Ата-аналар жиналысы: Менің - құқықтық алаңым!

Раздел Социальному педагогу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ата-аналар жиналысы: Менің - құқықтық алаңым!Ата-аналар жиналысы: Менің - құқықтық алаңым!Ата-аналар жиналысы: Менің - құқықтық алаңым!Ата-аналар жиналысы: Менің - құқықтық алаңым!Ата-аналар жиналысы: Менің - құқықтық алаңым!Ата-аналар жиналысы: Менің - құқықтық алаңым!






Ата-аналар жиналысы: Менің - құқықтық алаңым!

Ата-аналар жиналысы: Менің - құқықтық алаңым!









Тақырыбы: «Менің- құқықтық алыңым»

Мақсаты : -құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін ата-аналарға түсіндіру.
-Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

білімдерін шыңдау, өз құқықтарын қорғай алуға шақыру.

- құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігін

түсіндіріп, құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға

үйрету.

Көрнекілік : Қанатты сөздер, мақал- мәтелдер , «Балалар құқықтары туралы конвенциясы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы»

«Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады деген екен. Олар құлқынның құлы болып жолдан таю, нәпсі үшін лас істерге ұрыну, білімі бола тұра қараңғы наданның ісін істеу.»
Мұхаммед пайғамбар

«Тәртіпсіз ел болмайды , тәртіпке бас иген құл болмайды.»
Б.Момышұлы

І. Ұйымдастыру бөлімі

Саламатсыздар ма! Құрметті қонақтар, ата-анлар!

Бүгінгі тоқталатын мәселе мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы қаншалықты қорғалуда, қаншалықты көмек көрсетудеміз. Осы туралы ойларымызды ортаға салмақпыз. Бастамас бұрын келген қонақтарымызбен таныстырып өтейін.

1)_________________________________________________________________

2)_________________________________________________________________

3)_________________________________________________________________

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мүгедектер Конституцияда және басқа да заң актілерінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық, жеке құқық және бостандықпен қатар, мыналарға құқылы:

- білім алуға, қызметті, сонымен қатар еңбекті өз еркі бойынша таңдауға,

- кәсіптік жетілдіру және қайта жетілдіру, еңбекке қабілеттілікті және жұмысқа орналасуды қалыпқа келтіруге.

Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолдармен қамтамасыз етеді:

1) жұмысшылардың жалпы санының үш пайызы көлемінде мүгедектерге арналған жұмыс орны квотасын белгілеу.

2) шағын, орта бизнес, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы мүгедектерге қосымша жұмыс орындарын құру.

3) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мүгедектерге арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құру .

4) мүгедектерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру.

2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында Мемлекет басшысы азаматтардың әлеуметтік жайлылығын құрайтын үш маңызды нәрсені атап айтты: бұл - білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау.

Мұқтажды азаматтарды, бәрінен бұрын, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселелері баса айтылды. Мемлекет басшысы заманауи өркениетті қоғам құруда оның маңызы зор екендігіне айрықша тоқталды.

Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында тиісті уәкілетті органдарға мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және оларға қолжетімді инфраструктура, яғни, «кедергісіз орта» құру бойынша ұсыныс енгізу тапсырылды.

Назарымызды телеэкранға аударайық! (бірінші бейнетаспа)

Міне, өздеріңіз көргендей, естігендей елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар көбейіп бара жатыр. Осы жандармен қандай жұмыс атқарылуда, қандай көмек көрсетіліп жатыр? Біздің ауданымыз да. Келген қонақтарға сұрақ.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға емделуге квота қалай бөлінеді?

Дәрігерлердің ойында бар ма? Осы ауданға қарасты шалғай ауылдарға барып, көмек көрсетіп, өздерінің ойларын айтатын ата-аналарға.

Ата-аналар тарапынан сұрақтары:

Инклюзивті білім беру идеясы Қазақстанда бірінші рет педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ӘБЕР орталығының ( Даму проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби еңбекпен қайта қалпына келтіру ) бас директоры Р. А. Сүлейменованың арқасында белгілі болды. Ол кісі дамуында ауытқушылығы бар балаларға білім берудің ғылыми зерттеуді, кіріктірілген және вариативті үлгілерінің эксперименттік сынақтан өткізілуін қажет ететін бұл проблеманың сыпайы әрі күрделілігін ашып көрсетті.

Біздің мемлекетіміздің Конституциясында «Барлық балалар орта білім алуы тиіс»,- деп жазылған. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бүгінгі күні маңызды проблемалардың бірі болып саналады. Осыдан кейін мемлектімізде инклюзивті білім беретін мектептер мен балабақшалар және түзете-дамыту жұмысын жасайтын кабинеттер ашылды.

Назарымызды телеэкранға аударайық! (екінші бейнетаспа)

Өздеріңіз көріп жүргендей Тасқала ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті 2006 жылдан бері қарай жұмысын жасап келеді.

Үш жылдың мониторингі бойынша 2012-2013 оқу жылында -36, 2013-2014 оқу жылында -31, 2014-2015 оқу жылында -25 мүмкіндігі шектеулі бала тіркелген. 17 бала білім беру орталығында ұйымдастырылған жоспар бойынша оқытылуда. Бірақ өкінішке орай үйде отырған балаларымызда бар. Уйде бір бөлмеде қамалып, ешқайда шықпай , тек қана бізге келіп, біздің мамандардан ғана көмек алып отырған балаларымызда бар. Осы балаларға оңалту орталығына немесе демалыс орындарына квота бөліне ме? Қандай да бір көмек көрсетіле ме үкімет жанынан.

Үйде оқытылатын балаларды мектептегі сынып жетекші іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға тарта ма?

Осындай балаларды 18-ге толғаннан кейін «Намыс» ЖҚБ жастар ресурстық орталығы өздерінің қатарына қоса ма? Яғни, концерттерге, көшеде болатын түрлі шараларға қатыстыра ма?

Назарымызды келесі бейнебаянға аударыйқ. (3 бейнебаян)

Мақсатсыз адам - шабылған шөп сияқты, көпелей салуды күткендей, сондықтан иненің көзіндей мақсат болса да, іске асыруға талпыну керек.

Адамнан адамның айырмашылығы, ақыл-ойы мен көңіл-күйінде, басқасының бәрі ортақ.


© 2010-2022