Коучинг Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау тақырыбындағы коучинг сабағының жоспары

Шарипова Г.А. №12 орта мектеп мұғалімі



Коучинг сабағының тақырыбы:

«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау»

Коучинг сабағының мақсаты:

Ұстаздардың тәжірибесін жетілдіру мақсатында оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауды үйрету, теориялық және практикалық жағынан кәсіби қолдау көрсету.

Табыс критерийлері

1. Пән мұғалімдері оқу-тәрбие үдерісіндегі оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың қажеттілігін біледі

2.Сабақ жоспарларында табыс критерийларын пайдалануды үйренеді

3.Дәлелдерді сыни тұрғыдан талдау мен бағалауды қолданады

4. Оқу-тәрбие үдерісінде оқыту үшін бағалаудың және оқуды бағалаудың қажеттілігін саралайды

5.Олқылықтарды талдауға үйренеді


Негізгі идея

формативті және суммативті бағалау

Ресурстар

флипчарт, маркер, стикер(әртүрлі қағаздар), тапсырмаларға арналған қағаздар, видеоролик.

Жүру барысы

Кезеңдері

Уақыты

Жұмыс барысы

Ұйымдастыру

2 мин

Коуч тақырыпты және оның мақсатымен таныстырады

Жаттығулар.

(Ассорти ойыны)

7мин

«Ассорти» Ойыншыларға шеңбер болып тұрады. Оларға әр түрлі жемістердің аттары беріледі (5-6 жеміс). Жемістердің аттары аталған кезде олар орын ауыстырулары керек. Сөйтіп жемістер араласады.

Топқа бөліну

2 мин

Ойын барысында жеміс аттары біркелкі топтар бойынша

Ой толғау

10 мин

Қолдану «Тақырып ,түсінік,идея себетін...»

Технология бойынша сұрақ-жауап.

Сұрақтар:

1)Бағалау жайлы не білесіз?

2) Бағалаудың қандай түрлерін қолданасыз?

3) Бағалау не үшін қажет?

Топтар негізгі сөздерді стикерға жазады және талқылайды. Бірінің айтқанын бірі қайталамай, жазған стикерларын себетке жапсырады.

Рефлексия

3мин

Себеттегі топ жұмысын жинақтау және тұжырымға келу.

Теориялық материал

10мин

Презентация (Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау жайлы анықтама және оның мақсаты)

Топтағы жұмыс

10мин

Әр топқа таныстырмалық тапсырма беріледі; тақырыпқа байланысты кластер құрып, қорғау.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 23-26 б. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» материалын бірнеше бөліктерге бөліп, әр мұғалім 5-минут ішінде оқып шығады да, топта оқығандарымен бөліседі. Негізгі идеяларды флипчартқа түсіріп талдайды

Рефлексия

2 мин

«2 жұлдыз бір тілек» арқылы бағалау

Сергіту сәті

2мин

«Сұмдық әдемі сурет»

Жеке және топпен жұмыс

10мин

«Ғажайып бақ» әр тыңдаушы өздерінің қиялдарындағы гүлді салады.Салған суреттерін өздері бағалайды. Келесі көршісі бағалайды. Бағалап болған соң бағалау критериін құрады. Осы критериилерге қарап салынған сурет қайта бағаланады.Топ мүшелері талдап,бағалаудың қай түріне жататынын анықтайды.

Рефлексия

7 мин

Сізге не үшін баға қойғаны түсінікті ме?

Сізге неліктен....... баға қойылды?

Сіз көршіңізді бағалағанда неге көңіл аудардыңыз,бағалау қиындық тудырды ма?

Көп жағдайда оқушылар, бізнені және не үшін бағалағанымызды түсіне ме?

Бұл әдісті өз сабағыңызда қалай қолданасыз?

видеокөрсетілім

3 мин

Оқушылардан «5», «4», «3», «2» бағалары туралы және оларға қандай баға алған ұнайтындығы туралы интервью.

5мин

Мұғалімдермен кері байланыс

Қорытынды

10мин

Блэк пен Уильямның Ұлыбританиядағы Бағалау Реформасы Тобымен бірлескен зерттеулері бағалау арқылы оқытуды жақсарту оқытуға енгізілуі тиіс қарапайым бес түйінді факторы

  • Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

  • Оқушылардың өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсіну үшін өздерін-өздері бағалай алуын қамтамасыз ету және өзара бағалау арқылы құрдастарымен бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

  • Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.

  • Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, бұл өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі бағалауға қатыстырады.

  • Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

ресурсын мұғалімдерге ұсынып, өздерінің бір сабақтарын зерделей отырып жұмыс істеу ұсынылады.



© 2010-2022