Ата-аналар жиналысы 1-11 класс

Раздел Социальному педагогу
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шанырақ шуағы » Ата-аналар жиналысы

«ХХІ ғасырда отбасы тату,өнерлі болуы тиіс» Н.Ә.Назарбаев

Жиналыстың мақсаты:Ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Ата-анамен бірлесе отырып,бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару.Ата-ананың бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық білімдерін толықтыру.

1.Жоспармен таныстыру.

  • Психологиялық сәт. «Еркелету»жылулық шеңбері.

  • Танысу.Адам есімінің түстері.

  • Ойын. «Тату-тәтті отбасы»

  • «Менің отбасым қазір. Менің отбасым болашақта.»

  • «Сіз қандай ата-анасыз?»тесті.

  • Ата- аналарға кеңес.Балаларды қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Қане,қане,тұрайық,

үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге,

алақанға ұрайық.

Психологиялық сәт. «Еркелету»жылулық шеңбері.

-Балалар,біз неге шеңберге тұрып,жиналысты бастадық?

-Шеңбер-бұл әлемдегі мейірімділік,жақсылық.Шеңбер арқылы-бір-бірімізге күлімдеп қарап,бақыт,қуаныш,жылылық тілейміз.Шеңбер-сонымен қатар,қай әріпке ұқсайды?

«О» әріпіне ұқсайды. «О»әріпінен басталатың сөздерды айтайық. - Отан,отбасы,отанасы,отағасы,ошақ басы.

Бала десе елжіреп,еміренбес жүрек болар ма?Жас ұрпақты тәрбиелеп өсіруде ата-ананың атқаратын қызметі зор. «Баланы таба білсең,баға біл» «Баланы сүйсең тәрбиесін сүй.»

Балаңызбен қарым-қатынаста сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз.

Сіз қандай ата-анасыз? сауалнама

  • Саған қанша рет қайталап айтамын? 2 ұпай

  • Маған ақылыңды айта қойшы 1 ұпай

  • Мен сенсіз не істер едім? 1 ұпай

  • Сонша кімге тартқансың? 2 ұпай

  • Сенің достарың қандай тамаша! 1 ұпай

  • Туу,ұқсағансың... 2 ұпай

  • Мен сендей кезімде... 2 ұпай

  • Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой 1 ұпай

  • Сенің достарың өзі қандай адамдар? 2 ұпай

  • Сен тегі не ойлап жүрсің? 2 ұпай

  • Сен менің ақылшымсың 1 ұпай

  • Ұлым,қызым! Сен қалай ойлайсың? 1 ұпай

  • Басқаның баласы бала сияқты да,ал сен...2 ұпай

  • Сен қандай ойлап тапқышсың? 1 ұпай

Енді жалпы ұпайды санап,қорытындылаңыз.Сіздің қандай ата-ана екендігіңізді,сізден артық ешкім білмейді.

Бұл тек сізге ой салуға беріліп отыр.

Кілті:

7-8 ұпай.

Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз.Ол сізді жақсы сыйлайды.

9-10 ұпай.

Сіз қарым-қатынаста бір қалыпты емессіз.Ол сізді сыйлағанмен,сізге әрқашан сырын ашып айта бермейді.

11-14 ұпай.

Сіздің балаңызбен қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет.Сіз балаңызға аз сенім білдересіз,қиын жағдайларда қолдамайсыз.Ол оның ашулануына,балаңызбен конфликтілік қатынасқа түсуге алып келеді.Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.

Ата-аналарға кеңес

Баланың әр күнді бастауы,қарсы алуы сәтті болуы керек.Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы баппен ояту керек,ол сіздің күлімдеп,мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаныңызды сезінуі керек.

Егер сіз кеше ескерту жасасаңыз да,сабаққа жіберер алдыңда балаға : «Байқа,бұзық болма,өзіңді жақсы ұста,мен сен үшін ескерту алмайын » деген сөздерден аулақ болыңыз.

  • Балаға мектепке барар алдыңда сенімділік пен сәттілік керек.

  • Бала мектептен келгенде , бірден сұрақтар қойып қарсы алмау керек.

  • Егер бала бірдеңе айтқысы келсе ,қарсы болмай тыңдау керек.

  • Егер бала ренжіп отырса,онда себебін өзі айтқанша асықпаңыз.

  • Балаңызға қатты дауыспен сөйлемеңіз ,баланың жүйке клеткасында тежелу пайда болады.



© 2010-2022