Тақырыбы: Болашақ мамандықтан менің көретінім тренинг

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Е.Өмірбаев атындағы орта мектеп


Тақырыбы: Болашақ мамандықтан менің көретінім тренинг

Психологиялық тренинг


Жүргізген: Кокебаева Н.


2015-2016 оқу жылы

Тақырыбы: «БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТАН МЕНІҢ КӨРЕТІНІМ»

Мақсаты: әр түрлі мамандық туралы толығырақ білу

1. Жүргізушінің сәлемдесуі және әр қатысушының физиологиялық және психологиялық актуалды хал-ахуалы.

2. «КҮЗЕТУ» психотехникалық жаттығу.

Тақ сандағы қатысушылар керек. Барлық қатысушылар «бір-екі» деп санайды. Екінші номерлер орындыққа отырады да, біріншілер орындықтың арт жағында тұрып тұрады. Жұпсыз қалған қатысушы бос тұрған орындықтың арт жағында тұрады. Оның жұмысы отырған қатысушылардың бірін вербалсіз күйде бос орындыққа ымдап икемдеп отырғызу, ал түрегеп тұрғандардың жұмысы өз қарамағындағыларды отырғандардың иықтарына қолын қойып үлгеріп жібермей қалу. Ал қолдарын үнемі салып, ұстап тұру қажет емес.

3. «ОНЫҢ КІМ ЕКЕНДІГІН КӨРСЕТ» жаттығуы

Топ қатысушыларына ұнаған 10-12 мамандықты тақтаға жазылады. Жүргізуші таңдалған әр мамандықты атайды да «Оның кім екендігін көрсет» деп сұрайды. Барлығы сол мамандыққа сәйкес келетін қатысушыны көрсетеді.

4. «МИКРОФОН АЛДЫНДА СӨЙЛЕУ» жаттығуы

Бір оқу орнының (орта арнайы білім, кәсіптік, жоғары) өкілі, орта мектепті бітірушілерге тұрарлық мамандық алуды ұсынады. Тыңдаушылар сөз соңында сұрақтар қоюына болады. Қатысушылардың барлығы кезекпен өкілдің рөлінде болуы шарт. Ұсынылған мамандықтарды талдау.

5. «БИП психотехникалық жаттығу»

Топ шеңбер бойында отырады. Қатысушылардың бірі көздері байлаған қалпы шеңбер іші бойынша қозғалады, әлсін-әлсін отырғандардың алдарына отырады. Оның міндеті - кімнің алдына отырғанын табу. Қолымен сипалауға болмайды, орындыққа отырған сияқты, отырған адамға арқасын беріп отырады. Орындыққа отырған адам, өзін танытпас үшін, өз дауысымен емес, басқа дауыспен «БИП» деуі керек. Егер жүргізуші кімнің тізесінде отырғанын тауып алса, сол қатысушы жүргізуші болады да, тауып алған қатысушы осы орындыққа отырады.

  1. Психотехникалық жаттығу «БІРГЕ ОТЫРАМЫЗ, ЖАНЫНДА ОТЫРАМЫЗ».

Барлық қатысушылар иықтарынан құшақтасу арқылы бәрі бірге отырады, беттері шеңбер ортасына қаралған. Содан соң барлығы бірге иықтарымен ұстана тұрады.

  1. Қатысушылардың актуалды жағдайы.

  2. Күн қорытындысы. Қатысушылардың сұрақтарына жауап.



© 2010-2022