Біз әдепті баламыз, қолымызды жуамыз!

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : "Біз әдепті баламыз, қолымызды жуамыз!"

Сабақтың мақсаттары:

- қолды жуу дағдыларын бекіту және жуыну кезіндегі ретті сақтауға үйрету.

- қолды жуу процедурасын күнделікті орындауға тәрбиелеу.

Құрал-жабдық: қуыршақ, тақырыпқа байланысты көрнекі суреттер, умывальник, сабын, сабын салғыш, орамал.

Сабақтың барысы:

Есікті қаққан дыбыс естіледі. Педагог есікті ашады. Қонаққа Сәуле атты қуыршақ келіпті, бірақ оның қолдары кір екен. Ол баламен қолымен амандасуға тырысады.

Педагог:

- Сәуле, мына кір қолдарына қарашы. Рыскелді мынадай кір қолмен амандасуға болады ма? (баланың жауабы)

Педагог:

- Сәулеге не істек керектігін айтшы?! (баланың жауабы - қолды жуу керек).

Қуыршақ қолдарын өзінің түкірігімен ысқылай бастайды.

Педагог:

- Рыскелді, қарашы, былай істеуге болады ма? (баланың жауабы)

Педагог:

- Қолды қалай жуу керек? Бізге таза жуыну үшін не көмектеседі? (баланың жауабы - су, сабын)

Педагог:

- Мен Сәулеге сабын алып келдім. Сабынды иіскеші? (жұпар иісті)

- Сабын тұратын ыдысты қалай атаймыз? (сабын салғыш)

- Сәулеге қолдарын жууға көмектесейік.

Ойын әрекеттері: қуыршақтың қолдарын жуа отыра қолды жуу алгоритмі қайталанады: кранды ашу, қолды сулау, қоды сабынмен сабындау, сабынды қолды мұқият уқалау, сабынды қолды шаю, кранды өшіру.

Ойын әрекеті кезінде балаға келесі сұрақ қойылады: - Қолды неге сабынмен жуу керек?

Педагог:

- Енді Сәуле не істеу керек? (баланың жауабы - орамалмен қолдарын сүрту керек)

Педагог:

- Мен Сәулеге орамалды ұсындым, ол қандай? (жұмсақ, үлпілдеген, таза)

Педагог:

- Сәулеге қолдарын сүртуге көмектесейік?! (бала қуыршақтың қолдарын сүртеді)

Педагог:

- Сәулеге қолды жуу ретін тағы да қайталайық.

Педагог:

- Енді Сіуленің қолы таза, ол сенімен амандасқысы келеді. Қуыршақ баланың қолын ұстап амандасады.

Педагог:

- Қарашы, Сәуледе қызықты қорап бар.

Ойын: «Әр заттың өзінің үйі бар»

Заттарды өз орындарына қою керек (сабын, орамал, тіс щеткасы, тіс пастасы) (сабын салғыш, тіс щеткасына арналған футляр, стақан, орамалға арналған күршек)

Сәуле атты қуыршақ:

- Жарайсың) Бірақ маған үйге қайту керек. Сен мені қолды дұрыс жууға, қолды жууға арналған ережелерді үйреттің, сонымен бірге қолды не үшін сабынмен жуу керектігін айтып бердің. Менің саған деге алғысым зор. Рахмет саған. Сау бол!

Педагог:

- Жарайсың! Қуыршақты тазалықтың бір түріне үйреттің. Енді қуыршақ қолын үнемі жуатын болады. Сен де бұл ережелерді ұмытпағайсың.

Қорытынды бөлім.

1. Рыскелді бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

2. Бүгінгі сабақта қуыршаққа нені үйреттік?

3. Бүгінгі сабақта сен нені түсіндің?


© 2010-2022