Урок Сенім-менің серігім

Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


№7 Е. Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп














Тақырыбы:

«Сенім-менің серігім»



Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеруге және стресспен күресуге арналған психологиялық тренинг

(Тренинг сабағы)











Мектеп психологы: Газимова Э

2013/2014


Тақырыбы: «Сенім-менің серігім»Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеруге және стресспен күресуге арналған психологиялық тренинг тренинг сабағы

Мақсаты: Жаттығулар жасату арқылы қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.

Міндеті:

  • Өзіндік сенімін болуға баулу.

  • Өзіндік бағалауын анықтау.

  • Стресті жеңуге жол көрсету

  • Оқушыларға ҰБТ-ні сенімді тапсыруға дайындау.

Сабақтың түрі: психопрофилактикалық сабақ

Құралдар: ҰБТ-ға байланысты салынған плакат, шарлар, ақ қағаз, қалам, тест парақшасы.

Тренингтің барысы:

Психолог: Құрметті мектеп түлектері, сіздер Қазақстанның болашағысыздар, болшақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдірішін бала, қызыл шақа балапан болсаңдар, міне бүгін дүбірлі додаға қатысуға дайын, жарауы жеткен сайгүліктей ауыздықпен алысып тұрсыңдар. Алдарыңда үлкен болашақ, ұлы мақсат, міндет күтіп тұр. Асар белестерің, шығар биіктерің көп болсын. Кім еңбектенсе, соның бағы жанады. Халқымыз айытпақшы «Талаптыға нұр жауар! » деген емес пе? Бақтарың жансын.

Біздің ұранымыз

Тек алға!

Өз қорқынышымды жеңемін,

өз-өзіме сенемін!

Тек жақсылыққа ұмтылып, биіктерден көрінемін!

Урок Сенім-менің серігім .

I.Жаттығу. Бой жазу:

Уақыты: ( 5-мин. )

Ал қазір сәл бой жазып алайық, ол " қорқыныштан арылу» деп аталады. Бұл бой жазумыздың мақсаты,қорқынышты, мазалануды алу, күйзеліс жағдайына дайындалу болып табылады.

Ынғайланып отырыңыз, еркін дем алыңыз, көздеріңізді жұмыңыздар және көз алдарыңа елестетіңдер, сіздер жасыл алаңда,ашық күннің астында дем алып отырсыңдар... Аспанда күн шуағын шашып тұр және осы нұрдың шашуының бөлігі сізге тиісті ... Оның шуақтары сіздің басыңызды жұмсақ және еркелетіп қыздырады, денеңізге кіреді, ол өн бойыңызға төгіледі, осының бәрі сіздің қорқыныш пен топшылама, барлық жағымсыз ойларыңызбен сезіміңіз, сіздің ренішіңіз және мазасыздануыңыздың бәрі ериді, оның бәрі тазартылған жарықпен толтырылады.

Барлық таза емес бөліктеріңіз қараңғы түнге айналып, оны жұмсақ жел тез қуады, ол сіздің денеңізді тастап кетеді. Сіз қорқыныштан арылдыңыз, сіз тазардыңыз, сізге жарық түсті және сіз көңілдісіз.

Талдау:

Қалай тренинг ұнадыма?

Қандай әсер алдыныз?

Әр қайсысы өз ойын білдіреді.


Урок Сенім-менің серігім .



ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары және де оқушыларға психолог кеңесі

Күн тәртібі мен жұмыс орнын қалай ұйымдастырамыз?

- Жұмыс орны өте ыңғайлы және тыныш болуы керек.

- Тестке дайындалатын үстел үстінде сары немесе күлгін түсті парақтар немесе мата қиындысы болғаны дұрыс, өйткені ол интеллектілік белсенділікті арттырады.

Күн тәртібі:

* күнді үш бөлікке бөл;

* Тестке күніне 8-сағат дайындық;

* Спортпен айналысуға таза ауада серуендеуге үй шаруасымен айналысуға 8-сағат;

* 8-сағаттан кем ұйықтама;

* 2-сағат тестке дайындалып, 30-40 минут мидағы жүйкелік қатаюдан арылып, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен (гимнастикалық жаттығулар т.б.) кезектестіру керек.

Тамақтану:
Күніне 3-4 рет витаминге толы тағамдармен тамақтану керек. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балықты, етті, көкөністі, жеміс-жидекті, шокаладты қолдау керек. Бұл тағамдар адам миындағы интеллект деңгейін арттырады.

