Мінез-адам айнасы

Тақырыба: Мінез-адам айнасы. Мақсаты:  Жанжал жағдайларында мінез-құлықтың сындарлы амалдарын дамыту, сенімділік тәжірибесін толықтыру. Оқушыларға әр түрлі жағдайларда өздерін қалай ұстау керек екендігін үйрету Түрі: тренинг Керекті құрал-жабдықтар: Ұйымдастыру кезеңі:          Оқушылармен сәлемдесу.          Көңіл-күйлерін сұрау. Барысы: -         Барлық оқушыларды дөңгелетіп тұрғызамыз, бүгінгі біздің тренингміздің тақырыбы: «Мінез-адам айнасы» деп аталады. Оқушыларға қағаз таратылады, бүгінгі тренингтен не күтесіңдер? Оқушылар қағазға жазып, тақтаға жапсырады. -         Тренинг ережесімен тасынтырамыз. -         Таныстырған ережелерді тақтаға ілеміз. Тренинг ережесі: Ø Бір-бірін тыңдау Ø Уақыт үнемдеу Ø Белсенділік таныту Ø Достық қарым-қатынас Ø Жағымды эмоция тудыру Жоспары: v «Танысу» v «Ақ лента» v «БИП» v «Детектив» v «Жұмсақ ойыншық сыры» v «Мейірімді жүрек»   1 жаттығу: «Танысу»          «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей, алдымен бір-бірімізбен сәлемдесіп алайық. Енді сәлемдесіп болсақ, дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетейік.          І нұсқа          Бір-біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу          ІІ нұсқа          Оң жақ  және сол жақ тізелерін тигізу арқылы сәлемдесу          ІІІ нұсқа          Оң жақ және сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.          ІV нұсқа          Маңдайларын бір-біріне тигізіп сәлемдеседі.          Сәлемдесу рәсімі аяқталғаннан кейін қойылатын сұрақтар: 1)    Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыз? 2)    Сізге қандай әдіс түрі ұнады? 3)    Осы әдістердің қайсысын пайдаланып көрдіңіз? 2 жаттығу: «Ақ лента»          Мақсаты: Өмірлік мақсатын анықтай алу қабілетін дамытып, болашаққа өз-өзін баулуға үйрету, жағымсыз мінезден арылуға көмектесу.          Плакатқа МЕН деген жазу ілінеді, балалардың алдына ақ лента салынады.          Балаларға егер болашағыңыз үшін жауапкершілікті сезінсеңіз, өміріңіздің жақсы болғанын қаласаңыз мына лентадан аттаңыз, аттар алдында қандай жаман мінезіңізден құтылғығыз келетінін стикерге жазып, плакаттағы МЕН әріптеріне жапсыру сұралады.          Бәрі өздерінің бойларындағы жағымсыз мінездері жазылған стикерді МЕН әріптеріне жапсырып ақ лентаны аттайды. Болған соң плакаттағы әріптер өртеледі. 3 жаттығу «БИП»          Қатысушылар бір-біріне өте жақын аралықта шеңбер құрып отырады. Бір қатысушының көзін байлап ортаға жібереді. Ол 2-3 рет айналып, шеңбердегі бір қатысушының аяғына отыруы тиіс. Аяқтың иесі «БИП» деген дауыс шығарады. Ал көзі жұмулы қатысушы дауыс кімдікі екенін табуы тиіс. Дұрыс тапқан жағдайда екеуі орындарын ауыстырады, ал дұрыс таппаса, ойын ары қарай жалғасады. Жаттығуды ойынға қатысушылардың қызығушылығы бәсеңдегенше жүргізуге болады.          Талдау: -         Дауыс иесін табу оңай болды ма? Неліктен? -         Қатысушылардың аяқтарынан кім екенін сезінуге бола ма? 4 жаттығу «Детектив»          Қатысушылардың темпераментін, мінез-құлқын, байқағыштығын, зейінділігін бақылау. Лидерді анықтау.          Шарты: Қатысушылар 20-22 адам дөңгелене орындыққа отырады, бір отырғыш бос болады. Жүргізуші әр қатысушыға әңгімеде кездесетін сөздерден «ат» береді: ал олар әңгімені тыңдап отырып өз «аты» кездескен кезде ұшып тұрып тез бос орынға барып отыруы керек. Жүргізуші әңгімені жайлап бастап шыңына жетуіне орай дауысын қатайтып, әсерлі де тезірек, шапшаңдата айтады. Сол кезде қатысушылар орынға қарай барлық сақтықты, ұялшақтықты ұмытып, шынайы мінезін көрсетіп жүгіретін болады. Сол кезде адамны... Мысалы: 5 жаттығу «Жұмсақ ойыншық сыры»          Ойынның шарты: Әр түрлі жұмсақ ойыншықтар қойылады. Балалар өздеріне ұнаған ойыншықты кезекпен таңдап алады. Шеңбер құрып отырып қолдарындағы ойыншық атауына байласыты бір оқушы ертегі бастайды. Психолог белгі бергенде екінші бала жалғастырып кетуі керек. Соңында балалардың өз ойларынан құралған керемет, қызықты ертегі пайда болады.
Раздел Школьному психологу
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мінез-адам айнасыБ.Аманшин атындағы орта мектеп













(Психологиялық тренинг)












Өткізген: Игалиева А.А.

Тақырыба: Мінез-адам айнасы.

