Уақытты қалай үнемдеуге болады? ҰБТ-ға баратын оқушыларға кеңестер

Раздел Школьному психологу
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Уақытты қалай үнемдеуге болады? ҰБТ-ға баратын оқушыларға кеңестер.Уақытты қалай үнемдеуге болады? ҰБТ-ға баратын оқушыларға кеңестер.А.Ермеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебі Уақытты қалай үнемдеуге болады? ҰБТ-ға баратын оқушыларға кеңестер.


















/ҰБТ-ға баратын оқушыларға кеңестер/









Дайындаған: Дюсембаева Ж.Б.








Ақадыр кенті - 2015ж

Уақытты қалай үнемдеуге болады? ҰБТ-ға баратын оқушыларға кеңестер.

ҰБТ-ге дайындық бойынша тренигтердің бағдарламасыУақытты қалай үнемдеуге болады? ҰБТ-ға баратын оқушыларға кеңестер.

Тренингтің мақсаты: Түлектердің жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру, сонымен қатар болашақта уақытын тиімді ұйымдастыра алуына кеңестер беру.

Барысы: 1. «Автопортрет» жаттығуы

2. «Бірақ» жаттығуы

3.«Өз уақытыңды үнемде!» тренингі.

  • «Мәселелер шеңбері» жаттығу

  • «Тайм-менеджмент» жаттығуы

  • «ҰБТде уақытты қалай үнемдеу қажет» жаттығуы

4. Рефлексия « Гүл» жаттығуы.


  1. «Автопортрет» жаттығуы.

Оқушыларға А4 парақ таратылып, қазіргі уақыттағы өз көңіл - күйлерінің автопортретінің суретін салу ұсынылады.

Талқылау: өздеріңнің суретін салу қиындық тудырды ма? Сезімдерің қандай?

  1. «Бірақ» жаттығуы

Мақсаты: тренингке бір қалыпты қарқын енгізу, өз ойынды аяқ астынан айтып салу.

Шеңбер бойымен сөйлемдерді жалғастыру:

Мен шаршадым, бірақ..........

Мен кішкентай бойлымын, бірақ.............

Мен кейде ұстамсызбын, бірақ................

Мен ұялшақпын, бірақ.............

Мен жалқаумын, бірақ............

Мен ашушаңмын, бірақ.........

Мен сөзге жоқпын, бірақ...........

Мен тым көнгішпін, бірақ..........

Мен бауырсақ пісіре алмаймын, бірақ...

Мен оқушымын, бірақ.....

Менің үйде телефоным жоқ, бірақ.....

Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ....

Менің математикадан үлгерім жақсы, бірақ....

Мен классикалық музыканы тыңдауды ұнатпаймын, бірақ....

Мен үнемі тым қиялдап кетемін, бірақ....

Мен әнді жақсы айта аламын, бірақ....

Мен кейде тым көп ұрсамын, бірақ...

Мен аздап жеңіл ойлаймын, бірақ....

Мені тез күлдіруге болады, бірақ....

Мен қырсығып қаламын, бірақ....

Талдау: осы тапсырманы орындау сендерге ұнады ма? Өз ойыңызды бірден айтып салуда сізге не қиын келтірді? Қандай әсер алдыңыздар?

  1. «Өз уақытыңды үнемде»

Тестен жақсы, сәтті өтуіміз, біздің қаншалықты уақытты үнемдей аламыз және өзіміздің энергиямызды, күшімізді жоғалтпауымызға байланысты екен.

Ең басты міндет - өз уақытыңды дұрыс ұйымдастыру, тесттің сұрақтарымен жұмыс болып табылады. Уақытты кері қайтарып ала алмаймыз. Оны жинап, көбейтіп немесе беруге болмайды. Ол қайтымсыз өтеді. Егерде тесттің тапсырмаларын орындай алмай жатсақ, өкінішке орай уақыттың жетіспеуі деп итермелейміз. Негізінде бұл өзіндік менеджменттің төмен деңгейі болып табылады. Бұл дегеніміз - өз уақытымызды үнемдеу үшін тиімді әдістерді мақсатқа бағыттап орындамаймыз деген сөз. Бұл жерде әртүрлі авторлардың уақыт туралы айтқан сөздеріне көңіл бөлуге болады: Аллан Лэкейн: «Өз уакытын жіберуге мүмкіндік берген адам, өз өмірін қолынан жібереді; өз уақытын қолында ұстаған адам, өз өмірін қолында ұстап тұр»; Питер Друкер: «Уакыт-ең шектеулі капитал, және егер де онымен басқара алмасан, онда ештенені де басқара алмайсын».

