Доклад: «Қиын балалармен жұмыс»

Раздел Социальному педагогу
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«№44 орта мектеп»












Доклад: «Қиын балалармен жұмыс»





Тақырыбы: «Қиын балалармен жұмыс»













Әлеум.пед: Ожанова Д.А.





Астана 2015 жыл

Қиын балалармен жұмыс


Мақсаты:

-Оқушыны өз қобалжуларына оң қарауға баулу, ерік пен сезімін қадағалай білу, әрекеттерінің нақты себептерін талқылай алу.

Міндеттері:

-Қиын балалармен жүргізілетін жеке жұмыстардың тиімді амалдарын қолдану;

-Олардың әлеуметтік-психологиялық жайын анықтау жұмыстарын ұйымдастыру;

Әлеуметтік-психологиялық қызметтің қиын балалармен жүргізілетін жұмыстың негізгі сызбасы:

1.Сынып жетекші

2. Жасөспірім

3. Педагогикалық ұжым

4. Жасөспірімнің отбасы.

5. Негізгі проблемасын анықтау.

6. Мектеп психологына сұраныс қою.

7. Жасөспіріммен жұмыс істеудің жоспарын құру.

8. Әртүрлі үйірмелерге, секцияларға қатыстыру.

9. Қоғамдық жұмыстарға тарту.

10. Медико-психологиялық көмек көрсету.

11. Жасөспіріммен психологиялық түзету жұмыстарын жүргізу.


  1. Тәрбие отбасынан басталады


Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына ,ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты ,тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең - бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы . «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі -Отанды сүю, өмірге құштарлық , сұлулықты тану бала бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: «Тәрбие -баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі -өнеге көрсетуінде»,-деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал..
Баланың айтайын деген өтінішін ,ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе ,кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Л. Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулеріне де «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен ,отбасындағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен ,мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы-отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату .

Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі:ұрпақжалғастырушылық,экономикалық,тәрбиелік,қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек,отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп,жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынанбілімлі ,психалогигалық әдіс-тәсілден хабардар болса,отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала -жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.


2. Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар.


Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға ,олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап,сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.
Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі.Егер ұжым ішінде идеялық,азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік,эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылартолық мәнді рухани өмір сүре алады.
Тәрбие күшіне ену дегеніміз- өз жұмысына ,ісіне сену.Себебі,нағыз сенім бар жерде ғана,нағыз талашылдық ,еңбек тәртібі болады.
Қазіргі жас ұрпақтардың -болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін,мінез-құлығын,ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басұаруды нығайтып,ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт,дене еңбегі,қолөнер,техникалық шығармашылық,т.б.іс-әракетті үйрету үйірмелері мен секцияларұйымдастырылады.Әр оқушы кез-келген үйірмеге ,секцияға,клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін,яғни өзіндік «менгің» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Әсіресе,ұстазбен оқушының өзара түсіністігі ,оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру,көтермелеу,адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға,өзін-өзінтәрбиелеуге жағдай туғызу.
Ең бастысы,тәрбие ісінің нәтижесін бағалап,оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау,ұстазбеноқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.


  1. Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.


1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс - талас, даужанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата - ананың біреуінің болмауы, т. б. Жағдайлар себепті болады.
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден - бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын - отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс - тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ - шарап ішу, дау - жанжал, ұрыс - керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң - мұқтаждын қамтамасыз етуідеп санаушылық.
Жастайынан еңбектену әдет - дағдыларынқалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс - керіс, дау - жанжал), бірін - бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян. .
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан - жақты зерттеп, мінез - құлықтарының бағыт - бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым - қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап - тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу - тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым - қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу - тәрбие процесінде ең қажетті құралы.

Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.

Жалпы «қиын» баламен жұмыс әдістемесі нені қамтиды?

1. Қолдау әдістемесі. Ең әуелі олардың сабаққа деген құлшынысын қолдап отыру, ой-пікірлерін, ұсыныстарын қолдау.

2.Жеке талап қою әдістемесі. Оқушыға мүмкіндігіне қарай сабақ жүктемелерін беру.

3.Жеке тұлғалық қатынас әдістемесі. Өзінің мүмкіндігін ескере отырып түрлі шараларға, үйірмелерге қатыстырып, дамуына ықпал ету.

4.Оқушының жетістігі жағдаятын туғызу әдістемесі. Бұл арқылы класс ұжымына оқушы беделін, оның мектепке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

4.Қорытынды

Ата - аналармен «Айналдырған тас» туралы аңызды талқылау. Ел кезіп жүрген бір адам келе жатса, бір алдында жатқан үлкен тасты көреді. Ол таста «Аудар да, оқы» - деп жазылған жазуды көреді. Ол тасты әрең дегенде аударып, екінші жағын қараса, «Өз білгеніңе назар аудармай, жаңа білім неге іздейсің?» - деген жазуды оқиды. Бұл аңыз бүгінгі біздің балаларымыз туралы әңгімеміздің негізгі арқауы десе болады. Мәселенің шешімі өзімізде.

Балаларымыздың жүріс - тұрысындағы, мінез - құқындағы проблемалардың түпкі - төркінінің себебі өзімізде тұрған жоқ па? - деп түсінуге болады. Өз баламызға: мен сені жақсы көремін, мен сенімен біргемін. Бірге біз барлығын да жеңеміз! - деу керек.


Шешімі:

Баланың теріс әрекетке баратын себептерді әрдайым бала тәрбиесінде ескеру.

Бала мінез - құлқындағы қиындықтарды жеңу заңдарын қолдану.

Тәрбиені мектеппен бірлесе іске асыру.

Ұсыныстар:

1.Қиын балалардың психологиялық мінез құлықтарына пән мұғалімдері, сынып жетекшілері көбірек назар аударып отырулары керек;

2.Ата-аналарымен тығыз байланыста болулары керек;


© 2010-2022