Мақсаты: Жанжал жағдайларында мінез-құлықтың сындарлы амалдарын

дамыту, сенімділік тәжірибесін толықтыру. Оқушыларға әр түрлі жағдайларда өздерін қалай ұстау керек екендігін үйрету

Түрі: тренинг

Керекті құрал-жабдықтар:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу.

Көңіл-күйлерін сұрау.

Барысы:

  • Барлық оқушыларды дөңгелетіп тұрғызамыз, бүгінгі біздің тренингміздің тақырыбы: «Мінез-адам айнасы» деп аталады. Оқушыларға қағаз таратылады, бүгінгі тренингтен не күтесіңдер? Оқушылар қағазға жазып, тақтаға жапсырады.

  • Тренинг ережесімен тасынтырамыз.

  • Таныстырған ережелерді тақтаға ілеміз.

Тренинг ережесі:

  • Бір-бірін тыңдау

  • Уақыт үнемдеу

  • Белсенділік таныту

  • Достық қарым-қатынас

  • Жағымды эмоция тудыру

Жоспары:

  • «Танысу»

  • «Ақ лента»

  • «БИП»

  • «Детектив»

  • «Жұмсақ ойыншық сыры»

  • «Мейірімді жүрек»

1 жаттығу: «Танысу»

«Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей, алдымен бір-бірімізбен сәлемдесіп алайық. Енді сәлемдесіп болсақ, дәстүрден тыс амандасудың түрлерін көрсетейік.

І нұсқа

Бір-біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу

ІІ нұсқа

Оң жақ және сол жақ тізелерін тигізу арқылы сәлемдесу

ІІІ нұсқа

Оң жақ және сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.

ІV нұсқа

Маңдайларын бір-біріне тигізіп сәлемдеседі.

Сәлемдесу рәсімі аяқталғаннан кейін қойылатын сұрақтар:

  1. Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыз?

  2. Сізге қандай әдіс түрі ұнады?

  3. Осы әдістердің қайсысын пайдаланып көрдіңіз?

2 жаттығу: «Ақ лента»

Мақсаты: Өмірлік мақсатын анықтай алу қабілетін дамытып, болашаққа өз-өзін баулуға үйрету, жағымсыз мінезден арылуға көмектесу.

Плакатқа МЕН деген жазу ілінеді, балалардың алдына ақ лента салынады.

Балаларға егер болашағыңыз үшін жауапкершілікті сезінсеңіз, өміріңіздің жақсы болғанын қаласаңыз мына лентадан аттаңыз, аттар алдында қандай жаман мінезіңізден құтылғығыз келетінін стикерге жазып, плакаттағы МЕН әріптеріне жапсыру сұралады.

Бәрі өздерінің бойларындағы жағымсыз мінездері жазылған стикерді МЕН әріптеріне жапсырып ақ лентаны аттайды. Болған соң плакаттағы әріптер өртеледі.

3 жаттығу «БИП»

Қатысушылар бір-біріне өте жақын аралықта шеңбер құрып отырады. Бір қатысушының көзін байлап ортаға жібереді. Ол 2-3 рет айналып, шеңбердегі бір қатысушының аяғына отыруы тиіс. Аяқтың иесі «БИП» деген дауыс шығарады. Ал көзі жұмулы қатысушы дауыс кімдікі екенін табуы тиіс. Дұрыс тапқан жағдайда екеуі орындарын ауыстырады, ал дұрыс таппаса, ойын ары қарай жалғасады. Жаттығуды ойынға қатысушылардың қызығушылығы бәсеңдегенше жүргізуге болады.

Талдау:

  • Дауыс иесін табу оңай болды ма? Неліктен?

  • Қатысушылардың аяқтарынан кім екенін сезінуге бола ма?

4 жаттығу «Детектив»

Қатысушылардың темпераментін, мінез-құлқын, байқағыштығын, зейінділігін бақылау. Лидерді анықтау.

Шарты: Қатысушылар 20-22 адам дөңгелене орындыққа отырады, бір отырғыш бос болады. Жүргізуші әр қатысушыға әңгімеде кездесетін сөздерден «ат» береді: ал олар әңгімені тыңдап отырып өз «аты» кездескен кезде ұшып тұрып тез бос орынға барып отыруы керек. Жүргізуші әңгімені жайлап бастап шыңына жетуіне орай дауысын қатайтып, әсерлі де тезірек, шапшаңдата айтады. Сол кезде қатысушылар орынға қарай барлық сақтықты, ұялшақтықты ұмытып, шынайы мінезін көрсетіп жүгіретін болады. Сол кезде адамның негізгі темпераменті, мінезі айқындалады, пысықтары жайбасарды ысырып жіберіп отырып алады.

Мысалы:

5 жаттығу «Жұмсақ ойыншық сыры»

Ойынның шарты: Әр түрлі жұмсақ ойыншықтар қойылады. Балалар өздеріне ұнаған ойыншықты кезекпен таңдап алады. Шеңбер құрып отырып қолдарындағы ойыншық атауына байласыты бір оқушы ертегі бастайды. Психолог белгі бергенде екінші бала жалғастырып кетуі керек. Соңында балалардың өз ойларынан құралған керемет, қызықты ертегі пайда болады.

Талдау:

1. Ал, балалар сендерге ойыншықтар ұнады ма?

2. ертегі ойлап шығару қиын болды ма?

3. Жан-жануарлардың бір-бірімен тату болғанын қалайсыңдар ма?

6 жаттығу «Мейірімді жүрек»


© 2010-2022