1. Қаймықпаңыз. Өмірде адамдарда одан да қиын жағдай туып жатады.
2. Есіңізде болсын. Әр уақытта проблеманың шешімі болады. Тек сабырлы болыңыз.
3. Бұл уақытта туыстарыңыздан немесе достарыңыздан көмек сұраңыз,олардың ортасында болып көңіл көтеріңіз.
4. Сіздің көңіл-күйіңіз әрине жоқ болады. Сондықтан өзіңіздің өміріңізде болған қызықты сәттерді еске түсіріңіз. Бақытты күндер әлі алда екенін ұмытпаңыз.
5. Жалғыз қалмауға тырысыңыз. Бір бөлмеде «Мен бұл жағдайдан шыға алмаймын, шеше алмаймын» немесе «Енді не істеймін?» деп өзіңізді жеп отырғанымен түк шықпайтынын түсініңіз.
6. Проблемасыз адам болмайды. Сондықтан өміріміздің қиындыққа төзімділік танытып,болашаққа жарқын қадам басып отырыңыз!

7.Арайлап атқан әр таңыңыз қуаныш пен шаттыққа толы болсын!

Урок Сенім-менің серігім .

II. Жаттығу « Шынын айтсам...»

Мақсаты: Топ ішінде сенімдікті орнату, қатысушылардың қорқыныштары мен стресстерінен арылу, ашық болуға шақыру

Уақыты: 15 минут

Құрал- жабдықтар: аяқталмаған сөйлемдері бар қарточкалар.

Барысы: Алдыларыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр.

Енді сіздер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларды алысыздар. Сіздің мақсатыңыз - ойланбай карточкадағы сөйлемді аяқтау.

Барынша ашық әрі шынайы сөйлеуге тырысыңыз. Егерде топтың басқа мүшелері сіздің шынайы айтқаныңызға күмәндәнса, сіз тағы бір карточка алуға мәжбүр боласыз.

Карточкалардың сөйлемдері шамамен мынадай болуы тиіс:

Шынын айтсам, алдымызда келе жатқан тест туралы ойлансам...

Шынын айтсам, тестке дайындалғанымда мен...

Шынын айтсам, алда келер тесттік қобалжуларды ұмытсам мен...

Шынын айтсам, үйге келгеннімде мен..

Шынын айтсам, алда келер тесттен ата-аналарымның қобалжуларын ойласам..

Шынын айтсам, дайындықтардан артылған уақытым болса..

Шынын айтсам, көшеде қыдырсам немесе ойын-сауыққа барсам..

Шынын айтсам, мен қобалжығанда мен..

Шынын айтсам, ойларымды жинақтай алмаған кездерімде..

Шынын айтсам, кез- келген тест жайлы естісем..

Шынын айтсам, дайындықтарға келгенімде..

Шынын айтсам, тренингке қатысқанымда..

Сараптама:

Сөйлемдерді аяқтау қиындыққа соқты ма?

Топ мүшелері жайлы жаңа мағлұматтар алдыңыздар ма?

Өмірлеріңізде қазіргі таңда ең басты мақсаттарыңыз қандай?

Урок Сенім-менің серігім .

6 «Мамандықты тап» (ойын)

Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар

сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалғандыра мамандықты табу

керек.

Дәрігер

парикмахер

музыкант

Кітапханашы

Банк қызметкері

Сатушы

Мұғалім

Бухгалтер

Слесарь

Сварщик

Урок Сенім-менің серігім .

Ақ тілек-асыл жүректен

Бір-бірімізге күннің

нұры астында, ҰБТ-ға

"Сеніммен" баруға

тілек тілейік

Психолог. Құрметті мектеп түлектері алдарыңда үлкен сын, намысты дода сол сынға әрқашан сеніммен барыңдар. Бақытты ғұмыр болмайды, ол бақытты секунд, бақытты минут, бақытты сәттерден тұрады, біз сол бақытты сәтті сезіне білу арқылы бақытты боламыз. бір-бірінің қолдарыңды ұстап жоғары көтеріңдер, бір келкі хор дауыспен «Біз ҰБТ-ға сеніммен барамыз!» деп айқайлаңдар.






Шынын айтсам, алдымызда келе жатқан тест туралы ойлансам...

Шынын айтсам, тестке дайындалғанымда мен...

Шынын айтсам, алда келер тесттік қобалжуларды ұмытсам мен...

Шынын айтсам, үйге келгеннімде мен..

Шынын айтсам, алда келер тесттен ата-аналарымның қобалжуларын ойласам..

Шынын айтсам, дайындықтардан артылған уақытым болса..

Шынын айтсам, көшеде қыдырсам немесе ойын-сауыққа барсам..

Шынын айтсам, мен қобалжығанда мен..

Шынын айтсам, ойларымды жинақтай алмаған кездерімде..

Шынын айтсам, кез- келген тест жайлы естісем..

Шынын айтсам, дайындықтарға келгенімде..

Шынын айтсам, тренингке қатысқанымда..



Хирург

Фабрика басшысы

Хатшы

Кітапханашы

Банк қызметкері

Сатушы

Мұғалім

Бухгалтер

Слесарь

Сварщик




© 2010-2022