Балабақша. Тақырыбы: «Нан қайдан пайда болады?» (ортаңғы топ)

Қызылорда қаласы Қараөзек ауылы №39 «Қызылөзек» орта мектебінің «Ақерке» шағын орталығы тәрбиешісі Сайдова Наргиз Мейрамовна         Күні: 10.10.2014. Білім саласы: «Әлеуметтік орта» Ашық оқу іс -  әрекеті: «Экология негіздері» Тақырыбы: «Нан қайдан пайда болады?» Мақсаты:    Балаларды нанның  біздің дастарханымызға қалай                       келетіні     жайлы түсінік беру.                       Дәнді егуден бастап,нан болғанға дейінгі еңбек                       түрлерімен таныстыру.Адам...
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚБалабақша. Тақырыбы: «Нан қайдан пайда болады?» (ортаңғы топ)ызылорда қаласы

Қараөзек ауылы

№39 «Қызылөзек» орта мектебінің

«Ақерке» шағын орталығы

тәрбиешісі Сайдова Наргиз Мейрамовна


Күні: 10.10.2014.

Білім саласы: «Әлеуметтік орта»

Ашық оқу іс - әрекеті: «Экология негіздері»

Тақырыбы: «Нан қайдан пайда болады?»

Мақсаты: Балаларды нанның біздің дастарханымызға қалай

келетіні жайлы түсінік беру.

Дәнді егуден бастап,нан болғанға дейінгі еңбек

түрлерімен таныстыру.Адам еңбегін құрметтеуді,

нанды қадірлеуді үйрету.

Көрнекілігі: Суреттер, нан түрлері.

Билингвизм: Нан -хлеб, бәліш- пирошки, бөлішке - булочка.

Мотивациялық қозғалыс.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

Іздену ұйымдастырушысы.

  • Балалар жылдың неше мезгілі бар? (4мезгіл)

  • Қазір қай мезгіл? (Күз)

  • Күзде неше ай бар? (3 ай)

  • Күзде ауа райы қандай болады? (салқын)

  • Балалар мен жұмбақ жасырамын , қане кім жауабын айтар екен,

Аспай піскен

Қайнамай түскен (жеміс)

  • Жемістер қашан піседі?

  • Күзде

Асты тас , үсті тас,

Ортасында піскен ас (нан)

  • Балалар , біз күнде ақ нан , қара нан немесе тәтті бөлкелер, печеньелер, торттар жейміз. Бұлар неден жасалатынын білесіңдер ме?

  • Ұннан

  • Ал ұнды неден алады?

  • Ұнды мына ыдыстағы дәндерден алады.

  • Барлығың мұқият қараңдар, Барлық дәндер бірдей ме? Мына дөңгелек дәндер - бидай, ал сопақ дәндер арпа.Бидай мен арпа дәнді -дақылдар. Бидайдан - ақ нан, арпадан - қара нан дайындалады.Олар егістікте өседі.лдымен егіс даласын, жерді трактормен жыртады.Әбден жұмсартылған жерге тұқым себеді.Оны су құйып баптайды. Егінге жаңбырдың да пайдасы көп.Күн көзі мен су мол болса , егін бітік шығады.Күзде егін піскенде оны комбайынмен жинайды.Ол сабақтарды орап , одан дәндерді бөлек шығарады. Бұл дәндер ұзын арнаулы жендерден жүк машиналарына құйылады. Сосын дәндерді элеваторға апарады. Онда оларды кептіріп, бір бөлігін тұқымдыққа қалдырса, бір бөлігін диірменге тартады.

  • Енді ұнды қайда апарады деп ойлайсыңдар?

  • Наубайханаға.

  • Наубайханада наубайшы көп нандар. Тоқаштар, печеньелер пісіреді.

Есік соғылады.

  • Балалар , есік соғып тұрған кім екен көрейікші.

  • Наубайшы келеді. Балаларға нан пісіру жолын көрсетеді.

  • Сөйтіп піскен нан дүкенге келеді.Біз дүкеннен нан сатып аламыз.

Сергіту сәті

Көлбең, көлбең, көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем.

Тасып піскен бидайды.

Айтшы қалай жинайды?

Комбайынмен бидайды,

Былай, былай жинайды.

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны қалай қорғайды?

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны былай қорғайды.

Кіш, кіш, кіш...

Қорғап қалған бидайды,

Қамбаға әкеп жинайды.

  • Балалар , сонымен суреттен нені көріп отырмыз? (Сурет бойынша балалар жауабы)

  • Балалар, мына ашық хаттың ішінде бидай масағы бар, соны тақтадағы масаққа қарай отырып құрастырамыз.

  • Енді «Дүкенші» ойынын ойнап көрейік.

Ойын ережесімен таныстырамын.

  • Балалар мен сендерге «Бауырсақ» өлеңін оқып берейін.

Дастарханда шашылып,

Жатты қызыл бауырсақ

Бауырсаққа қызығып

Қарап тұрып көзін сап:

  • Қайдан келдің, бауырсақ? -деп сұрады Қуыршақ.

  • Дүкеннен келдім нан сатқан.

  • Дүкеннен келдің қай жақтан?

  • Наубайдан келдім ұн жапқан.

  • Наубайға келдің қай жақтан?

  • Диірменнен келдім ұн жапқан.

  • Диірменге келдің қай жақтан?

  • Даладан келдім кең жатқан,

Жер анам менің көсілген.

Диқандар мені өсірген.

Рефлексивті түзету

  • Сонымен, бауырсақ қай жақтан келді екен?

Балалар жауабы:

  • Нан біздің дастарханымызға келгенше кімдер еңбек етеді?

«Ас атасы нан, нан атасы -дән» - деген екен дана халқымыз.Сол дәннен бастап нан болғанға дйін қаншама адам маңдай терін төгеді.Ендеше, сол зор еңбекпен келген нанды қастерлеуіміз керек.Нанда аяқ асты етпей, ысырап қылмауымыз керек. Алдыңызға келген нанды таусып жеп, оның қоқысқа кетуіне жол бермеуіміз керек. Осымен ашық оқу іс -әрекетіміз аяқталды.



© 2010-2022