.Заттарды орнына салдыру.




© 2010-2022