Сонымен, ҰБТ-ның сәтті өтуі тек қана білімнің, өзіңді ұстай алуыңмен ғана емес, сонымен қатар ең құнды - уақытқа байланысты деп нақты айта аламыз.Уақытты қалай үнемдеуге болады? ҰБТ-ға баратын оқушыларға кеңестер.

Сондықтанда біз бүгін ҰБТ-да өзіңнің жұмыс уақытын дұрыс ұйымдастыру жөнінде әңгімелесеміз.

  • «Мәселелер шеңбері» жаттығу

Мақсаты: уақыттың жетіспеу себебін анықтау;

Нәтижесі: мәселені шешу үшін ең алдымен уақыттың жетіспеу себебін анықтау қажет:

Үнемі асығыс. Асыққан кезде қазіргі уақытта орындап жатқан тапсырмаға зейін қоюға үлгермейміз. Яғни, ең алғаш ойға келген тәсілден гөрі басқа шешу тиімді жолдарын ойламаймыз.

Жұмыстың қабаттасуы. Осында біз әртүрлі ұсақ және маңызды емес тапсырмаларды орындай бастаймыз. Маңыздылығына қарай нақты жұмыс таратылмайды.

Орындалған тапсырмаларды орынсыз тексеру. Басқа тапсырмаларды орындауға уақыт үнемделмейді.

Шамадан тыс шаршау. Күнделікті асығыс жағдайында ұзақ жұмыстың нәтижесі.

Бұл ҰБТ-да нашар ұйымдастырушылықтың нәтижесі, кейде сонымен қатар адамның ерекшелігімен және импульсивтілігімен байланысты.

Жоспарсыз жұмыс. Бір пәннің сұрағынан басқа пәнге ауысасын.

Жұмыстың әлсіз мотивациясы. Жоғары балл алуға ұмтылысы жоқ.

Жаттығу барысында қандай да бір мәселеге оралу қажет.

Талқылау: Берілген жаттығу уакыттың жетіспеуінің қандай себебіне бізге қажет? Несімен ол көмектеседі?


  • «Тайм-менеджмент» жаттығуы

Тайм-менеджмент дегеніміз - уақытты билеу болып табылады. Яғни уақыт бізді емес, біз уақытты билеуіміз қажет. Сондықтанда өз жұмысыңды нәтижелі жоспарлау үшін, уақытты тиімді пайдалануымыз қажет. Ол үшін оқушылар параққа сағаттың суретін салып, таңертең тұрғаннан ұйықтауға дейінгі күн тәртібін жазады.

Талқылау: кімнің уақыты неге жұмсалады? Көбінде қайда жұмсалады? Уақытты тиімді қолданамыз ба?

Оқушылар әрқайсысы өзіндік талдау жасайды.


  • «ҰБТ-де уақытты қалай үнемдеу қажет» жаттығуы

Мақсаты: қатысушыларға ҰБТ -да уақытты бөлуге және ойлануға мүмкіндік беру.

Әрқайсысы параққа тапсырманы орындауға уақытты бөлуге тырысып көреді.

Оқу және талқылау....

Рефлексия. Уақытты дұрыс бөлу:

30% бірден орындай алатын тапсырмаларға уақытты бөлеміз;

60% уақыт ойлануды қажет етеін тапсырмаларға;

30% интуициямызға байланысты шешетін уақыт;
Талқылау: Шешім қабылдау.Уақытты қалай үнемдеуге болады? ҰБТ-ға баратын оқушыларға кеңестер.

Шешім қабылдау - яғни бұл ең бастысын құру. Бұл алғашқы пәндерді таңдауды ұқсынады.

Тапсырманың маңыздылығына қарай бөлу: күшінді ең бірінші, екінші, соңында атқаратын тапсырмаларға бөлу. Егерде осындай қарапайым ережелерді ұстансақ келесідегідей жетістіктерге жетуге болады:

Бекітілген мерзімді бақылау

Жұмыс күнінен және жұмыстың нәтижесінен үлкен қанағат алу

Стресстік жағдайлардан және шаршаудан қашу.

  1. Рефлексия « Гүл» жаттығуы

Қатысушылардың барлығы ақ параққа гүлді (күнді) салады. Ортасына өзінің есімін жазады. Әр жапыраққа (сәулесіне) сабақтан алған әсерін жазады/салады. Сұрақтарға жауап беру: Кездесуге қатысудан не өздеріңе алдыңдар? Кездесулер саған көмектесті ме? Жаттығу барысында не сездің? Кез келеген сезімдеріңмен әсерлерің. Суретті салып болғаннан кейін, әр қатысушы өзінің гүлімен таныстырады, неге нақты дәл сондай жазды екені түсіндіріп, тақтаға іледі.

Мектеп психологы: Дюсембаева Ж.Б.

© 2010-2022