«ХХІ ғасыр көшбасшысы» тақырыбына ашық ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Раздел Социальному педагогу
Класс 9 класс
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: «ХХІ ғасыр көшбасшысы»

Топ: ЭПП-216

Мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың білімдерін ойындар арқылы тексере отырып, толық жауап алуға, басқалармен санасып, ортақ шешімге келе білуге, өз беттерімен жаңаны қабылдауға үйрету;

2. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, әсемдік талғампаздылығын, өз ойын анық жеткізу, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту;

3. Тәрбиелік: Алғыр көшбасшыны анықтай отырып, оқушылардың белсенділік қабілеттерін дамыту, ұжымдағы жұмысқа икемділіктерін қалыптастыру.

Түрі: Ойын

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Екі топқа бөліну (1 топ - «Ойшылдар», 2 топ - «Ақиқат»).

ІІ. Кіріспе. Қорытынды шығару үшін қазылар алқасы сайлау, олардың қызметін ашып кету. Топ басшыларын тағайындау.

Жарыс кезеңдерімен таныстыру:

1 кезең: «Жорға»

Сұрақтар саны 12, ойлануға 3 сек. Дұрыс жауапқа 5 ұпай. Екі топқа қойылатын сұрақ мәтіні бірдей

2кезең: «Ғажайып бестілік»

Ұяшық таңдауда 1-кезеңнен көп ұпай жинаған топ таңдайды. Әр ұяшықта 4 сұрақтан. Жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі топ жауап береді. Дұрыс жауап 10 ұпай. Ойлану уақыты 5 секунд

3 кезең: «Анаграмма»

Анаграмма дегеніміз - ретсіз жазылған әріптер жинағы. Оны шешу үшін берілген әріптердің орындарын ауыстырып қою арқылы мағыналы сөз шығару керек. Сонымен қатар сөздердің ортақ жұрнағын, жалғауын т. б бөліктерін дұрыс табу арқылы шешу керек. Тапсырмалар екі топқа бірдей. Тапсырмалар саны 5-еу, дұрыс жауапқа 10ұпай, ойлану уақыты 5 минут

4 кезең: «Сан әдістемесі»

Оларды орындау үшін әр тапсырмадағы сандардың орналасу заңдылықтарын тауып, қажетті математикалық амалдарды жасау арқылы бос орынға жетпей тұрған сандарды анықтап, оны тиісті жеріне жазу керек. Тапсырма саны 5-еу, дұрыс жауапқа 10 ұпай, ойлану уақыты 1 минут

5 кезең: «Қызықты жағдаяттар»

Топбасшыларының сайысы. Кестедегі ұпай бойынша ұяшық таңдайды. Жауап дұрыс болмаса келесі топбасшы жауап беруге болады. Ойлану уақыты 5 секунд

6 кезең: Қорытынды шығару

Қазылар шешімімен интеллектуалдық ойын қорытындыланады

7 кезең: Рефлексия

Оқушылар өткен ашық сабақ туралы пікірлерің айтады



© 2010-2022